Еңбекші селолық округіндегі «Қаламқас» ауылының аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбекші селолық округіндегі «Қаламқас» ауылының аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасы басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының 2007 жылғы 18 мамырдағы № 4 ұсынысы негізінді аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2007 жылғы 18 мамырдағы №79 сараптамасы бойынша Еңбекші селолық округінің «Қаламқас» елді мекенінде өлген мүйізді ірі қара (бұзау) құтыру ауруына оң реакция беруіне байланысты «Қаламқас» елді мекеніне шектеу іс-шаралары жариялансын.
Тармақ 2
2. Еңбекші селолық округінің «Қаламқас» елді мекеніне шектеу іс-шаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Еңбекші селолық округ әкімі Ғ.Каринаға,Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиевқа (келісім бойынша),аудан емханасының бас дәрігері А.Жангуловқа (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ө.Сарбасовқа (келісім бойынша) іс-шарадағы көрсетілген шараларды орындауға қамтамасыз етуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалысын апта сайын аудандық ауыл шаруашылық бөліміне тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Әділет басқармасының мемлекеттік тіркеуден өткен соң,алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары, әкімият мүшесі Қ.Садыховқа жүктелсін Келісілді: Жанкулов А. Аудандық емханасының бас дәрігері; Сарбасов Ө. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы; Сәлімғалиев С. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Атырау Облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
Басқа 7
Еңбекші селолық округі бойынша жұқпалы ауруының тарап кетуін болдырмау іс-шараларды Рет саны Атқарылатын шаралардың мазмұны Орындау мерзімі Орындалуына жауапты адамдар 1 Құтыру ауруы белгісі білінген малдарды, хайуандарды өртеп көмдіру. орнын залалсыздандыру. тексеру үшін зертханаға материалдарды жіберуді ұйымдастыру тұрақты Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиев 2 Ауырған малмен қатынасы бар адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру тұрақты Аудандық емхананың бас дәрігері А.Жанкулов 3 Елді мекендердегі жеке қожалықтардың малдарын, ит, мысықтарын құтыру ауруына қарсы егістен өткізуді ұйысдастыру. тұрақты Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиев 4 Бірлескен түрде, ауру ошағынан мал және мал өнімдерін шығаруға қатаң тыйым салу тұрақты Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиев, аудандық ішкі істер бөлімі Ө.Сарбасов,округ әкімі Ғ.Карина