О мерах по упорядочению реализации конфискованных подакцизных товаров, не маркированных акцизными марками Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының акциз маркаларымен таңбаланған акциздеуге жататын тәркiленген тауарларды сатуды ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасының аумағында отандық және импорттық өндiрiстiң алкоголь және темекi өнiмдерiн мiндеттi таңбалаудың енгiзiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. ТМД елдерiнен әкелiнетiн алкоголь және темекi өнiмдерiн арнайы акциз алымы маркаларымен мiндеттi таңбалау енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясына отандық және импорттық өндiрiстiң таңбаланбаған, акциздеуге жататын тәркiленген өнiмдi таңбалау мен сатуды жүзеге асыратын кәсiпорынды белгiлеп, оны акциз алымы маркаларымен қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Өнiмдердi сату мен бюджетпен есеп айырысу тәртiбi Тәркiленген, иесi жоқ мүлiктi, мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өткен мүлiктi, қазынаны, олжаларды, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау мен сату тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1995 жылғы 17 ақпандағы N 29 Нұсқаулығына сәйкес жүргiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Тәркiленген, таңбаланған, акциздеуге жататын өнiмдi сатудан түскен қаражат 40 процент мөлшерiнде республикалық бюджеттiң кiрiсiне, 30 процент мөлшерiнде жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне және 30 процент мөлшерiнде салық қызметi органдарын әлеуметтiк дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорының есебiне аударуға жатады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы тiркелген алкоголь және темекi өнiмдерiн таңбалау мен сату жөнiнде жүргiзiлетiн жұмыс туралы есептiлiктi әзiрлеп, бекiтсiн.
Тармақ 6
6. Сатылатын өнiмнiң бағасы ұқсас өнiмдердiң орташа нарықтық бағасына сәйкес болуы тиiс.
Тармақ 7
7. Сатылған өнiм үшiн есеп айырысу сатылған күннен 10 күннен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс. Бюджетке аударуға жататын белгiленген мерзiмде төленбеген сомаларды салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген санкцияларды қолдана отырып қайтарып алады.
Тармақ 8
8. "Отандық алкоголь өнiмiн шығарушылар үшiн акциз алымы маркаларын жапсыруға арналған аппараттар сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1095 қаулысының 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.