Меңдіқара ауданы елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер телімдеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану Ережесі және Қазақстан Республикасының Мекен-жай тіркеліміндегі адрестер құрылымы мен тіркеу тәртібі туралы Ережесі туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Меңдіқара ауданы елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер телімдеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану Ережесі және Қазақстан Республикасының Мекен-жай тіркеліміндегі адрестер құрылымы мен тіркеу тәртібі туралы Ережесі туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес , Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ: Меңдіқара ауданы елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер телімдеріне. ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану Ережесі (1-қосымша) мен Қазақстан Республикасының Мекен-жай тіркеліміндегі адрестер құрылымы мен тіркеу тәртібі туралы Ережесі (2-қосымша) бекітілсін:
Басқа 1. Меңдіқара ауданы елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер телімдеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану Ережесі
Мәслихаттың 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 259 шешіміне 1-қосымша Меңдіқара ауданы елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер телімдеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану Ережесі Осы Меңдіқара ауданы елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер телімдеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Меңдіқара ауданы елді мекендерінің Бас жоспарларына, басқа да Меңдіқара ауданы елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту, жер телімдеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштер орнату және пайдалану талаптарын анықтаулы бірыңғай тәртіпке келтіру мақсатындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген.
Тарау 1. 1-тарау. Негізгі ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
Бөлім 1. 1 бөлім. Ережеде пайдаланылатын түсініктер
1 бөлім. Ережеде пайдаланылатын түсініктер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады: мекен-жай - елді мекеннің белгіленген шекарасы шегінде объектінің жер телімнің, ғимараттың, орын-жайдың орналасу орнының (орналасқан жері) жинақталған деректемелерінің белгіленген құрылымдық сипаттамасы; қосып салынған объектілер - ғимараттар мен орын-жайларда ғимараттың (орын-жайдың) қасбетін кайта жаңартпай және жеке кіру жасамай ұйымдастырылған объектілер, ғимараттың (орын-жайдың) қайта құрылған бөлігінің функционалдық маңызы өзгеруі мүмкін; ғимарат - функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік үрдістерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды және т.б. орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын көтергіш және қоршау құрылымдарынан тұратын, міндетті түрде жерге орныққан тұйықталған көлемді құрайтын, жасанды құрылыс, ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін; инвестор - кәсіпорынның бейнесі жарнамасын (өнім) бір уақытта орналастыру арқылы өз есебінен көше (өзге де қала құрылысы элементтері) атауларының көрсеткіштерін және ғимараттардың (орын-жайлардың) реттік нөмірлерін әзірлеуге, және орнатуға ниет білдірген тұлға; қала құрылысы элементінің санаты - функционалдық қала құрылысы жасағын және объектінің (ғимараттың, орын-жайдың, көлік айырымы айналым), көше және басқалар) сипаттайтын қала құрылысы элементінің бөлінбес бөлігі; ландшафтты-оңалту аумақ - ормандары, орман саябақтары, орман құрғау аймақтары, сутоғандары, ауыл шаруашылығының пайдалануындағы жерлері және басқа селолық елді мекендер пункттерінің аумақтарында да орналасқан, ашық кеңістік жүйесін қалыптастыратын саябақтармен, бақтармен қоса басқа да пайдалы жерлері бар аумақ; атау - елді мекендердің құрылымдық элементтеріне берілген, оларды бөлу және тану үшін кызмет ететін жеке атаулар; облыстық ономастикалық комиссия - географиялық объектілер атауларының бір жүйеге келуін қалыптастыру, атауларды пайдалану мен есептеуді реттеу, тарихи атауларды Қазақстан Республикасы тарихи-мәдени құраларының құрамдас бөлігі ретінде калыптастыру және сақтау мақсатында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөнінде ұсыныстар дайындау үшін Қостанай облысының әкімдігімен құрылатын консультативті-кеңестік орган; «Меңдіқара ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - сәулет органы) - сәулет, қала құрылысы, сыртқы жарнама және безендіру саласын реттеуді жүзеге асыруға әкіммен уәкілеттілік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган; «Меңдіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тілдер жөніндегі орган) - тілдерді дамыту саласын реттеуді жүзеге асыруға әкіммен уәкілеттілік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган; алаң - тұйықталған шек аралары бар атау берілген қала құрылысының элементі; объектінің реттік нөмірі - объект мекен-жайының құрылымдық элементі: әріп және (немесе) бөлшек қосылуы мүмкін цифрлар тізбегінен тұратын, қандай да бір құрылымдық бөлшекке тән белгісінің негізінде объектіге, құрылыс салынған аумақтағы атауы бар қала құрылысы объектісіне (көшеге және т.б.) берілетін объектінің қарапайым бөлшегі; жапсарлас объектілер - ғимаратқа және орын-жайға жапсаржай салу жолымен ғимараттарда, құрылыстарда ұйымдастырылған объектілер, бұл жағдайда, тәртіп дербес функционалдық мақсатта пайдаланылады; түбегейлі жоспарлау жобасы (бұдан әрі - ТЖЖ) - елді мекеннің Бас жоспары негізінде орындалған аумақ құрылысының функционалдық–қала құрылысы аймақтандыруды; қызыл сызықтарды және құрылысты реттеу сызықтарын; тұрғындарға әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін аумақтарды резервілеуді; көше-жол торабын және көліктік кызмет көрсетуді ұйымдастыруды; инженерлік коммуникациялардың трассировкасын; көшелердің тік пішіндерін; аумақты абаттандыруды және көгалдандыруды, бұқаралық қала құрылысы сервитуттарын және өзге де талаптарды анықтап, аумақты ұйымдастыруды жоспарлаудың негізгі бағыттарын белгілейтін аумақ құрылысын жоспарлау жобасы; қоныстану аумағы – тұрғын, қоғамдық (қоғамдық-іскер) және оңалту аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымының жекеленген бөліктерін, орналасуы мен кызметі арнаулы санитарлық қорғаныш аймақтарын талап етуге әсер етпейтін басқа да объектілерді орналастыруға арналған елді мекен аумағының бөлігі; саябақ - елді мекеннің қоныстану аумағында ұйымдастырылған және аумағы кемінде үш гектар халықтың көпшілік демалуына тағайындалған және тұйық шекараларымен анықталған негізделген, көгалдандырылған жалпы қолданыстағы селоның аумағы; орын-жай - табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар жасанды ауқымды, тегістікті немесе сызықты (жер үсті, су беті және (немесе) жер асты су асты) жасалған және адамдарды уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), материалдық кұндылықтар мен жүктерді орналастыруға және сақтауға өндірістік үрдістерді орындау үшін, сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) тағайындалған объект. Құрылыс көркемдік-эстетикалық, әшекейлі-қолданбалы не болмаса мемориалды мақсатта болуы мүмкін; көше - аудандық маңызы бар магистральды көше, жергілікті маңызы бар көше немесе жол; көрсеткіш - жарық түсіретін, жарықты шағылыстыратын, контрастық объектілерді, материалдарды пайдалана отырып құрылған, азаматтарды сол немесе басқа көше, ғимарат немесе орын-жайдың орналасуы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету үшін белгіленген түсінікті жазулары, цифрлары бар геометриялық нысанда белгіленген түрлі-түсті бейне.
Бөлім 2. 2 бөлім. Көрсеткіштерді орналастыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу
2 бөлім. Көрсеткіштерді орналастыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу
Тармақ 2
2. Елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту, жер телімдеріне, ғимараттарға және орын-жайларға реттік нөмір беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану, оларды ретке келтіруді мына мемлекеттік органдар жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) сәулет органы;
Тармақша 2
2) тілдер жөніндегі орган;
Тармақша 3
3) селолық округ әкімдері.
Тармақ 3
3. Сәулет органының мынадай өкілеттіктері бар: реттік нөмірі жоқ ғимараттарды және өзге де объектілерді анықтап, шарға белгіленген нысан бойынша реттік нөмір береді; тапсырыс берушінің жобалау құжаттамасының кұрамына әзірлеуге және жобаланған ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттеріне, жобаланған көшелердің қиылыстарында ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерін, елді мекендер мен көшелер атауларының көрсеткіштерін, және атауларының бұрыштық көрсеткіштерін орнатуға арналған шығыстардың енгізілуін бақылайды; Боровской селосы және селолық округ әкімдері өкіл еткен көшелер атаулары көрсеткіштерінің, ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің, село көшелері атауларының бұрыштық көрсеткіштерінің реттік нобайын келіседі; көшелер атаулары көрсеткіштерінің, ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің, тапсырыс беруші әзірлейтін жобалық құжаттама кұрамына енгізілген басқа да көрсеткіштердің нобайын келіседі; мемлекеттік кабылдау немесе ғимараттар мен орын-жайларлы пайдалануға кабылдау жөніндегі кабылдау комиссиясының кұрамында ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің, көшелер атаулары көрсеткіштерінің, тұрғызылған (салынған) ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде басқа көрсеткіштерінің, көшелердің түйіскен жерінде (қиылысында) осы Ережеге сәйкес бар болуын немесе орнатылуын бақылайды.
Тармақ 4
4. Тілдер жөніндегі органның мынадай өкілеттіктері бар: көшелердің белгіленген атауларының бейнелену дұрыстығын, олардың нормалармен сәйкестігін, сондай-ақ көрсеткіштерде белгіленген атауларының транскрипциясының бейнелену дұрыстығын бақылайды; көшелер атаулары көрсеткіштерінің, ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің, тапсырыс беруші әзірлейтін жобалық құжаттама кұрамына енгізілген басқа да көрсеткіштерінің көрсеткіштерде белгіленген атауларының ақпараттың жазылу сәйкестігін және олардың транскрипциясының дұрыстығын келіседі.
Тармақ 5
5. Селолық округ әкімдерінің мынадай өкілеттіктері бар: атаулары жоқ көшелер тізбесін, атаулары бірдей көшелер тізбесін. сол жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін бұзуға байланысты жойылған көшелердің тізбесін жасайды және оларға атау беру, кайта атау жөніндегі ұсынысын соз етеді; көшелер атаулары көрсеткіштерінің, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерінің, ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің типтік нобайын әзірлеп, келісу үшін оларды сәулет органына тапсырады; елді мекендердің құрамдас бөліктерінің көрсеткіштерін және объектілердің реттік нөмірлерін дайындау және орнату құқығын беру жөнінде конкурс өткізеді; көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерін орнатуды, сондай-ақ осы Ереженің 56-тармағының 1-тармакшасында көзделген жағдайларды қоспағанда олардың жөнделуін қамтамасыз етеді; жылжымайтын мүлікпен мәмілені, елді мекеннің құрамдас бөлігіне атау беру және (немесе) өзгерту туралы ақпаратты, жекелеген объектілерге реттік нөмір беру туралы бұйрықтар көшірмелерін тіркеуді жүзеге асыратын органға ұсынады; ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің, ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттеріндегі көшелер атауларының көсеткіштерінің, қиылыстарда орнатылған көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерінің жағдайын бақылайды; ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің, көшелер атауларының көрсеткіштерінің, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерінің жоғалу, зақым келу, механикалық бүліну фактісі анықталған және тиісті тұлғалардың жоғалған немесе бүлінген көрсеткіштерді ауыстыруға шара қабылдамау фактілері кездескен жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.
Тармақ 6
6. Осы тарауда көрсетілген мемлекеттік органдар ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерін, көшелер атауларының көрсеткіштерін, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерін орнату және пайдалану саласындағы өзге де кызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында жүзеге асыра алады.
Бөлім 3. 3 бөлім. Елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру (қайта атау), олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту тәртібі
3 бөлім. Елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру (қайта атау), олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту тәртібі
Тармақ 7
7. Елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атаулары оларды бөлуге оларды кеңістікте тануды қамтамасыз ету үшін беріледі.
Тармақ 8
8. Елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру мынадай кезеңдермен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Боровской селосы және селолық округтер әкімдері тілдер жөніндегі органға елді мекендер бөліктерінің атаулары жоқ, не болмаса атаулары бірдей бөліктерінің кеңістік орналасу элементі тәсілінің қосымшасы мен оның шекараларының нақты анықтамасы бар тізбесін жібереді. Көрсетілген тізбемен бірге Боровской селосы және селолық округтер әкімдері сол жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін (олар бар болған жағдайда) бұзуға байланысты жойылған көшелердің тізбесін ұсынады;
Тармақша 2
2) сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар да елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау және кайта атау өтініммен тілдер жөніндегі органға жолыға алады;
Тармақша 3
3) тілдер жөніндегі орган қала құрылысы объектісіне атау беру немесе қайта атау мәселесі бойынша өтініштер түскен сәттен бастап 15 күн ішінде облыстық ономастикалық комиссиясына, онымен бекітілген құжаттар пакетін отырыстарында талқылау үшін жібереді;
Тармақша 4
4) облыстық ономастикалық комиссияға тілдер жөніндегі орган материалдар ұсынған сәттен бастап 30 күн ішінде Меңдіқара ауданы әкімдігіне және мәслихатына қала құрылысы элементтері бойынша атау беру қайта атау) жөнінде ұсыныс жасауға шешім қабылдайды;
Тармақша 5
5) Меңдіқара ауданының әкімдігі облыстық ономастикалық комиссияның қала құрылысы элементтеріне атау беру жөніндегі ұсынысымен келіседі және мәслихаттың қарауына елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауларын бекіту туралы ұсыныс енгізеді, не болмаса ұсынылған ұсыныммен келіспейді және тілдер жөніндегі органға материалдарды (толық немесе бөлшектеп) қайтарады;
Тармақша 6
6) Меңдіқара ауданының мәслихаты әкімдіктің елді мекендердің жеке бөліктеріне атау беру туралы шешімімен келіседі және елді мекендер бөліктерінің атауларын бекітеді, не болмаса әкімдіктің шешімімен келіспейді және материалдарды (толық немесе бөлшектегі) әкімдікке қайтарады;
Тармақша 7
7) әкімдік пен мәслихаттың елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау (кайта атау) туралы шешімдері қала құрылысы элементтерінің кеңістік ережесі тәсілінің міндетті қосымшасы мен оның шекараларының нақты анықтамасы бар мүдделі мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға жеткізіледі;
Тармақша 8
8) әкімдіктің және мәслихаттың білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және басқа да мекемелеріне атау беру туралы бірлескен шешімдері атау беру туралы өтініммен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік ономастика комиссиясына жіберіледі.
Тармақ 9
9. Елді мекеннің бір бөлігіне бірнеше атау беруге жол берілмейді. Бұрылыстары отыз градустан жоғары болған жағдайларда көшелер, өту жолдары басқа, мұндай жағдайларда елді мекен бөлігінің бұрылыс орындарына оқшауланған атау беруге жол берілмейді. Бір санаттағы бірнеше қала құрылысы элементтеріне бір атау беруге жол берілмейді.
Тармақ 10
10. Қала құрылысы элементі (көше) табиғи бөгеулермен (өзендер, жырақтар және т.б.) қиылысқан жағдайда қалыптасқан телімдерге жеке атау беруге жол беріледі.
Тармақ 11
11. Елді мекен аумақтарын кезең-кезеңімен игерген жағдайда қала құрылысы элементін оқшауланған, атаулары қисынды байланысқан, осы қала құрылысы элементінің уақыт ішінде іс жүзінде қалыптасу және салыну кезеңіне сәйкес келетін жекелеген телімдерге бөлуге жол беріледі.
Тарау 2. 2 тарау. Елді мекендердің жер телімдеріне, ғимараттарына және орын-жайларына реттік нөмір беру, көрсеткіштер орнату және пайдалану
2 тарау. Елді мекендердің жер телімдеріне, ғимараттарына және орын-жайларына реттік нөмір беру, көрсеткіштер орнату және пайдалану
Тармақ 19
19. Жер телімдеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану елді мекендер аумақтарында көшелердің, ғимараттардың, құрылыстардың және басқа да объектілердің орналасуын (орналасқан жері) анықтаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру үшін тағайындалған.
Тармақ 20
20. Елді мекен аумағында орналасқан әрбір жер телімі, ғимараттар мен орын-жайлардың өздерінің бірегей мекен-жайы болуы керек.
Тармақ 21
21. Осы Ережеге сәйкес реттік нөмір берілген жылжымайтын мүлік объектілері:
Тармақша 1
1) жер телімдері (игерілген және құрылыс салынған);
Тармақша 2
2) ғимараттар;
Тармақша 3
3) орын-жайлар болып табылады.
Тармақ 22
22. Елді мекен үйлерінің, ғимараттары мен орын-жайларының қасбеттеріндегі, көшелердің қиылыстарындағы көрсеткіштердің мынадай үлгілері орналасады: көшелердің атауларының көрсеткіштері; көшелердің түйіскен жерінде (қиылысында) орналасқан көше атауларының бұрыштама көрсеткіштері; ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері. Боровской селосы және селолық округтер әкімдері көшелер атаулары көрсеткіштерінің, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерінің, ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің типтік жобайын әзірлеп, келісу үшін оларды сәулет органына тапсырады. Объектілерде әр түрлі санатты көрсеткіштердің орнатылуы бойынша талаптар осы Ереженің 6-бөлімімен реттеледі.
Тармақ 23
23. Ғимараттардың, орын-жайлардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері, елді мекен аумағында орналасқан көшелердің атауларының көрсеткіштері міндетті түрде осы Ережемен және белгіленген тәртіппен бекітілген үлгілік нобайлармен белгіленген техникалық талаптарға сәйкес болуы керек.
Бөлім 4. 4 бөлім. Реттік нөмірлер беру талаптары
4 бөлім. Реттік нөмірлер беру талаптары
Тармақ 24
24. Ғимараттардың, корпустардың, құрылымдардың, орын-жайлардың жер телімдерінің реттік нөмірлері - цифрлардың ретімен жасалатын әріптер (А, Б, В, Е және т.б. есімдік болатын әріптерді, мысалы, "Я" әріпі), алфавиттердің қазақ әріптерін (Ә, I, Ң, Е, Ү, Ұ, Қ, Ө, Һ) және айтылуы киын әріптерді (дыбысталмайтын), не болмаса цифрларға ұқсас әріптерді қосылуы мүмкін (Ё, Ж, 3, И, X, Ц, Ч, Ш, Щ, Б, Ы, Б) қоспағанда, немесе қосалқы белгісі, қосымша толық цифрлар арқылы белгіленетін объектілер мекен-жайларының деректемелері.
Тармақ 25
25. Әріптер ғимараттардың, корпустардың, құрылымдардың, орын-жайлардың реттік нөмірлеріне, егер бір жер теліміне екі және одан да көп бірдей сәулеттік үйлесімі бар немесе бір сәулеттік-құрылыстық кешеннің бөлігі болып табылатын ғимараттар, корпустар, құрылымдар, орын-жайлар орналасқан (бар болса) болса, әріптер қосылады.
Тармақ 26
26. Егер ғимарат, корпус, құрылым немесе ғимарат орамның ішінде орналасып, ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың бірде бір қасбеті магистральға шықпаса, онда ғимараттың. корпустың, құрылымның, орын-жайдың реттік нөмірі бөлшек белгісі арқылы қосымша толық сандармен толықтырылады. Бұл жағдайда негізгі реттік нөмір болып ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың нөмірленуіне жақын ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың реттік нөмірі қабылданады.
Тармақ 27
27. Ғимараттардың, орын-жайлардың және өзге де жасанды құрылымдардың мекен-жайларына мынадай міндетті деректемелерді: көше атауларын, ғимараттардың, корпустардың немесе құрылымдардың, орын-жайлардың реттік нөмірлері кіреді.
Тармақ 28
28. Жер телімдеріне мынадай міндетті деректемелерді: көше атауы, жер телімінің реттік нөмірі кіретін шартты мекен-жай беріледі.
Тармақ 29
29. Объект мекен-жайының құрылымы объектінің түрі мен ғимараттың, орын-жайдың, жер телімінің орналасқан жерінің географиялық жағдайын анықтайды.
Тармақ 30
30. Көше атаулары, реттік нөмірі анықталатын объектінің орналасқан жері объектінің мекен-жайына қосылатын болады.
Тармақ 31
31. Табиғатты қорғау кешендерінің (тарихи және сәулет ескерткіштерінің жиынтығы) атаулары, реттік нөмірі анықталатын объектінің орналасқан жері тиісті табиғатты қорғау кешенінің белгіленген шекараларындағы объект орналасқан жағдайда объектінің мекен-жайына қосылатын болады.
Тармақ 32
32. Көшенің (алаңның) атауына қатысты объектінің нөмірленуі елді мекен көшелері атауларының ресми тізіміне және нөмірленетін объектінің және көше-жол желісі элементтерінің оңтайлы ұсынуына сәйкес қысқа жолдардың, жолдардың және алаңдардың атауларын нақтылай отырып, көшелердің, алаңдардың ресми мекен-жай тәсіліне сәйкес қабылданады.
Тармақ 33
33. Елді мекен көшелері атауының ресми тізімі және нөмірленетін объектінің және елді мекен даңғылдарының, көшелерінің және басқа да құрылымдық элементтерінің ресми мекен-жай тәсімі алаңдардың атаулары электронды түрде құрылады және Меңдіқара ауданының аумағындағы қала құрылысы объектілерін және элементтерін атау, кайта атау туралы мұрағат материалдарын пайдалана отырып, Меңдіқара ауданы мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базасында аудандық ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖЖ) жүргізу жөніндегі кызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар жүргізеді.
Тармақ 34
34. Жер телімінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың реттік нөмірі сәулет органының ААЖ мәліметтеріне сәйкес объектінің реттік нөмірін алдын ала келісу бойынша жобалауға, не болмаса құрылыс салуға жер телімін болу туралы рұқсат беру құжаттамасын әзірлеу сатысында белгіленеді. Жер телімінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың реттік нөмірін сәулет органы жекелеген объектілерді бұзу нәтижесінде елді мекенінің бір бөлігі объектілерінің нөмірленуі оннан артық бірлікке бөлінген (қосылған) жағдайда өзгертілуі мүмкін.
Тармақ 35
35. Оңтүстіктен солтүстікке қарай құрылыстың үздіксіз үрдісін құрайтын және магистральдарда орналасқан ғимараттарға реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жүгі сандармен оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Батыстан шығысқа қарай құрылыстың үздіксіз үрдісін құрайтын магистральдарда орналасқан ғимараттарға реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен батыстан шығысқа қарай жүргізіледі.
Тармақ 37
37. Әртүрлі санаттағы көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға магистральды көшелердің сыныптамасына сәйкес жоғары санаттағы көше бойынша реттік нөмір беріледі.
Тармақ 38
38. Санаттары тең көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға ғимараттың бас қасбеті шығатын көше бойынша реттік нөмір беріледі. Егер бұрышқа бір ғимараттың екі қасбеті шығатын болса қала орталығына бағытталған көше бойынша реттік нөмір беріледі. Егер ғимараттың қасбеті ауланың ішінде орналасса, ғимарат бойында орналасқан көше бойынша нөмір беріледі.
Тармақ 39
39. Алаң периметрін құрайтын ғимараттарға реттік нөмір беру орталық жақтан бас магистральдан бастап сағат тілі бойынша жүргізіледі. Егер бұрыштағы ғимарат бас қасбетке ие болса және жанасқан көше бойымен ұзындығы едәуір болған жағдайда оны нөмірлеу алаң бойынша емес, көше бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 40
40. Елді мекен аумақтарына жаңа құрылыс салуды қалыптастырған жағдайда, осы аумақтарда ғимараттарға (үйлерге) керісінше тәртіпте реттік нөмірлер беруге және нөмірлеуге, яғни, солтүстіктен оңтүстікке не болмаса шығыстан батысқа қарай, көшенің өң жағы бойынша тақ нөмірлермен және сол жағы бойынша жұп нөмірлермен жүргізуге жол беріледі.
Тармақ 41
41. Жер телімінің аумағында негізгі ғимарат анықталады, оған сәйкес осы аумақта орналасқан ғимараттар, орын-жайлар нөмірленеді. Негізгі ғимараттың реттік нөмірі көшелердің белгіленген топталымын ескеріп, жүзеге асырылады.
Тармақ 42
42. Жер телімінің аумағында орналасқан өзге де ғимараттарға, орын-жайларға, негізгі ғимараттың нөмірі және Ережеге сәйкес корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірі беріледі. «Корпус» немесе «құрылым» көрсеткіштері қажет болған жағдайда ғимараттың орналасқан жер телімі аумағының функционалдық пайдаланылуын ескеріп, ғимараттардың функционалдық мақсатына және жақын орналасқан ғимараттарды нөмірлеуге байланысты анықталады.
Тармақ 43
43. Ғимараттарды нөмірлеу бас ғимараттың орналасуын ескеріп, жер телімінің аумағына бас кіреберісінен басталады.
Тармақ 44
44. Жеке және заңды тұлғаға меншік, жалдау немесе өзге де заттай құқығында тиесілі жер телімінде қосымша бір немесе бірнеше жылжымайтын мүлік объектілерін салған жағдайда әр объектіге корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірін қоса сол реттік нөмір беріледі.
Тармақ 45
45. Тізбектегі нөмірлермен (объектілерді енгізу) нөмірленген екі ғимараттың, құрылымдардың арасында орналасқан ғимараттарды нөмірлеуді тиісті объектінің кіші нөмірін пайдаланып осы ережеге сәйкес әріп немесе бөлшек қосып жүргізу керек.
Тармақ 46
46. Дербес объектілердің (ғимараттар, орын-жайлар) белгілері бар жапсаржай және қосып салынған объектілерге толық санға қосымша бөлшек арқылы негізгі ғимараттың нөміріне қосымша дербес реттік нөмір беріледі.
Тармақ 47
47. Қоршауларды, көпірлерді, қазылған шұңқырларды, құдықтарды, жертөлелерге, ауладағы тас жабындарды, жаяужолдарды және осылар тәріздес объектілерді есептемегенде, орын-жайлардың (негізгі ғимарат болмаған жағдайда) реттік нөмірі "құр" көрсеткіші мен құрылыс нөмірі қосылып беріледі.
Тармақ 48
48. Игерілген, бірақ нөмірленбеген жер телімдеріне осы жер телімінің шегінде салынған ғимаратқа, орын-жайға нөмір беріледі.
Тармақ 49
49. Бір жер телімінің аумағы шегінде бірнеше ғимараттар. орын-жайлар, басқа да объектілер орналасқан жағдайда жер теліміне негізгі ғимараттың, орын-жайдың нөмірі беріледі.
Тармақ 50
50. Игерілмеген жер теліміне осы Ережеге сәйкес қарапайым реттік нөмірі беріледі, бұл жағдайда мына талаптарды сақтау қажет: әрбір жер телімінің өзінің бірегей реттік нөмірі болуы қажет және жер телімдеріне реттік нөмір жер телімдерінің осы немесе басқа қала құрылысы бірлігіне (көше, алаңдар және т.б.) қатысты (жапсаржай) негізінде беріледі.
Тармақ 51
51. Нөмірленген игерілмеген жер телімінің аумағынан жаңа ғимарат, орын-жай салғанда тұрғызылатын объектіге нөмірлеудің жалпы тәртібін сақтаған жағдайда аталған жер телімінің шартты реттік нөмірі беріледі, не болмаса осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, жаңа жеке тәртіптік нөмір беріледі.
Тармақ 52
52. Қайта тұрғызылған ғимараттың (орын-жайдың) реттік нөмірі және қолданыстағы объектілердің реттік нөміріне өзгерістер енгізу ТЖЖ және ААЖ деректері негізінде сәулет органымен жүзеге асырылады.
Тармақ 53
53. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерінің алынуына байланысты жүргізілетін қарқынды бұзу аумақтарында жобаланып жатқан ғимараттар мен орын-жайлар үшін реттік нөмірлерді резервілеуге жол беріледі.
Бөлім 5. 5 бөлім. Мекен-жай құрылымының стандарты
5 бөлім. Мекен-жай құрылымының стандарты
Тармақ 54
54. Объектінің мекен-жай құрылымы мына талаптарға сай келуі тиіс: мекен-жай деректемелері жазудың қатаң белгіленген тізбектелуі (жалпыдан жекеге) бойынша көрсетіледі; «мекен-жай» терминінен соң «:» (қос нүкте) бөлушіден кейін көрсетілген деректемелерден құралған мәтін бөлігі объектінің мекен-жайы болып табылады; объект мекен-жайы мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жазылады; объектінің мекен-жайын жазған кезде қала құрылысы элементінің санатын қысқартып жазуға болады: аудан - (ауд.); село - (с.); алаң - (ал.); көше - (к-сі); объектінің мекен-жайы жазылғанда қала және әкімшілік ауданның атауы көрсетілген мекен-жайды толық мазмұндауға жол беріледі, сондай-ақ қысқартылған түрде: қала (қ), аудан (ауд.) жазуға жол беріледі; мекен-жайды жазу кезінде қала құрылысы элементінің (алаңы, көшесі және тағы басқалар) бекітілген атауы толық көрсетілуі тиіс. Мысалы: мекен-жайы: Меңдіқара ауд., Боровской с., А. Пушкин к-сі, 110, 51-пәт.; мекен-жайы: Меңдіқара ауданы, Боровской селосы, А. Пушкин көшесі, 110, 51-пәтер;
Тармақ 55
55. Елді мекеннің бірнеше бөліктеріне қатысты бір объектіге бірнеше мекен-жайлар беруге жол берілмейді.
Бөлім 6. 6 бөлім. Ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмір көрсеткіштерін, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткіштерін, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерін орнатуға қойылатын талаптар
6 бөлім. Ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмір көрсеткіштерін, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткіштерін, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерін орнатуға қойылатын талаптар
Тармақ 1. § 1. Жалпы талаптар
§ 1. Жалпы талаптар
Тармақ 56
56. Ғимараттар, орын-жайлардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері, үй қасбеттеріндегі көшелер атаулары мына тәртіппен орнатылады:
Тармақша 1
1) жаңадан тұрғызылған ғимараттарды пайдалануға тапсыру кезінде: тапсырысшы ААЖ негізінде ғимаратқа (орын-жайға) реттік нөмір беретін сәулет органына өтініш білдіреді және мекен-жай беруге жататын объект географиялық бекітілген (ғимарат, орын-жай) көшенің дұрыс атауын анықтайды; сәулет органынан алынған мәліметтер негізінде тапсырыс беруші өз қаражаты есебінен алдын ала келісім бойынша Боровской селосы және селолық округ әкімдерімен нобайдың жобалау құжаттамасының құрамына көше көрсеткішін, ғимараттың (орын-жайдың) реттік нөмірінің көрсеткіші ғимараттың реттік нөмірінің көрсеткішін, осы Ереже талаптарына сәйкес көше атауларының көрсеткіштерін дайындайды және орнатады;
Тармақша 2
2) ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірлерінің, көшелердің атаулары өзгерген жағдайда ғимараттардың, орын-жайлардың реттік нөмірлерінің тиісті көрсеткіштерін, көшелер атауларының көрсеткіштерін және басқа көрсеткіштерін айырбастауды және орнатуды ААЖ деректері негізінде Боровской селосы және селолық округ әкімдері жүзеге асырады.
Тармақ 57
57. Ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірлерінің, көшелер атауларының көрсеткіштерін орнату мемлекеттік бюджет қаражаты, сондай-ақ инвесторлар қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 58
58. Ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірлерінің, салынып жатқан ғимараттар мен орын-жайлардың қасбетіндегі көшелер атаулары көрсеткіштерінің орнатылуына және дұрыс салынуына тапсырыс берушілер жауапкершілік алады.
Тармақ 59
59. Қасбеттерінде көрсеткіштер орнатылған ғимараттарды (орын-жайларды) бұзғанда көрсеткіштің құны ғимаратты (орын-жайды) бұзу жөніндегі шығындар құрамына енгізіледі және оның бастамасы бойынша бұзуға жататын ғимарат (орын-жай) белгіленген тәртіппен меншік иесіне (балансұстаушыға, пайдаланушыға т.б.) қайтарылады.
Тармақ 60
60. Бірнеше бұзылған ғимараттардың орындарына салынған ғимараттар (орын-жайлар) қасбеттерінде көрсеткіштерді осы Ереженің шарттарына сәйкес сәулет органының келісімі бойынша Боровской селосы және селолық округ әкімдері орнатады.
Тармақ 61
61. Көрсеткіштер жол белгілері, бұқаралық сыртқы жарнама құралдары бар бір тіреуішке орнатылмауы тиіс.
Тармақ 62
62. Көрсеткіштер тәулік уақытынан тәуелсіз ажыратылуы тиіс.
Тармақ 2. § 2. Көше атауларының көрсеткіштері
§ 2. Көше атауларының көрсеткіштері
Тармақ 63
63. Көше атауларының көрсеткіштері көше түйіскен жерде (қиылыстарда) орналасқан ғимараттар мен орын-жайларда орналастырылады.
Тармақ 64
64. Көше атауларының көрсеткіштері жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, қиылысқа шығатын ғимарат немесе орын-жай бұрышынан 25-30 см. қашықтықта қиылыс жасайтын көшеге шығатын ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде орналастырылады. Егер екі қиылыстың арасындағы ара қашықтық бес жүз метрді құраса, айрықша болып табылады - көше атауларының екі көрсеткішінің арасындағы ара қашықтық аталған мөлшерден аспауы қажет.
Тармақ 3. § 3. Объектілердің реттік нөмірінің көрсеткіштері
§ 3. Объектілердің реттік нөмірінің көрсеткіштері
Тармақ 65
65. Ғимараттың, орын-жайдың реттік нөмір көрсеткіші әрбір ғимараттың және орын-жайдың қасбетіне көшенің сол жағы бойынша тақ санармен, ал көшенің оң жағы бойынша жұп сандармен, жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, үй бұрышынан 25-30 см. қашықтықта орналастырылады.
Тармақ 66
66. Егер ғимарат, орын-жайдың қасбетінде көше атауының көрсеткіші, ғимарат, орын-жайдың реттік нөмірінің көрсеткіші көше атауының көрсеткішінен кейін көлденен ось бойынша орнатылады.
Тармақ 4. § 4. Көше атауларының бұрыштық көрсеткіштері
§ 4. Көше атауларының бұрыштық көрсеткіштері
Тармақ 67
67. Көше түйіскен жерде (қиылыстарда) орналасқан көшелер атауларының бұрыштық көрсеткіштері көше түйіскен жерде (қиылыстарда) орналастырылады және биіктігі 4 метрден аспайтын металл тіректерде орналастырылады.
Бөлім 7. 7. бөлім. Инвесторлар есебіне елді мекендердің құрамдас бөліктері атауларының көрсеткіштерін және реттік нөмірлерін әзірлеу және орнату
7. бөлім. Инвесторлар есебіне елді мекендердің құрамдас бөліктері атауларының көрсеткіштерін және реттік нөмірлерін әзірлеу және орнату
Тармақ 1. § 1. Жалпы талаптар
§ 1. Жалпы талаптар
Тармақ 68
68. Инвесторлар оз есебінен ұйымдардың беделі жарнамасы және (немесе) өнімінің дайындалған көрсеткіштерін орнату арқылы елді мекен бөліктері атауларының көрсеткіштерін, объектілердің реттік нөмірлерін әзірлей және орната алады. Бедел жарнамасы өнімнің деректемелері, байланыс телефондары немесе ұйым немесе өнім туралы өзге де ақпарат көрсеткіштерінсіз қандай да бір ұйымның және (немесе) өнімнің тауарлық белгісін, атауын бейнелеу болып табылады.
Тармақ 69
69. Үлгілік нобайлар сәулет органымен келісіледі, және орнатылатын бедел жарнамасының көлемі барлық көрсеткіштің елу пайызынан аспауы қажет.
Тармақ 70
70. Инвесторлар елді мекендердің құрамдас бөліктері атауларының және объектілердің реттік нөмірлері көрсеткіштерін дайындау және орнату сәулет органының рұқсаты бойынша жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 2. § 2. Қала (кент және т.б.) бөліктері атауларының көрсеткіштерін және реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс өткізу тәртібі
§ 2. Қала (кент және т.б.) бөліктері атауларының көрсеткіштерін және реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс өткізу тәртібі
Тармақ 71
71. Елді мекендердің құрамдас бөліктері атауларының көрсеткіштерін және объектілердің реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс өткізу үшін Боровское селосы және селолық округ әкімдері сәулет органы және тілдер жөніндегі органның қызметкерлерін тарту арқылы комиссия құрады.
Тармақ 72
72. Комиссия мынадай өкілеттіктерге ие:
Тармақша 1
1) конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама мәтінін бекітуге;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардан өтініштер қабылдауға;
Тармақша 3
3) елді мекендердің құрамдас бөліктері атауларының көрсеткіштерін және объектілердің реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс жеңімпазын анықтауға.
Тармақ 73
73. Конкурс өткізілгенге дейін он күн бұрын жарияланған конкурс туралы ақпараттық хабарламада мынадай ақпараттар мазмұндалуы тиіс:
Тармақша 1
1) көрсеткіштер орнатылуы тиіс объектілерде қала құрылысы элементінің атауы және нақты мекен-жайы;
Тармақша 2
2) орнатылуы тиіс елді мекеннің құрамдас бөлігі атауының және реттік нөмірлері көрсеткіштерінің саны;
Тармақша 3
3) қатысушылардың өтінімдерін кабылдау орны және нақты уақыты (конверттерді ашқанға дейін бір сағат уақыт қалғанда);
Тармақша 4
4) конкурсқа қатысушының өтінімдері бар конвертті ашу орны, күні және уақыты;
Тармақша 5
5) конкурсқа қатысу үшін кеңес алуға болатын орын және байланыс телефондары (нобайларға талаптар және т. б.).
Тармақ 74
74. Елді мекендердің құрамдас бөліктері атауларының көрсеткіштерін және объектілердің реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс қатысушысының өтінімінде мынадай құжаттар мен деректер болуы тиіс:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысушының - заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
Тармақша 2
2) үлгілік нобайларға сәйкес келетін елді мекен бөлігі атауының көрсеткіштерін және реттік нөмірлерінің атауын орналастыруға ұсынылатын нобайлар;
Тармақша 3
3) өзге де ақпараттар.
Тармақ 75
75. Конкурс қорытындысын комиссия конкурс катысушыларының ұсыныстары бар конверттерді ашқан сәттен бастап жеті күннен кешіктірмей жүргізеді. Конкурс катысушысының біреуі болған жағдайда өтті деп саналады.
Тармақ 76
76. Конкурс қорытындысы туралы хаттама негізінде сәулет органы қала (кент) бөлігі атауларының көрсеткіштерін дайындауға және орнатуға рұқсат береді.
Тармақ 77
77. Жеке және заңды тұлғаның құқығына тиесілі жылжымайтын мүлік объектілерінде бедел жарнамасы мазмұндалған көрсеткіштерді орнату оның бойынша жүргізіледі.
Тармақ 78
78. Елді мекендердің құрамдас бөлігі атауларының көрсеткіштерін дайындауға және орнатуға рұқсат инвестордың осы Ереженің талаптарын орындамаған жағдайда сәулет органымен күшін жоюы мүмкін.
Бөлім 8. 8 бөлім. Қосымша талаптар
8 бөлім. Қосымша талаптар
Тармақ 79
79. Жер телімдеріне, ғимараттарға және орын-жайларға реттік нөмір беру жөніндегі деректер ААЖ ақпараттық деректер базасында міндетті тіркелуге жатады.
Тармақ 80
80. Реттік нөмірлер уақытша тұрғыдағы объектілерге, жеке тұлғаның меншігіндегі және (немесе) гараж кооперативтерінің, коғамдардың, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілерінің, бақ және саяжай телімдерінің құрамына енетін шаруашылық жапсаржайларға, гараждарға берілмейді.
Тармақ 81
81. Уақытша тұрғыдағы объектілердің жеке реттік нөмірі жоқ, бірақ анықтамамен жақын орналасқан объектінің тұрақты реттік нөмірімен шардың орналасқан жері нақтылануы мүмкін.
Тармақ 82
82. Әзірлейтін және шығаратын ұйымдардың құжаттарда объектілердің реттік нөмірлері туралы деректерді толтырғанда жер телімдерінің, ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірін өз еркімен жазуына тыйым салынады.
Тармақ 83
83. Ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде осы Ереженің талаптары бұзылып, орнатылған көрсеткіштер ғимарат иесімен (баланс ұстаушымен) немесе оған қызмет көрсететін тұлғамен, ол болмаған жағдайда - Боровской селосы және селолық округ әкімдерімен бөлшектеуге жатады.
Тармақ 84
84. Ғимараттар мен орын-жайлар иелері (балансұстаушылары) ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің, көшелер атауларының көрсеткіштері түзетілген жағдайда ұстауға міндетті.
Тармақ 85
85. Көшелер атауларының көрсеткіштері, ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштері қатардан шыққан, жоғалған, зақым келген, ескірген жағдайда меншік иелері (балансұстаушылар) ауыстыруы қажет.
Тармақ 86
86. Ғимараттар мен орын-жайлар иелері (балансұстаушылары) көрсеткіштер орнатылған объектіге, көрсеткіштерді орнатуды, ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметкерлеріне үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз етуі қажет.
Тарау 3. 3-тарау. Қала құрылысы элементтерінің атаулары немесе объектілердің реттік нөмірлері өзгергеннен кейін құқығын куәландыратын және өзге де құжаттарға өзгерістер енгізу тәртібі
3-тарау. Қала құрылысы элементтерінің атаулары немесе объектілердің реттік нөмірлері өзгергеннен кейін құқығын куәландыратын және өзге де құжаттарға өзгерістер енгізу тәртібі
Тармақ 87
87. Меңдіқара ауданының мәслихаты мен әкімдігі белгіленген тәртіппен жарияланған қала құрылысы элементтерін (көшелер және т.б.) қайта атау туралы бірлескен шешімі, сондай-ақ объектілердің реттік нөмірлерін өзгерту туралы сәулет органының шешімі жеке және заңды тұлғалардың оған тиесілі меншікке (шаруашылық жүргізу, жедел басқару) құқығын куәландыратын құжаттарға, белгіленген тәртіппен өзге де құжаттарға өзгерістер енгізуге ынтагерлік білдіруіне негіз болып табылады.
Тармақ 88
88. Құжаттарға көрсетілген өзгерістерді енгізу тіркеу органында мүлікке қатысты қандай да мәмілелерді тіркеген сәтте жеке және заңды тұлғаның бастамасы бойынша жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 89
89. Осы Ереже меншік нысанына және ведомстволық қарамағына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
Тармақ 90
90. Осы Ережеде қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Басқа 130. Қазақстан Республикасының Мекен-жай Тіркеліміндегі адрестер құрылымы мен тіркеу тәртібі туралы Ереже
Мәслихаттың 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 359 шешіміне 2-қосымша Қазақстан Республикасының Мекен-жай Тіркеліміндегі адрестер құрылымы мен тіркеу тәртібі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мекен-жай Тіркеліміндегі адрестер құрылымы мен тіркеу тәртібі туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) Меңдіқара ауданының аумағындағы Қазақстан Республикасы Мекен-жай Тіркелімінің құрамы мен құрылымының, адрестерді тіркеудің бірыңғай ережесін (бұдан әрі - Мекен-жай Тіркелімі) және оны жүргізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Ереженің іс-әрекеті Меңдіқара ауданындағы барлық жеке меншіктің жылжымайтын объектілері туралы адрестік ақпараттың барлық түрлеріне таралады.
Тармақ 3
3. Меңдіқара ауданының аумағындағы әрбір жылжымайтын мүлік объектісіне бірегей адрес тағайындалады. Адресті тағайындау немесе өзгерту рәсімдерінен кейін Мекен-жай Тіркелімінде тіркелген жылжымайтын мүлік объектісінің адресі заңды адресі (бұдан әрі - адрес) болып табылады.
Тармақ 4
4. Мекен-жай Тіркелімі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ақпараттық ресурс пен жылжымайтын мүлік объектілерінің адрестері туралы деректердің ресми көзі, «электрондық үкімет» бірыңғай сәулеттің құрамдас бөлігі болып табылады.
Тармақ 5
5. Мекен-жай тіркелімін құру және адрестерді тағайындаудың бірыңғай тәртібін жүргізудің негізгі мақсаттары болып: әрбір кезеңде оларды пайдаланудағы қайтадан салынған, жаңартылған және пайдаланыстағы жылжымайтын мүлік объектілері адрестерінің орталықтандырылған есепке алуын қамтамасыз ету; Мекен-жай тіркелімінде тіркелген жылжымайтын мүлік объектісі тұрған жерінің адреспен сәйкестігін қамтамасыз ету; объектілердің адрестері туралы ақпараттық мәліметтерді ақпараттық қамтамасыз ету үшін негізін құру.
Тармақ 6
6. Жылжымайтын мүлік объектілеріне адрестер атау және олардың Мекен-жай Тіркеліміндегі тіркелуін, елді мекендердің кезекті адрестік жоспарларын жүргізуін, елді мекенде адрестер туралы ақпаратты ұсынуын жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі түсініктер
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі түсініктер
Тармақ 7
7. Адрес - орындарда жылжымайтын мүлік объектісінің (жер телімі, ғимарат, орын-жай), ормандар мен көпжылдық екпелерді, сондай-ақ, желілі орын-жайларды, өткізгіш құбырларды, темір жолдарды, электр беретін желілерді және т.с.с. қоспағанда, осы объектінің ол үшін белгіленген кадастрлық нөміріне сәйкес тұрған орнын, анықтайтын белгіленген нысан бойынша құрылған сипаттамасы.
Тармақ 8
8. Мекен - жай Тіркелімі - адрестер элементі мен адрестердің, сондай-ақ оларды есепке алу жүйесі жазбасының жиынтығы.
Тармақ 9
9. Адресті жою - Мекен - жай Тіркелімінен жылжымайтын мүлік объектісінің адресі туралы жазбасының шығарылып тасталуы.
Тармақ 10
10. Екінші жылжымайтын мүлік объектісі - объектіге жеке азаматтық құқығы бар бірінші жылжымайтын мүлік объектісі (пәтер, тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар, оның ішінде салынған және жалғастырылған) бөлігінің кеңістігі.
Тармақ 11
11. Геоним - көшелерді, алаңдарды, сызықтарды, аллеялар, бульварлар, жағалаулар, қиылыстар, даңғылдар, өтетін жолдар және т. с. с., яғни тұрғын аудандары арасындағы, сондай-ақ тұрғын аудандары мен өнеркәсіп аумағындағы, қоғамдық орталықтар, кварталдар арасындағы көліктің және жаяу жүрушілер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін аталған қала құрылысы объектілерінің атауын атау үшін жалпыланған түсініктеме.
Тармақ 12
12. Жер телімі - заңнамада белгіленген тәртіппен сипатталған және куәландырылған шекара, жердің жоғарғы бөлігі.
Тармақ 13
13. Ғимарат - ішкі құрылымы адамдардың тұруына және тұрақты жұмысына арналған құрылыс.
Тармақ 14
14. Мекен - жай Тіркелімінің ақпараттық жүйесі - мемлекеттік билік органдар мен жергілікті басқару органдарын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жылжымайтын мүлік объектілерінің тұрған жері туралы ақпаратпен, әкімшілік-аумақтық бірліктер, олардың бөліктері туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
Тармақ 15
15. Кадастрлық нөмір - заңнамада белгіленген рәсімдермен сәйкес тағайындалатын және біртұтас жер телімі болған сәтінен бастап сақталатын Қазақстан Республикасының аумағындағы жер телімінің қайталанбайтын жеке коды.
Тармақ 16
16. Ғимараттың, орын-жайдың нөмірі - мүмкіндігінше әріпті қосумен (а, б, г, және одан әрі, в, е, з, ч, о, й, х, ъ, ь, ы әріптерін шығарып тасталады) цифрлық кезектен тұратын жылжымайтын мүлік объектісі адресінің деректемесі.
Тармақ 17
17. Жылжымайтын мүлік объектісі - жер телімі және объектінің және объектілердің бөлігінің олармен тығыз байланысқан, орналасуы мөлшерсіз оларды бағыты мүмкін емес.
Тармақ 18
18. Бірінші жылжымайтын мүлік объектісі жер телімі, ғимараты орын-жайы, үйді иелену.
Тармақ 19
19. Адрестерді тіркеу - жылжымайтын мүлік объектілерінің адрес белгілейтін құжаттардағы мәліметтерден тұратын, жылжымайтын мүлік объектісінің адресі туралы жазбаны Мекен-жай Тіркелімінде, сондай-ақ «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйеге енгізу жөніндегі іс-қимылдың жиынтығы.
Тармақ 20
20. Аймақ - Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлу сәйкес бірнеше елді мекендерді қосқанда пайда болған және басқарылатын республика аумағының бөлігі.
Тармақ 21
21. Орын-жай - қандай да бір технологиялық функцияны орындауға арналған құрылыс.
Тармақ 22
22. Адрестің элементі - аумақтағы жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жерін сипаттайтын деректеме.
Тарау 3. 3. Мекен-жай Тіркелімін жүргізу ережесі
3. Мекен-жай Тіркелімін жүргізу ережесі
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектісінің адрестері мен адрестерін элементтері туралы мәліметтерден тұратын жазба жүйесін білдіреді.
Тармақ 24
24. Әрбір адрестелген объектінің Қазақстан Республикасы аумағындағы объектінің тұрған жерінің адрестері және өзгерген уақыты бойынша туралы деректерден тұратын жазба жүйесінде бірегей нөмірі болады.
Тармақ 25
25. Мекен-жай Тіркелімін жүргізу бірыңғай жүйенің мынадай: адресті тіркеу немесе адрестің элементтерін; адрестің элементтерін басқаша атау, өзгерістерді тіркеу, кайта тіркеу, адрестің немесе адрестің элементінің жойылғанын тіркеу; ақпаратты сақтау; Мекен-жай Тіркелімінен ақпаратты беру рәсімдерін құрайды.
Тармақ 26
26. Жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің негізінде Мекен-жай Тіркелімінде жылжымайтын объектілерінің адрестері мен олардың өзгергені тіркеледі.
Тармақ 27
27. Мекен-жай Тіркелімінің міндетті деректемелерінің тізбесі мына ақпараттан тұрады: жылжымайтын мүлік объектісі адресінің есепке алынған нөмірлерін тіркелген күні және мәртебесі; осы Ереженің 4-бөлімінің 29-тармағына сәйкес белгіленген құрылымнын адресі; жылжымайтын мүлік объектісінің түрі мен оның функционалдық бағыты; адресті тіркеу үшін негіз туралы мәліметтер (құжаттың түрі, оның нөмірі, күні).
Тармақ 28
28. Мекен-жай Тіркелімінің жазбасы Мекен-жай Тіркелімінің ақпараттық жүйесінде электрондық түрде, қажет болған жағдайда ақпарат қағаз жүзінде жүргізіледі. Мекен-жай Тіркелімінің мұрағаты адресті тағайындау немесе анықтау кезінде жүргізілген істерде немесе электрондық деректер қорының резервтік көшірмесі түрінде жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Жылжымайтын мүлік объектісіне адресті тағайындаудың жалпы тәртібі мен адрестердің түрлері
4. Жылжымайтын мүлік объектісіне адресті тағайындаудың жалпы тәртібі мен адрестердің түрлері
Тармақ 29
29. Жылжымайтын мүлік объектілеріне (адрестің мәртебесі) тағайындалған адрестердің алдын-ала және тұрақты түрлері болады.
Тармақ 30
30. Алдын-ала адрес: салынып жатқан (жаңартылып жатқан) ғимараттарға, орын-жайларға күрделі құрылыс объектілеріне), жер телімдерінің және пайданылуға қабылданбаған тұратын жеріне; муниципалдық қажет және мемлекет үшін резервтенген немесе құрылыс үшін берген әлі салынып бітпеген жер телімдеріне; босатуға жататын стационарлық (мобильдік) емес құрылысқа және жер теліміне, сондай-ақ осындай телімдерге орналасқан барлық орын-жайларға; белгіленген тәртіппен жылжымайтын мүлік объектісіне жеке меншік құқығын рәсімдеуге дейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне тағайындалады.
Тармақ 31
31. Тұрақты адрес: босатуға жатпайтын үйлерге, орын-жайларға және жер телімдеріне; заңнамада белгіленген тәртіппен оларға жеке меншігінің құқығы рәсімделгеннен кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне тағайындалады.
Тарау 5. 5. Жылжымайтын мүлік объектілеріне адрестерді тағайындау
5. Жылжымайтын мүлік объектілеріне адрестерді тағайындау
Тармақ 32
32. Жылжымайтын мүлік объектілеріне адрестерді тағайындау тәртібі жергілікті атқарушы органмен бекітілген елді мекенге, аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және елді мекеннің құрамдас бөлігіне атауларды, олардың атауының транскрипциясын, жер телімінің, үйлердің және орын-жайдың кезекті нөмірін тағайындаудың Ережесіне негізделген.
Тармақ 33
33. Жылжымайтын мүлік объектісінің «алдын-ала» адресін тағайындаған жағдайда «алдын-ала» мәртебесімен жылжымайтын мүлік объектісіне адресті тағайындау туралы жазба Мекен-жай Тіркелімінде жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Жылжымайтын мүлік объектісінің «тұрақты» адресін тағайындаған жағдайда «тұрақты» мәртебесімен жылжымайтын мүлік объектісіне адресті тағайындау туралы жазба Мекен-жай Тіркелімінде жүргізіледі.
Тармақ 35
35. Адресті «алдын-ала» тағайындау рәсімінен бұрын өткен және пайдалануға енгізілген жылжымайтын мүлік объектісін адрестеу кезінде, адрестің алдын-аладан тұрақтыға өзгерген мәртебесі Мекен-жай Тіркелімінде жүргізіледі, егер адрес өзгермей қалса немесе алдын-ала адресі жойылып қалса тұрақты адрес тағайындалады.
Тарау 6. 6. Елді мекендердің, геонимдердің атауларын және жылжымайтын мүлік объектілерінің адрестерін жою
6. Елді мекендердің, геонимдердің атауларын және жылжымайтын мүлік объектілерінің адрестерін жою
Тармақ 36
36. Жойылуының себебі міндетті түрде көрсетіліп құқықтық актілердің негізінде Мекен-жай Тіркелімінде адрестердің елді мекендердің, геонимдердің атаулары және жылжымайтын мүлік объектілерінің адресі жүргізіледі.
Тармақ 37
37. Елді мекендердің, геонимдердің атаулары мынадай: жергілікті атқарушы органдардың мәліметтерінің негізінде елді мекенде немесе геонимда адрестері бар үйлер мен орын-жайлары толық бұзылған; елді мекенді немесе геонимды кайта атаған жағдайларда жойылады.
Тармақ 38
38. Жылжымайтын мүлік объектісінің атауы мынадай: жергілікті атқарушы органдардың деректерінің негізінде үйлерді, орын-жайды ірге тасын бұзған (құлатқан); кадастрлық нөмірмен немесе есепке алынған нөмірімен тұтас жер телімін жеке бөлікке және/немесе екеуін және оданда көпті қосуға объектілерді бөлу кезінде жаңа жылжымайтын мүлік объектісі пайда болған жағдайда жойылады; жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірін өзгерту - салынған аумақтың тәртібіне байланысты немесе облыстың, ауданның және қала деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің негізінде елді мекендерді немесе геонимдерді қайта атауға байланысты объектілерді қайтадан адрестеу.
Тармақ 39
39. Жылжымайтын мүлік объектісінің адресін жойған кезде Мекен-жай Тіркеліміндегі адрестің тіркелгені туралы жазбаның негізі мен жойылған жағдайында ауысқан күні көрсетіліп жойылғаны белгіленеді.
Тармақ 40
40. Жылжымайтын мүлік объектілерін жаңадан атаған кезде Мекен-жай Тіркелімінің адресінен шығарылып тасталған геонимдер мен адрестердің атаулары қайтадан қолданылуы мүмкін.
Тарау 7. 7. Жылжымайтын мүлік объектілерінің аттарын өзгерту (адрестердің өзгеруі)
7. Жылжымайтын мүлік объектілерінің аттарын өзгерту (адрестердің өзгеруі)
Тармақ 41
41. Жылжымайтын мүлік объектілерінің аттарының өзгеру себебі: елді мекендерді немесе геонимдерді жаңадан атау; жылжымайтын мүлік объектілерін жеке бөлікке бөлу; аралас жылжымайтын мүлік объектілерінің екеуін немесе одан да көбін біріктіру кезінде жаңа жылжымайтын мүлік объектісінің пайда болуы; құрылыс элементтерін реттеу; құжаттарды сараптау нәтижесінде пайдаланыстағы жылжымайтын мүлік объекті адресі Қазақстан Республикасы аумағындағы орналасқан нағыз адресіне және көршілес объектілеріне тағайындалған адрестерге сәйкес еместігі анықталған; өзге де себептер болуы мүмкін.
Тармақ 42
42. Жылжымайтын мүлік объектілерінің адресін өзгерту жергілікті атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жүргізіледі.
Тармақ 43
43. Ғимараттар мен орын-жайлардың нөмірлерін реттеу, геонимді жаңадан атау туралы жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің негізінде Мекен-жай Тіркелімінде жылжымайтын мүлік объектісінің атын өзгергені тіркеледі.
Тармақ 44
44. Жылжымайтын мүлік объектісінің адресінің өзгергені туралы жазба Мекен-жай Тіркелімі қалыптасады, сонымен бірге: жылжымайтын мүлік объектісінің ескі адресі жойылады; жылжымайтын мүлік объектісіне жаңа адрес тағайындалады.
Тарау 8. 8. Адрестерді тағайындау және оларды Мекен-жай Тіркелімінде тіркеу кезіндегі мемлекеттік органдардың кызметі
8. Адрестерді тағайындау және оларды Мекен-жай Тіркелімінде тіркеу кезіндегі мемлекеттік органдардың кызметі
Тармақ 45
45. «Меңдіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органдармен бекітілген елді мекенге, аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және елді мекеннің құрамдас бөлігіне атауларды, олардың атауының транскрипциясын, жер телімдерінің, үйлердің және орын-жайлардың кезекті нөмірін тағайындаудың Ережесі негізінде Мекен-жай Тіркелімінде әкімшілік-аумақтық объектілердің атауы мен жаңа аттарын тіркеуді жүргізеді және Мекен-жай Тіркелімінде әкімшілік-аумақтық объектілер туралы деректердің толықтылығын және шынайылығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 46
46. «Меңдіқара ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі елді мекенге, аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және елді мекеннің құрамдас бөлігіне атауларды, олардың атауының транскрипциясын, жер телімдерінің, үйлердің және орын-жайлардың кезекті нөмірін тағайындаудың Ережесінің негізінде Мекен-жай Тіркелімінде генимдардың атауы мен жаңа аттарын тіркеуді жүргізеді.
Тармақ 47
47. «Меңдіқара ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер телімдерін тіркейді.