Ақадыр кентінен иттер арасынан құтырма ауруының шығуына байланысты қойылған шектеуді алу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақадыр кентінен иттер арасынан құтырма ауруының шығуына байланысты қойылған шектеуді алу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 27 бабына және Санитарлық-эпидемиялық және ветеринариялық-санитарлық ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 376 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 15 мамырдағы №266 бірлескен бұйрығына сәйкес, Ақадыр кенттік округін мал мен иттердің құтырма ауруынан сауықтыруға арналған кешенді іс-жоспарының нәтижесімен, Шет ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы Хайролла Хасеновтың ұсынысы негізінде Шет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақадыр кенттік округінен 2007 жылдың 30 наурызынан иттер арасынан құтырма ауруына қойылған шектеу алынсын және 2007 жылдың 29 мамырынан кеннтік округ сауықтырылды деп есептелсін.
Тармақ 2
2. Ақадыр кент округінің әкімі (Жұмағали Диярұлы Мағзиев) құтырма ауруының алдын-алу іс-шаралары мен одан сақтану жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету сұралсын.
Тармақ 3
3. Аудандық медицина бірлестігінен (Әбітаева Хауарира Бергенқызы келісім бойынша), залалды ошақтың мал иелерінің, олармен байланыста болған кент тұрғындарының денсаулығын ветеринария мамандарымен бірлесе отырып бақылауға алуы сұралсын.
Тармақ 4
4. Аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан (Мұқашев Қадыр Қанапияұлы келісім бойынша), құтырма ауруының залалы жөнінде халық арасында санитарлық-эпидемиоллогиялық түсініктеме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуі сұралсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімінен (Таттимбеков Қозыбай Сейтқұлұлы келісім бойынша), құтыриа ауруының залалы жөнінде халық арасында санитарлық-эпидемиологияллық түсініктеме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуі сұралсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімінен (Таттимбеков Қозыбай Сейітқұлұлы келісім бойынша), құтырма ауруының алдын-алу іс-шараларының талаптпрын жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері арқылы қатаң түрде бақылауға алуы сұралсын.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы «Ақадыр» кентіндегі иттер арасынан құтырма ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы» №3/10 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсін.
Тармақ 8. Акт
8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Келісілді: Бекқожин Юржан Асанұлы Шет ауданы әкімінің орынбасары Мағзиев Жұмағали Диярұлы Ақадыр кент округінің әкімі Әбітаева Хауарира Бергенқызы Шет аудандық медициналық бірлесігінің директоры Мұқашев Қадыр Қанапияұлы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Таттимбеков Қозыбай Сейітқұлұлы Шет аудандық ішкі-істер бөлімінің бастығы Хасенов Қайролла Шет аудандық аумақтық инспекциясы ветеринария бөлімінің бастығы Акт Қарағанды облысы, Шет ауданы Ақадыр кент округінің Ақадыр кенті 28 мамыр 2007 жыл Біз, төменгі қол қоюшылар Шет аудандық аумақтық инспекциясының бөлім бастығы-бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы Х.Хасенов. Ақадыр кент округінің әкімі Ж.Мағзиев, Ақадыр кент округінің бас маманы-мемлекеттік ветеринариялық инспекторының міндетін атқарушы Е.Махамбетчин, Шет аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маманы-мем.вет инспекторы Р.Мартыкенов, «Ветеринар-С» ЖШС директоры С.Әшірбеков, Ақадыр кентіндегі иттер арасынан құтырма ауруының шығуына байланысты аудан әкімдігінің 2007 жылдың 30-наурызында №3/10 қаулысына сәйкес қойылған шектеу Ережелерінің талаптарын орындау мақсатында жүргізілген іс-шаралар бойынша төмендегі мазмұнда акт жасадық. Кенттік округ бойынша нақты есебі анықталған 17420 басқа қажетті 17450 доза құтырма ауруының вакцинасы Республикалық эпизоотиялық қордан жеткізіліп, құтырмаға қарсы егуге құрылған арнайы ветеринар-лицензиаттар құрамындағы 3 топтың күшімен 4810 бас ірі қара малы, 9516 бас қой, ешкі малы, 1142 бас жылқы малы, 1214 бас ит, 732 бас мысық, 6 бас шошқа құтырмаға қарсы егілуге қамтылды. Кент округінде 443 бас бұралқы иттер ауланып, атылды. Өлекселері мал қорымында өртеу арқылы жойылды. 392 дана иттің құжаты берілді. Залалды ошақтың 1650 шаршы метр аумағына екі мәрте заласыздандыру (дезинфекция) жұмыстары жүргізіледі. Оның сапасын анықтауға Қарағанды облыстық ветеринариялық зертханасына сынамалар алынып, тексерілді. Нәтижесі қанағаттанарлық. Құтырма ауруынан сауықтыру кешенді іс-шаралардың толық орындалуын негізге ала отырып, комиссия Ақадыр кент округіне қойылған шектеу алынсын деп есетейді.