Бастапқы әскери даярлаудың, жастармен әскери-патриоттық жұмыстың жағдайын жақсарту туралы Қолданыста
Басқа 0
Бастапқы әскери даярлаудың, жастармен әскери-патриоттық жұмыстың жағдайын жақсарту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы негізінде және Казақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006-2007 оқу жылына арналған бастапқы әскери даярлаудың, жастармен әскери-патриоттық жұмыстың жағдайын жақсарту жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспары бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. 2006-2007 оқу жылына арналған Меңдіқара ауданының оқу орындарында бастапқы әскери даярлаудың, жастармен әскери-патриоттық жұмысты тексеру жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5