Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын бөлшек сауда сатуға арналған арнайы тұрақты үй-жайларды белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын бөлшек сауда сатуға арналған арнайы тұрақты үй-жайларды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағына және облыстық әкімияттың 2005 жылғы 1 қарашадағы №308 «Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек сауда сату Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Құлсары қаласының 1 ықшам ауданында орналасқан «Достық» және И.Тайманов көшесіндегі «Ақтан» сауда үйлері эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын бөлшек саудада сатуға арналған арнайы тұрақты үй-жайлар болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қауланың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сағиевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.