Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды мерзімді әскери
қызметке шақыруды ұйымдастыру
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына және әскерге шақырушыларды кезекті әскерге шақыру және облыстық жинақтау пунктіне жөнелту, кезекті аудандық шақыру пунктін сапалы және уақытында қамтамасыз ету мақсатында аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың сәуір-маусым айларында Жылыой ауданы аумағында шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтард, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығын жойған 27 жасқа толмаған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық жасау және бақылау үшін аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Ұйымдар, мекемелер басшыларына Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қарамағына 2 қосымшаға сәйкес техникалық қызметшілер бөлу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Поселке және селолық округ әкімдері 3 қосымшаға сәйкес әскерге шақырушыларды аудандық шақыру комиссиясынан өтулері үшін және қосымша тексеру үшін дәрігерлік мекемелерге тұрғылықты жерінен Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге және кері қарай тұрғылықты жеріне дейін қамтасыз етсін.
Тармақ 5
5. Жылыой аудандық орталық ауруханасына (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақырушылардың қан және зәр құрамын айыруды, кеуде органдарын рентгенологиялық зерттеу, жүрек соғысын бақылау (ЭКГ- электрокардиограмма) жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (ЖҚТБ) және мерез ауруларына тексеру үшін емдеу профилактикалық мекемелерден қажетті мөлшерде орын бөлу;
Тармақша 2
2) денсаулығына байланысты әскерге шақырылу мерзімі кейінге қалдырылған дімкес жастарды емдеу-сауықтыру шараларын өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. 4 қосымшаға сәйкес мекемелер басшыларына Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне кезекші көліктер бөлу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Жылыой аудандық ішкі істер бөліміне (Б.Рахметов) (келісім бойынша) Жылыой аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақырулы комиссияларына белгіленген мерзімде келмеген адмадарды жедел іздестіріп тауып, Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу;
Тармақша 3
3) Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жинақтаушы пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полицияның күшейтілген нарядын бөліп, командаларды көлікке отырғызу жүргізіп жіберу, сонымен бірге шақырылушылар колоннасын (шақырылушылар санына қарамастан) жол полиция басқармасы нарядымен бастап шығарып салу ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Жылыой ауданы қаржы бөлімі (Ж.Ахметов) 2007 жылғы бекітілген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға және облыстық жинақтау пунктіне жөнелтуге байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Жылыой аудандық әкімиятының 2006 жылғы 2 қазандағы №335 «2006 жылы қазан-желтоқсан айларында 1979-1988 жылы туылған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» қаулысының (Жылыой аудандық әділет басқармасында 2006 жылы №4-2-52 мемлекеттік тіркеу санымен тіркелген, «Кең-Жылой» газетінде 2006 жылы 28 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сағиевке жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен күннен бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Жылыой аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы
«14» сәуір 2007 ж. А.Қоқатов
Жылыой аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
«18» 04 2007 ж Б.Рахметов
Жылыой аудандық орталық
аурухананың бастығы
«18» 04 2007 ж Т.Қалиева
Жылыой аудандық ішкі істер
бөлім бастығының орынбасары
«18» 04 2007 ж А.Минтаев
Құлсарымұнай және газ өніру
басқармасының бастығы
«18» 04 2007 ж М.Ізбасов
Өндірістік техникалық байланыс
басқармасының бастығы
«18» 04 2007 ж Р.Байқұтов
«АБТ-Лимитед» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бастығы
«18» 04 2007 ж Б.Қаражанов
Басқа 17
Аудандық әкімияттың
2007 жылғы 18 сәуірдегі
№ 107 қаулысына 1 қосымша
Аудандық әскери шақыру комиссиясының құрамы
Қоқатов Ардақ Құлымжанұлы - Жылыой аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы,
комиссия төрағасы
(келісім бойынша)
Сағиев Мәжит Сағиұлы -Жылыой ауданы әкімінің
орынбасары, аудандық шақыру комиссиясы төрағасының
орынбасары
Тулеуова Сара -Жылыой аудандық емхананың
мейірбикесі,комиссия хатшысы
(келісім бойынша)
Комиссия мүшелері
Минтаев Азат Спатайұлы -Жылыой аудандық ішкі істері
бөлім бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Тасымбаева Баян Тасымбайқызы -Жылыой аудандық
емханасының жасөспірімдер
дәрігері (келісім бойынша)
Басқа 18
Аудандық әкімияттың
2007 жылғы 18 сәуірдегі
№ 107 қаулысына 2 қосымша
Жылыой аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қарамағына бөлінетін техникалық қызметкерлер
р/с
Мекеменің аты
Бөлу мерзімі
Қызметкерлер саны
1
«Құлсары мұнай және газ өндіру» басқармасы (келісім бойынша)
сәуір-31 маусым
1
2
Жылыой аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
сәуір-31 маусым
5
3
Өндірістік техникалық байланыс басқармасы (келісім бойынша)
сәуір-31 маусым
1
Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет» туралы Заңының 44-бабының 2-тармағына сәйкес техникалық қызметкерлердің Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде өз міндеттерін атқарған уақыттарында, олардың жұмыс орны мен орташа айлық жалақысы сақталады.
Басқа 19
Аудандық әкімияттың
2007 жылғы 18 сәуірдегі
№ 107 қаулысына 3 қосымша
2007 жылғы көктемгі әскер қатарына шақырылушылардың дәрігерлік комиссиядан өту
К Е С Т Е С І
№
р/с
Поселкелік, селолық аймақтардың атаулары
Комиссиядан өту күндері
сәуір
1
Жаңа-Қаратон
19
2
Қара-арна
20
3
Қосшағыл
23
4
Жем
24
5
Ақкиізтоғай
25
6
Майкөмген
26
7
Құлсары
19 сәуірден 30 маусымға дейін
Күнделікті комиссия өтетін күндер:
Сәуір19,20,23,24,25,26,27,30
Мамыр 1,2,3,4,10,11,14,15,16,17,18,21,22,23,24,25,28,29,30,31
Маусым 1,4,5,6,7,8,11,12,13,14,15,18,19,20,21,22,25,26,27,28,29,30
Басқа 20
Аудандық әкімияттың
2007 жылғы 18 сәуірдегі
№ 107 қаулысына 4 қосымша
Мекемелердің кезекші көліктерді бөлу кестесі
Р/с
Мекемелердің аттары
Кезекшілік көлік беру мерзімдері
1
"Құлсарымұнайқұбырлары" басқармасы /келісім бойынша/
19 сәуір-30 сәуір
2
"Жылыойкөлік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі /келісім бойынша/
2 мамыр-14 мамыр
3
"Бақай" корпорациясы /келісім бойынша/
15 мамыр-25 мамыр
4
"Құлсарымұнайгаз" өндіру басқармасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі /келісім бойынша/
28 мамыр-8 маусым
5
"Казкосервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі /келісім бойынша/
11 маусым-21 маусым
6
"Ақниет-Ембі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі /келісім бойынша/
22 маусым-30 маусым
Ескерту: Кезекші көліктер кезекшілік ету күндерінде таңертеңгі сағат 8³°- да толық жанар-жағар майымен Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде болуы шарт.