Қолданыстағы ред. 16.04.2007

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы от 16.04.2007 г. № 249-III (Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы)

0

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа)
коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін
өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ Заңының 6-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының негізінде аудандық әкімдіктің 2007 жылғы 27 ақпандағы №29 қаулысын қарай келіп, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі» бекітілсін (қосымша).

2

2. Төмендегі шешімдердің күші жойылсын:

1

1) Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 14 маусымдағы №179-ІІ шешімі (мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2003 жылы 1 шілдеде №1534 санымен реестрге енгізілген, аудандық «Нарын тағы» газетінің 2003 жылғы 12 шілдедегі №22 санында жарық көрген)

2

2) Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 29 тамыздағы №187-ІІ шешімі (мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2003 жылы 16 қазанда №1645 санымен реестрге енгізілген, аудандық «Нарын Таңы» газетінің 2003 жылғы 12 шілдедегі №22 санында жарық көрген)

3

3) Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму, құқық қорғау, заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж.Зайдуллин) жүктелсін.

6

Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 16 сәуірдегі
№249-ІІІ шешіміне қосымша
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы №477-І «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстағаны
Және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету (бұдан әрі тұрғын үй көмегі) тәртібін белгілейді.

2

2. Тұрғын үй көмегінің негізгі функциясы халықтың аз қамтылған бөлігіне заңмен белгіленген әлеуметтік көмектің басқа түрлерімен қатар уақытша қаржылық қолдау көрсету болып табылады.

2. 2. Тағайындау тәртібі

2. Тағайындау тәртібі

3

3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджетте осы мақсатта қаралған қаражаттар шегінде жұмыспен өамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы тағайындалады.

4

4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін арыз беруші тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тіркеп арыз береді:

1

1) отбасы құрамы туралы мәлімет;

2

2) пайдаланып отырған тұрғын үйдің жалпы көлемін растайтын құжат;

3

3) қызмет көрсетуші мекемелерден алынған тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер шығындарының есептелген сомалары жөнінде анықтамалар (немесе басқа растайтын құжаттар);

4

4) отбасының жиынтық табысы туралы мәлімет;

5

5) жеке меншігінде тұрғын үй (үй, пәтер) бар екенін растайтын құжат;

6

6) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
Арыз беруші қолданыстағы заңдарға сәйкес тапсырылған құжаттардың дұрыстығына жауап береді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қате мәліметтер беру салдарынан тұрғын үй жәрдемақысы артық немесе заңсыз тағайындалған жағдайда үйді жалға алушы (меншік иесі) заңсыздықтар анықталған тоқсаннан төрт тоқсан бойы тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады, ал тұрғын үй жәрдемақысы ретінде заңсыз алынған сомалар қайтарылуға жатады.

5

5. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын жеке меншік үй иесі немесе үйді жалға алушы (жалгер) болып табылатын жеке тұлғаларға көрсетіледі.

6

6. Барлық қажетті құжаттармен бірге тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз түскеннен бастап 5 күн мерзім ішінде қаралады.

7

7. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартылған жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту себебі көрсетілген шешімнің көшірмесін қосып, барлық құжаттарды арыз берушіге қайтарады.

8

8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындалған тұрғын үй көмегінің дұрыстығына жауап береді.

9

9. Тұрғын көмегінің мөлшері тоқсан ішінде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй көлемінің нормасы және тұрғын үй ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының нормативтері мен коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының шегіндегі, бірақ нақты пайдаланып отырған жалпы көлемнен және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну (сумен, газбен, электрмен жылумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару т.б.) шығындарды нормативтерінен артық емес тоқсандағы шығындары отбасының сол тоқсандағы осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі рауалды үлесі отбасының жиынтық табысының 11 пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленеді.
Көмек мөлшері үй иесінің (жалға алушының) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегіндегі тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты (немесе есептелген) төлемі мен отбасының осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі рауалды шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.

10

10. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасы:
1. Отбасы құрамында екі және одан көп адамы бар екі және одан көп бөлмелі тұрғын үйде тұратын отбасылары үшін тұрғын үй заңдылығымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тиісті тұрғын үй нормасына сәйкес, бірақ нақты пайдаланып отырған аумақтан аспайы керек.
2. Жалғыз тұратын азаматтар үшін 31 шаршы метр.
3. Бір бөлмелі пәтерде тұратын отбасылары (азаматтар) үшін тұрғын үйдің нақты пайдаланып отырған аумағы.
Тұрғын үй көмегін есептегенде электр жүйесін пайдалану мөлшерін белгілеу:
1. құрамында бір адам – 50квт/сағ
2. құрамында 2-ден 5 адамға дейін – 100квт/сағ
3. құрамында 5 адамнан жоғары 150квт/сағ, бірақ 150квт/сағ аспауы керек.
Жеке тұрғын үйде тұратын аз қамтылған отбасы үшін айына 3 тоннадан артық емес ауыз су мөлшері белгіленеді.
Есепке алынатын тұрғын үй ұстау шығындарының мөлшері және коммуналдық қызметтермен пайдалану (сумен, газбен, электрмен, жылумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару) нормалары жергілікті атқарушы органдармен белгіленеді.

11

11. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тоқсанға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға есептелген нақты сомасның 90 пайызынан аспауы керек.

12

12. Тұрғын үй көмегі егер осы көмекті тағайындауға барлық қажетті құжаттармен бірге арыз ағымдағы тоқсанның екінші айының 15-не дейін тапсырылса алдыңғы тоқсанның үш айына , тоқсан басынан басталады.

13

13. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар (пәтер,үй) немесе тұрғын үйді жалға не қосымша жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқынан айырылады.
Егер отбасында күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асырушы немесе жеті жасқа дейінгі (бір не одан көп) баланы тәрбиелеумен айналысатын тұлғалардан басқа, жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және тиісті органдарға жұмыссыз ретінде есепте тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, ондай отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқы болмайды.

14

14. Тұрғын үй көмегі арыз берушілердің жеке есеп шотына аудару жолымен төленеді.

15

15. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегін есептеу есебі жасақталып, оның бір данасы меншік иесінде (үй жалдаушысында) сақталады.

16

16. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі берілген ақпараттың дұрыстығына күмәнданған жағдайда, тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің табыстары туралы мәліметті сұрауға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар сұраған мәліметті беруге міндетті.

17

17. Отбасының тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының шектеулі үлесі, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық тарифтері мен ставкалары өзгерген кезде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бұрын тағайындалған жәрдемақыға қайта есептеу жүргізеді.
Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін немесе оны алу құқығын өзгертуге негіз бола алатын кез-келген өзгерістер (өзінің тұрғын үй меншігінің нысанының, отбасы құрамында т.с.с.) сондай-ақ тұрғын үй жәрдемақысы қате тағайындалған жағдайлар туралы аудандық бөлімге 10 күн ішінде хабардар етуге міндетті.

18

18. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім заңнамамен белгіленген тәртіпте шағым беруге жатады.

19

19. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз барлық тіркелген құжаттармен бірге, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімімен хаттама, немесе шешіммен көшірме алушының жеке ісінде сақталады.

3. 3. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу тәртібі

3. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу тәртібі

20

20. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтардың) жиынтық табысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен есептеледі.

21

21. Жиынтық табысты есептеген кезде отбасының тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдыңғы тоқсан ішінде нақты алынған ақшалай немесе заттай табыстарының барлық түрлері (атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй жәрдемақысынан басқа) есептеледі.

22

22. Жиынтық табыс арыз берушінің алған табыстары жөнінде берген мәліметтер негізінде есептеледі.

23

23. Отбасының жиынтық табысы отбасы құрамы туралы анықтамадан көрсетілген барлық тұлғалардың тоқсан ішіндегі табыстарын қосу жолымен есептеледі.

24

24. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алынған кезде, жиынтық табысқа табыстың барлық сомасын алынған айлардың санына бөлінген, үш айға көбейтілген мөлшердегі табыс сомасы есептеледі.

25

25. Шетелдік валютамен алынған табыстар Қазақстан Республикасының ұлттық Банкі тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасының жиынтық табысын белгілеу сәтінде белгіленген бағам бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.

26

26. Жиынтық табысты есептеудің басқа тетіктері атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін заңнамада ұқсас тәртіпте анықталады.

27

27. Арыз беруші беріп отырған табыстар туралы мәліметтердің дұрыстығына заңнамамен белгіленген тәртіпте жауап береді.

4. 4. Қаржыландыру және төлеу тәртібі.

4. Қаржыландыру және төлеу тәртібі.

28

28. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әр айдың 5-не дейін өткен тоқсанға тағайындалған тұрғын үй көмегінің сомасын және алушылар санын анықтайды. Ай сайын тағайындалған тұрғын үй көмегінің тізімін жасап, екінші деңгейдегі банктерге жібереді.

29

29. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сұраныстары негізінде өткен тоқсанға тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы көлемін анықтап, әр айдың 10-на дейін аудандық қаржы бөліміне сұраныс береді.

30

30. Аудандық қаржы бөлімі сұраныс негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тұрғын үй көмегін төлеуге бюджетте қаралған қаржыны бөледі. Бөлім өзінің ағымдағы шотына қаржы түскеннен кейін 3 күн ішінде екінші деңгейдегі банклердің шотына тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы сомасын және екінші деңгейдегі банклер мен бөлім арасындағы агенттік келісімге сәйкес комиссиялық сыйақыларды аударады.

31

31. Тұрғын үй көмегін төлеу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген алушылар тізімдері негізінде алушының жеке басын куәландыратын құжаты (төлқұжат, жеке куәлік) арқылы төленеді.

5. 5. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі.

5. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі.

32

32. Тұрғын үй көмегі бойынша есеп, бақылау жүргізу және есеп беруді жүргізу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.

33

33. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әр тоқсанның бірінші айының 10-на дейін екінші деңгейдегі банклермен өткен тоқсанда төленген сомалар бойынша салыстыру актілерін жасайды. Салыстыру актілерінің негізінде тұрғын үй көмегіне төленген сомалар бойынша белгіленген нысанмен қаржы бөліміне есеп береді.

34

34. Тұрғын үй көмегін төлеу бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын және уақытылы төленуін қадағалауды уәкілетті органдар жүзеге асырады.

35. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

35. Лауазымды тұлғалардың кінәсінен немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер берген арыз берушінің кінәсінен заңсыз төленген тұрғын үй көмегі сомалары кінәлі адамдардың есебінен бюджетке қайтарылуға жатады.
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі