О переименовании улицы Қолданыста
Басқа 0
Көшені қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес және қалалық ономастикалық комиссиясының 2007 жылғы 17 мамырдағы қорытындысының негізінде Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Урицкий көшесінің атауы Қасым Қайсенов атындағы көшеге қайта аталсын.
Тармақ 2
2. "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е.П. Ясинская) қала бюджетін түзету кезінде шығындар сметасына сай аншлагтарды жасауға қаражат қарастырсын.
Тармақ 3
3. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Ә. Маткаримов) 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейін қайта атау бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.