О дополнительном представлении лекарственных средств отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно Күшін жойған
Басқа 0
Амбулаториялық емдегенде азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік құралдарды қосымша тегін ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының "Дәрілік заттар туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 1 тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Амбулаториялық емдегенде азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды қосымша тегін ұсынудың тізбесі белгіленсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешім өзінің алғашқы ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күні өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген
санаттарына ұсынылатын тегін дәрілік заттардың қосымша тізбесі
Қостанай облыстық мәслихатының
2007 жылғы 18 мамырдағы
шешіміне қосымша
Амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген
санаттарына ұсынылатын тегін дәрілік заттардың қосымша тізбесі
№
Тұрғындар санаты
Ауру түрлері
Дәрілік заттардың атауы
1
Бүкіл санаттар
Паркинсон ауруы
Леводопа+бенсеразид, 125 миллиграмм таблетка
2
Бүкіл санаттар
Гемабластоздар мен аплазиялық анемияны қоса алғанда онкологиялық аурулар
Иматиниб, 100 миллиграмм таблетка
3
Бүкіл санаттар
Миастения
Пиридостигмин бромиді, 60 миллиграммдық таблетка