Об утверждении Правил назначения и выплат адресной материальной социальной помощи для возмещения затрат по коммунальным услугам участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, вдовам воинов, погибшим в годы Великой Отечественной войны Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу үшін атаулы материалдық әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу Ережесін бекіту туралы
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу үшін атаулы материалдық әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Қ. Есенбаева) алушылардың жеке есеп шоттарына қаражаттардың аударылуымен әлеуметтік көмектің тағайындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аталған қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К.Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан
соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу үшін атаулы материалдық әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу
ЕРЕЖЕСІ
Әкімдіктің
2007 жылғы 14 мамырдағы
№ 133 қаулысымен
бекітілген
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан
соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу үшін атаулы материалдық әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу
ЕРЕЖЕСІ
Осы ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстаң Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес әзірленді.
Тарау 6. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Осы ереже Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан, жауынгерлердің жесірлеріне коммуналдық кызметтер бойынша шығындарды өтеу үшін атаулы материалдық көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Тарау 7. Атаулы материалдық көмекті тағайындау ережесі
Атаулы материалдық көмекті тағайындау ережесі
Тармақ 1
1. Атаулы материалдық көмек өтініш нысанында беріледі.
Тармақ 2
2. Атаулы материалдық көмекті тағайындау туралы өтініш, оны алуға құқылы тұлғамен «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне беріледі.
Тармақ 3
3. Атаулы материалдық көмекті алуға өтініш берген тұлға, белгіленген нысан бойынша атаулы материалдық көмекті тағайындау туралы өтінішті ұсынады.
Тармақ 4
4. Атаулы материалдық көмекті тағайындау үшін өтінішті қарау атаулы материалдық көмекті тағайындау жөніндегі комиссиямен 10 күндік мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Атаулы материалдық көмекті тағайындаудан негізделген түрде бас тартқан жағдайда, ол жөнінде өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.
Тармақ 6
6. Атаулы материалдық көмекті есептеу жүргізіледі:
коммуналдық қызметтер бойынша (электрэнергия, автоматтық телефон станциясының қызметтері, тамақ дайындау үшін сұйықталған газ сатып алу) шығындарды өтеуге - айсайын;
ағаш пен көмір сатып алудағы шығындарды өтеуге - жылына бір рет (үшінші тоқсан ішінде) (қосымша).
Тармақ 7
7. Ұсынылған мағлұматтардың дұрыстығын растауға өтінішті кабылдап алған, тұлғалар толық жауапкершілікте болады. Төлемдер жүргізілгеннен кейін қандай да бір бұзушылықтар, мағлұматтардың дұрыс еместігі аныкталған жағдайда, заңсыз төленген қаражаттар белгіленген заңдылық тәртіпте кінәлі тұлғалардан өндіріліп алынады.
Тарау 15. Атаулы материалдық көмекті төлеу
Атаулы материалдық көмекті төлеу
Тармақ 8
8. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне атаулы материалдық көмекті төлеу аудан бюджетінің шығыстарының есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі комиссияның шешімдері негізінде есептеу жүргізеді және атаулы материалдық көмек тағайындалған азаматтардың тізімін жасайды, және «Алтынсарин ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне айсайын қаржыландыру жөнінде өтініш ұсынады.
Тармақ 10
10. Атаулы материалдық көмекті төлеу «Алтынсарин ауданы әкімдігінін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұсынылған тізімге сәйкес «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамының филиалы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Атаулы материалдық көмекті төлеу алушының қайтыс болған күнінен бастап тоқтатылады.
Тарау 20. Атаулы материалдық көмектің төленуіне бақылау жасау
Атаулы материалдық көмектің төленуіне бақылау жасау
Тармақ 12
12. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі айсайын әділет органдарынан атаулы материалдық көмек тағайындалған тұлғалардың қайтыс болу оқиғасын тіркеу туралы мәліметтерді сұрайды.
Тармақ 13
13. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі айсайын зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық бөлімшесінен Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шыққан, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері туралы мәліметтерді сұрайды.
Тармақ 14
14. Құжаттар дұрыс ресімделмей, олар бойынша заңсыз төленген атаулы материалдық көмек үшін, оған кінәлі лауазымды тұлғалар, белгіленген заңды тәртіпте жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 15
15. Төленілген сомаларды бақылау «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамының аудандық филиалы мен «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасындағы салыстырма - актілері негізінде айсайын жүзеге асырылады.
Тармақ 16. Коммуналдық қызметтер бойынша айсайынғы шығындарды өтеудегі шығыстар өтемақыларының сомасын есептеу
16. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі атаулы материалдық көмекті төлеудегі бюджеттік қаражаттардың дұрыс жұмсалуына тізбекті тексерісті жүзеге асырады.
Әкімдіктің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 133 қаулысымен бекітілген, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан, жауынгерлердің жесірлеріне коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу үшін атаулы материалдық әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесіне
қосымша
Коммуналдық қызметтер бойынша айсайынғы шығындарды өтеудегі шығыстар өтемақыларының сомасын есептеу
Коммуналдық қызметтердің түрлері
Айына 1 адамның шығын нормасы
Бірлік үшін бағасы (теңге)
Бір айдағы шығын сомасы (теңге)
Бір жылдағы шығын сомасы
Электроэнергия
70 квт/сағ
6,9426
486
5832
Автоматты телефон станциясының қызметтері (абоненттік төлем)
1 нөмір
250
250
3000
Тамақ дайындау
үшін газ (сұйықталған)
6,7 кг
31,6
212
2543
Барлығы
957
11375
Жылыту үшін ағаш пен көмір сатып алудағы шығындарды өтеудегі шығыстар өтемақыларының сомасын есептеу (1 бөлмеге есебімен (36 шаршы м.)
Отын түрі
Өлшем бірлігі
1 шаршы м. нормасы
36 шаршы м.
есебіндегі көлемі
Бірлік үшін бағасы (теңге)
Құны (теңге)
Ағаш
Текше метр
5,0
2200
11000
Көмір
тонна
0,144
5184
3400
17625
Барлығы
28625
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің саны - 26 адам.
Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан, жауынгерлердің жесірлерінің саны - 3 адам.
Ай сайынғы шығындарды өтеу сомасы 329785 теңгені құрайды (11375 теңге х 29 адам).
Отын сатып алудағы шығындар сомасы 830125 теңге (28625 тенге х 29 адам).