Об утверждении Правил оказания социальной помощи для обеспечения дополнительного питания гражданам, больным активным туберкулезом Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығының 5.5-бөліміне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы № 850 «Қазақстан Республикасында туберкулезбен күресті күшейтудің 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысының 5 бөлімінің 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануды камтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Қ.Есенбаева) алушылардың жеке есеп шоттарына каражаттардың аударылуымен әлеуметтік көмектің тағайындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің Алтынсарин аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (бас дәрігер Ж.Қ. Қуанова), (келісім бойынша) белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтардың тізімдерін айсайын «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К.Ғ. Таңқыбаевка жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережесі
Әкімдіктің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 134 қаулысымен бекітілген Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аталған белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету ережесі (әрі қарай - Ереже), белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін белгілейді (әрі қарай әлеуметтік көмек).
Тармақ 2
2. Аталған ережеде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган (әрі қарай - уәкілетті орган) - «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмек - белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануды қамтамасыз етуге бағытталған ақашалай төлемнің бір түрі;
Тармақша 3
3) алушы - облыстың туберкулезге қарсы мекемелерінде диспансерлік есепте тұрған, белсенді туберкулезбен ауыратын азамат.
Тармақ 3
3. Алтынсарин ауданы аумағында тұратын белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтардың әлеуметтік көмекті алуға құкығы бар.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сактау департаментінің Алтынсарин аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ұсынған өтінішіне сәйкес айсайын жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті алуға өтіну тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті алуға өтіну тәртібі
Тармақ 5
5. Ереженің 3-тармағында аталған тұлғалар тұрғылықты мекенжайы бойынша уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады: белгіленген нысанда өтініш; жеке тұлғаны куәландыратын кұжаттың көшірмесі; мекенжайын растайтын құжаттың көшірмесі; «Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің Алтынсарин аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының өтініші.
Тармақ 6
6. Балаларға әлеуметтік көмек тағайындау, ата-анасының біреуі немесе заңды өкілінің (қорғаншы, қамқоршы, патронатты тәрбиеші) өтініші, 5-тармақта көрсетілген кұжаттарды, сондай-ақ баланы куәландыратын кұжаттарды және қорғаншы, қамқоршы, патронатты тәрбиеші статусын растайтын құжаттарды ұсынумен жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек өтініш беру айынан бастап оған құқығы пайда болғаннан кейінгі ағымдағы айға тағайындалады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмекті тағайындау мекенжайы бойынша уәкілетті органмен «Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің Алтынсарин аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынымен ұсынылатын белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтардың тізімдеріне сәйкес жүргізіледі
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмектің көлемі айына 600 (алты жүз) теңгені құрайды.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті төлеу
4. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмекті төлеу «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұсынылған алушылардың ашылған жеке есеп шоттарына сомаларды аудару үшін ведомостар негізінде, заңмен белгіленген тәртіпте келісім шарт жасалған екінші деңгейлі банктер арқылы жүргізіледі.