Об утверждении Правил оказания социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 -бабының 2-тармағының 3)-тармақшасына, 16-бабына, 29-бабының 6, 7-тармақтарына, «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Қ.Есенбаева) алушылардын жеке есеп шоттарына қаражаттардың аударылуымен әлеуметтік көмектін тағайындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Л.А.Перова) тиісті жылға ауданның бюджетімен бекітілген қаражаттар шегінде, әлеуметтік көмекті каржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек аудандық бюджет каражатгары есебінен 2007 жылдың 1 каңтарынан төленеді деп белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К.Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Әкімдіктің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 132 қаулысымен бекітілген Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережесі (әрі қарай-Ереже) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады: әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган (әрі қарай-уәкілетті орган) - «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі; мүгедек бала - тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегіз жасқа толмаған тұлға; өтініш иесі-мүгедек баланың атынан әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беруші тұлға.
Тармақ 3
3. Үйде тәрбиелеу және оқыту, ата-анасының немесе оның заңды өкілдерінің тілегін есепке ала отырып, мүгедек балаларды жалпы немесе арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа да оқу орындарында оқытуға мүмкіндік болмаған жағдайда, ведомствоаралық психологтық - медициналық -педагогикалық консультациялық комиссия қорытындысы негізінде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті алуға үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек баланың ата-анасының біреуінің, немесе оның заңды өкілінің құқығы.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған мүгедек балаларға тағайындалады және төленеді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек мүгедек балаларға басқа да әлеуметтік көмек түрлеріне немесе алименттерге және отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш беру
2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш беру
Тармақ 7
7. Ерелженің 4-інші бабында көрсетілген тұлғалар тұрғылықты мекенжайы бойынша уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) белгіленген нысанда өтініш;
Тармақша 2
2) өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі):
Тармақша 3
3) отбасы құрамын жэне мекенжайын растайтын қүжат;
Тармақша 4
4) медициналық-элеуметтік сараптау комиссиясының мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасы (түпнұсқасы жэне көшірмесі);
Тармақша 5
5) медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы берген мүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттігі туралы белгісімен оңалтудың жеке бағдарламасын (түпнұсқасы);
Тармақша 6
6) баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі). Қорғаншының (қамқоршының) әлеуметтік көмек белгілеу жөніндегі өтінішіне қорғаншының (қамқоршының) куәлігі немесе қорғаншылық пен қамқоршылық белгілеу органдарының қорғаншылық (қамқорлық) белгілеу туралы шешімінен үзінді қоса беріледі.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар, салыстыру үшін түпнұсқасы және көшірмесімен ұсынылады, содан кейін өтініш иесіне құжаттардың түпнұсқасы қайтарылып беріледі.
Тармақ 9
9. Уәкілетті органның кызметкерлері құжаттардың көшірмелерін куәландырады, қоса берілген кұжаттарымен өтінішті тіркеу журналына тіркейді және өтініш иесіне қабылдау туралы белгісі бар үзбелі талон береді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек алуға құқық пайда болғаннан кейін, әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінген айдан бастап тағайындалады. Барлық қажетті құжаттармен қоса өтініш берген күн өтіну күні болып саналады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті тағайындау ата-анасының біреуінің немесе оны ауыстырушы тұлғаның өтініші бойынша мүгедек баланың тұрғылықты мекенжайы бойынша уәкілетті органмен жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек «Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.М. Грынькив) ұсынған тізімге сәйкес мүгедек баланың үйде оқыту (тәрбиелену) кезеңіне тағайындалады.
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган құжаттар түскен күннен бастап 10 күн мерзімде жергілікті бюджет қаражатынан әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді тоқтату немесе қайтадан бастауға (асырап алу, бала өлімі және т.б.) әкелетін жағдайлар болған кезде, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тиісті жағдайға байланысты сол айдан кейінгі келесі айдан бастап тоқтатылады немесе қайтадан басталады.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек тиісті қаржы жылына «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
Тармақ 16
16. Тоқсан ішінде өзгерістер болған жағдайда, әлеуметтік көмек алу құқығы келесі тоқсанда қайта қаралады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті төлеу
4. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмекті төлеу Ұлттық банктің лицензиясы бар екінші деңгейлі банк филиалдары арқылы оны алуға құқығы бар тұлғалардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Уәкілетті орган тоқсан сайын жиынтық тізімдер қалыптастырады және банктердің филиалдарына жібереді.
Тармақ 19
19. Әлеуметтік көмекті есептеу ай сайын өткен айға жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын немесе төлейтін уәкілетті органның кінәсі бойынша уақытылы аударылмаған әлеуметтік көмектің сомасы, өткен уақытқа қандай да мерзіммен шектеусіз бірден аударылады.
Тармақ 21
21. Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша есепті жүргізу және есептілікті құру тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.