Чкалов селолық округіндегі мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруын жою және алдын-алу шаралары туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Чкалов селолық округіндегі мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруын жою және алдын-алу шаралары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-11 «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 9 тармақшасына және «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1- тармағының 18-тармақшысына сәйкес және Атырау қалалық ветеринариялық инспекциясының 7 наурыз 2007 жылғы № 14 ұсынысы негізінде аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Чкалов селолық округінің Шодыркөл участогіндегі «Салтанат» шаруа қожалығындағы мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының ( Атырау облыстық ветеринарлық зерттеуханасының 2 наурыз 2007 жылғы № 08 сараптамасы) шығуына байланысты елді мекен аумағында шектеу қойылсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес «Салтанат» шаруа қожалығы аумағында шаруашылық малдарын бруцеллез ауруынан тазарту, оны болашақта болдырмау шараларын іске асырсын.
Тармақ 3
3. Шарада көрсетілген ветеринариялық-санитарлық жұмыстарды қадағалау бруцеллез ауруымен күресу жөніндегі нұсқау, ереже талаптарына сәйкес мерзімінде орындау аудандық аймақтық инспекциясынан – (келісім бойынша), аудандық санитарлық – эпидимеологиялық қадағалау басқармасынан (келісім бойынша), аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінен (келісім бойынша) сұралсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулыны іске асыру, орындалысы жөнінде әр 10 күн сайын аудан әкімі аппартына хабарлап отыру Чкалов селолық округі әкімі аппаратына, аудандық ауылшаруашылығы бөліміне тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Чкалов селолық округін қарасты «Салтанат» шаруа қожалығында мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының байқалуына байланысты қойылған шектеу, бруцеллезге тексеру натижесінде екі рет қатарынан таза деген қорытынды алынғаннан кейін алынып тасталсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалу барысын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С. Шотпақовқа жүктелсін. Қаулы ескертулерсіз келісілді: Аудандық аймақтық басқарма бастығы Д. Рысқалиев 21.05.2007 ж. Аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы А. Искакова 21.05.2007 ж. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері А. Жұмыров 22.05.2007 ж.
Басқа 8
Махамбет аудандық әкімиятының 2007 жылдың 18 мамырдағы № 138 қаулысына 1 қосымша Чкалов селолық округіне қарасты «Салтанат» шаруа қожалығындағы малдарын бруцеллез ауруының тазарту, оны болашақта болдырмау мақсатындағы ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар жоспары р/с Ветеринариялық іс-шаралар Орындалу мерзімі Жауапты адам Орындалысын қадағалау 1 Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауру белгісі байқалуына байланысты Алмалы селолық округіне қарасты»Бөкен» шаруа қожалығы аумағына шектеу қою және селолық округ тұрғындары арасында бруцеллез ауруы туралы кең түсінік жұмыстарын жүргізу; Үнемі Селолық округ әкімі аппарты, селолық жанұялық емхана меңгерушісі, селолық округтің ветеринар инспекторы (келісім бойынша); Селолық округ әкімі, аудандық ветеринарлық қадағалау бөлімі (келісім бойынша); 2 Бруцеллез ауруын жою туралы ветеринар мамандарына практикалық көмек беру және ауру малдарын нұсқауға сәйкес дер кезінде жойылуын қамтамасыз ету; Тұрақты Селолық округі әкімі аппарты; Селолық округі әкімі аппараты, аудандық ветеринарлық қадағалау бөлімі (келісім бойынша); 3 Сүтті қайнатып пайдалану, қаймақ, құрт, ірімшік дайындауға тиым салу. Бруцеллезге теріс реакция берген шектеу аумағындағы аналық сиырдың сүтін 70 градус температурада 30 минут қайнатылғаннан кейін пайдалану; Кезінде Мал иелері, ветеринар лицензиат дәрігер (келісім бойынша); Селолық округі әкімі аппараты, селолық округтің ветеринарлық инспекторы (келісім бойынша); 4 Ветеринариялық мамандардың рұқсатынсыз мал, мал өнімдерінің қозғалысына, шектеу қойылған аумақтан дайындалған жем-шөпті басқа жерге сатуға, шығаруға тиым салынсын. Шектеу мерзімі кезінде Селолық округ әкімі аппараты, ветеринар инспектор (келісім бойынша); Селолық округ әкімі, аудандық ауылшаруашылығы бөлімі, аудандық ветеринарлық қадағалау бөлімі (келісім бойынша); 5 Ауру малды 5 күн мерзім ішінде жою шарасын алу. Ауру мал тұрған орындар, қора-жайларды механикалық жолмен тазартып, арнайы залалсыздандырғыш ертінділер арқылы залалсыздандыру; Кезінде Селолық округі әкімі аппарты, ветеринар инспектор (келісім бойынша); Селолық округ әкімі, аудандық ауылшаруашылығы бөлімі; 6 Бруцеллез ауруымен аурудын алдын алу және жою туралы Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы Министрлігі ветеринариялық комитеті төрағасының 3 ақпан 1999 жылғы № 111/57 Нұсқауының 8-бабының 8.4.2.1 тармақтары бойыншша бір жыл ішінде ірі қара малдары бруцеллезден тазартылмаған жағдайда қалған сау малдары жою арқылы сауықтыру. Бруцеллез аурумен күресу, алдын-алу және жою жөніндегі нұсқауға сәйкес Селолық округ әкімі аппараты, ветеринар лицензиат дәрігер, ветеринар инспектор (келісім бойынша); Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі, аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (келісім бойынша); 7 Ауру малдың төлін қатан есепке алып, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық комитеті Төрағасының 3 ақпан 1999 жылғы № 111/57 нұсқауының 7 бабына сәйкес жою шарасын алу; Бруцеллез аурумен күресу, алдын-алу және жою жөніндегі нұсқауға сәйкес Селолық округ әкімі аппараты, ветеринар лицензиат дәрігер, ветеринар инспектор (келісім бойынша); Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (келісім бойынша); 8 Бруцеллез ауруымен аурудың алдын алу және жою туралы Қазақстан Республикасы ауылшаруашалағы Министрлігі ветеринариялық комитеті төрағасының 3 ақпан 1999 жылығы № 111/57 Нұсқауының 8-бабының 8.4.2.1 тармақтары бойынша бір жыл ішінде серологиялық жолмен тексеру арқылы мүйізді ірі қара малдары бруцеллезден тазартылмаған жағдайда қалған барлық сау малдары жою арқылы сауықтыру. Бруцеллез аурумен күресу, алдын-алу және жою жөніндегі нұсқауға сәйкес Селолық округ әкімі аппараты, ветеринар лицензиат дәрігер, ветеринар инспектор (келісім бойынша); Аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (келісім бойынша); аудандық аумақтық инспекциясының ветеринарлық қадағалау бөлімі(келісім бойынша 9 Ауру малдың төлін қатаң есепке алып, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы Министрлігі ветеринариялық комитеті Төрағасының 3 ақпан 1999 жылғы № 111/57 нұсқаулық 7 бабына сәйкес жою шарасын алу; Бруцеллез аурумен күресу, алдын-алу және жою жөніндегі нұсқауға сәйкес Селолық округ әкімі аппараты, ветеринар лицензиат дәрігер, ветеринар инспектор (келісім бойынша); Аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (келісім бойынша); 10 Бруцеллезге тексеру қорытындысы бойынша екі рет таза қорытынды алынғаннан кейін үш ай байқау мерзімінде бір ай жарым сайын екі рет тексеру нәтижесінде таза болған жағдайда шектеуді түсіру. Бруцеллез аурумен күресу, алдын-алу және жою жөніндегі нұсқауға сәйкес Селолық округ әкімі аппараты, ветеринар лицензиат дәрігер, ветеринар инспектор (келісім бойынша); -//-