Ауданда далалық өрттерді сөндіруді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1997 жылғы 7 мамырдағы № 100-1 «Азаматтық қорғаныс туралы», 1996 жылғы 22 қарашадағы «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы Заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 шілдедегі «Өрт сөндіру жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарды орындауға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлімшілері мен өрт сөндіруге тартылған күштер үшін ұйымдардың аумақтарында өрт сөндіру кезінде қажетті күштер мен құралдарды, жанар-жағармай материалдарын, сондай-ақ тамақ өнімдерін және орындарын демалыс ұсыну ережесін бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Ауданда далалық өрттерді сөндіруді ұйымдастыру туралы от 26.04.2007 г. № 119 (Ауданда далалық өрттерді сөндіруді ұйымдастыру туралы)
1. Ауданда өртті сөндіруге іс-шаралар жоспары №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін:
2. Ауданда үлкен дала және орман өрттерін сөндіру жөнінде жоспары №2 қосымшаға сәйкес жасалсын.
3. Қаржы бөлімі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға, тағы да басқа көзделмеген шығындарға, далалық өрттерден халықты және аумақты қорғау жөніндегі шараларды іске асыруға байланысты шығындарды қаржыландыруға жергілікті атқарушы органдар резервінен 18000000 (бір миллион сегіз жүз мың) тенге қаржы № 3 қосымшаға сәйкес бөлсін.
4. Ауылдық округ әкімдеріне және тиісті мекеме басшыларына:
1) Ауылдық округ аумағында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және шаруа қожалықтарының жетекшілеріне өрт сөндіретін машиналар мен осы мақсатқа жарақтандырылатын техникаларды жұмысқа дайындап қоюға, өрт сөндіретін машина немесе осы мақсатқа жарықтандырылатын техника күштері жетпеген жағдайда арнайы машиналар объектілерде өрт сөндіруге арналған су қорымен қамтамасыз ету мақсатында талаптарға сай кезекшілік техникалардың ұйымдастырылуын бақылау ауылдық әкіміне тапсырылсын;
3) Баспасөз беттерінде далалық өрттер туралы, өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру туралы мақалалар орналастыруын бақылау «Қайнар» газетінің редакторы М.Қажиахметовке міндеттелсін;
5. Өрт немесе төтенше жағдайлар жөніндегі хабар алу үшін барлық елді мекендермен тұрақты байланыс орнату, төтенше хабар келген кезде тәулік бойы кезекшілік қойып (Қ.Разиев), аудандық өрт бөлімінің бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету аудандық телекоммуникация торабына. (С.Тажмұхан) ұсынылсын.
6. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Қ.Жакиевке жүктелсін.
№1 қосымша Сырым ауданы әкімиятының
2007 жылғы 26 сәуірдегі
№ 119 қаулысымен бекітілген
Далалық өртерден Сырым ауданның тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі 2007 жылдың іс-шаралар жоспары
№
Шаралар
Жауапты орындаушылар
Орындалу мерзімі
1
2
3
4
1
Едлі-мекендерде және объектілерде өрт сөндіруге арналған су қорымен қамтамасыз ету
Ауылдық округінің әкімдері
Мамыр-Қазан
2
Далалық өртті сөндіруге бөлінген ранецтарды дұрыс жағдайда ұстау (жөндеу, тазарту, бөлшектерін ауыстыру, сақтау)
Ауылдық округінің әкімдері
Мамыр-Қазан
3
Шаруа қожалықтарының орман алқаптарында, шабындықтарда, сабандарды, егін қалдықтарын шөпті өртеуді және далалықтарды отты жағуды (соның ішінде ауыл шаруашылық палдарлы өткізу) бақылааусыз жүргізуді болдырмау
Ауылдық округінің әкімдері
Өртке қарсы қызметі (Т.Жакупов)
Мамыр-Қазан
4
Ауыл шаруашылығы пайдаланымдағы жерлерінде орналасқан екпе ағаштар бойына өртке қарсы 3 метрлік минералдырылған жолақтар жасау және өрт қауіпі кезінде оларды 2-3 қайтара күту;
Ауылдық округінің әкімдері
Өртке қарсы қызметі (Т.Жакупов)
Мамыр-Қазан
5
Автокөлік жолдары бойында, орман алқаптары, орман дақылдары төңірегінде өртке қарсы бағытталған 4 метрлік минералданған жолақтар жасау және оған өрт қауіпі бар кезенде 3 есе күтім беру (тез түтанатын материалдан тазарту, жол бойларындағы шөптерді шабу, алқаптарды жырту)
Ауылдық округінің әкімдері
«Тагра» ЖШС
(Ә.Табышев)
ЖЖУ-39
(Ә.Акдаулетов)
Мамыр-Қазан
6
Ауылдық округтерде ерікті өрт сөндірушілердің топтарын ұйымдастыру
Ауылдық округінің әкімдері
Мамыр-Қазан
7
«Батыс Қаз ОТД» және «Батыс Қазақстан ТЭК» қарасты телекоммуникация және электр тіреулері бойымен 4 метрден кем емес жолақпен жер жырту керек
С.Тәжібаев
С.Тажмұқан
Мамыр-Қазан
№2 қосымша Сырым ауданы әкімиятының
2007 жылғы 26 сәуірдегі
№ 119 қаулысымен бекітілген
Сырым ауданында үлкен дала және орман өрттерін сөндіру жөнінде
топ құруы туралы
1. Үлкен өртті сөндіруге күшпен құрал-жабдықтарды жұмылдыру үшін жедел топ құрылсын:
Жакиев Қуандық Мешітқалиүлы - аудан әкімінің орынбасары, топ жетекшісі Алдабергенов Абай Қапанұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, топ мүшесі (келісім бойынша)
Рыскалиев Сырым Капанұлы - аудандық №12 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, топ мүшесі (келісім бойынша)
Бисалиев Берік Абрекұлы – «Сырым» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бастығы, топ мүшесі (келісім бойынша)
Табышев Әбикеш Мәүлекешұлы - «Тагра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Жакупов Талғат Саменұлы- «Өртке қарсы қызметі» бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Аманбаев Нұрлан Мусаұлы - Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі
Ақдаулетов Әділбеқ Кадырұлы - аудандық жол пайдалану №39 учаскесінің бастығы (келісім бойынша)
2. Өртпен апатты уақытында жою үшін жедел топ өрт сөндіру жетекшісінің нұсқауымен ауданда бар күшпен кұрал-жабдықтарды жұмылдырылуы қарастырылсын.
3. Үлкен өртті сөндіру жұмыстарын басқару № 12 өрт сөндіру бөлімінің бастығы С.Рыскалиевке жүктелсін.
4. Өрт сөндіруге жұмылдыратын күшпен құрал-жабдықтардың тізімін шаруашылықтармен мекемелерге бекітілсін.
5. Үлкен өрт болған кезде елді мекендерде тізімде көрсетілген күшпен кұрал-жабдықтар өртті сөндіруге жедел топтың нұсқауымен қосылады.
№3 қосымша Сырым ауданы әкімиятының
2007 жылғы 26 сәуірдегі
№ 119 қаулысымен бекітілген
2007 жылдың далалық өртке қарсы шараларды қамтамасыз етуге қаржы бөлу есебі
Далалық өрттерді сөндіру үшін жанар-жағармай және тағыда басқа құралдар сатып алуға 1800000 теңге
1. Далалық өрт кезінде жұмысқа тартылған автокөліктермен және техникаларды тиісті жанар-жағар маймен қамту (№12 ӨСБ соның ішінде):
№
Атауы
Баға (тенге)
Саны (литр)
сомасы
1
Дизелдік отын
65
2900
130 000
2
Бензин Аи-80
52
300
275 600
Барлығы
405 600
Барлығы: 405 600 (төрт жүз бес мың алты жүз) теңге
2. Далалық өртке қарсы қолдануға қажетті жабдықтар:
Өрт сөндіруші ранец 96 дана * 14 212,5 тенге = 1 364 400 теңге
Барлығы: 1 364 400 (бір миллион үш жүз алпыс төрт мың төрт жүз) тенге
3. Далалық өрт кезінде түрлі жұмыстарға жұмылдырған өрт сөндіру командасы және ерікті адамдарды тамақтандыру:
60 адам * 500 теңге = 30 000 тенге
Барлығы: 30 000 (отыз мың) тенге
БАРЛЫҒЫ: 1 800 000 (бір милион сегіз жүз мың) тенге.