Қолданыстағы ред. 24.05.2007

Қарашеңгел ауылдық округінің "Телман", Бірінші май ауылдық округінің "Жасталап" ауылына жеке шаруа аулаларында қой, ешкі малдарының ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу енгізілуі туралы от 24.05.2007 г. № 128 (Қарашеңгел ауылдық округінің "Телман", Бірінші май ауылдық округінің "Жасталап" ауылына жеке шаруа аулаларында қой, ешкі малдарының ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу енгізілуі туралы)

0

Қарашеңгел ауылдық округінің "Телман", Бірінші май ауылдық округінің "Жасталап" ауылына жеке шаруа аулаларында қой, ешкі малдарының ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу енгізілуі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2007 жылдың 15 мамырындағы №№ 274, 275, 276, 16 мамырындағы № 287 сараптамалары, Қаратал аудандық бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспеторының 2007 жылдың 22 мамырындағы № 125 хабарламасы және төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссияның 2007 жылдың 23 мамырындағы хаттамасы негізінде, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қарашеңгел ауылдық округінің «Тельман» ауылына, Бірінші май ауылдық округінің «Жасталап» ауылына жеке шаруа ауларында қой, ешкі малдары ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында, шектеу іс-шаралары қосымшаға сай енгізілсін.

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Амандосовқа жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4

Қаратал ауданы әкімдігінің 2007 жылдың «24» мамырындағы № 128 «Қарашеңгел ауылдық округінің «Тельман» ауылына, Бірінші мац ауылдық округінің «Жасталап» ауылына жеке шаруа аулаларында қой, ешкі малдарының ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысы шектеу eнгізілуі туралы» қаулысына қосымша
Қарашеңгел ауылдық округінің «Тельман» ауылына, Бірінші мац ауылдық округінің «Жасталап» ауылына жеке шаруа аулаларында қой, ешкі малдарының ішінен бруцеллез ауруын жою жөніндегі шектеу іс –шаралар жоспары
№ р/с
Ic-шараның аталуы
Орындалу мерзімі
Орындауға жауаптылар
Ұйымдық-шаруашылық шаралары
1
Ауылдық округтегі елдi мекендегі ауылшаруашылық малдардың толық есебін жүргізу
2007 жылдың шілде айына дейін
Ауылдық округінің әкімі аппаратының мамандары, мал дәрігерлік инспекторы
2
Өлген малдарды тастайтын шұңқырды осы елді мекенде жасау
Ауру шыққан мерзімдерде
Ауылдық округінің әкімі aппapaтының мамандары, мал дәрігерлік инспекторы
Арнайы мал дәрігерлік шаралар
1
Бруцеллез ауруымен ауырған малдарды тез арада жалпы табыннан аластау
3 күн ішінде
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері /келicyiмен/
2
Ауру шыққан малдарды мал иелерінен алынып өртеу аркылы жойылуын қамтамасыз ету
Ауру шыққан мерзімдерде
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері /келicyiмен/
3
Мал тұрған қоралар мен аулаларды қидан тазарту және арнайы дәрілермен залалсыздандырудан өтзкізу
Тез арада
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері /келicyiмен/
4
Ауру шыққан ауладағы қалған малдардан 20-25 күн сайын қан алынып, 2 қайтара, таза шыққанша, бруцеллез ауруына тексерілуін қамтамасыз ету
Тұрақты түрде
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері /келicyiмен/
5
Ауру шыққан ауладағы адамдардың бруцеллез ауруына тексерілуін жүргізу
30.05.2007 ж. дейін
«Алматы облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялы қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қаратал аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» филиалы басқармасының мамандары /келісуімен/, мал дәрігерлік инспекторы
6
Аудан тұрғындары арасында бруцеллез ауруына қарсы шаралар жөнінде насихат жұмысын жүргізу
Тұрақты түрде
«Алматы облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қаратал аудандық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» филиалы басқармасының мамандары /келісуімен/, мал дәрігерлік инспекторы