Об утверждении Правил учета, хранения и реализации марок акцизного сбора на алкогольную и табачную продукции отечественного производства Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Отандық өндірістің алкоголь және темекі өнімдерінің акциздік алым маркаларын есепке алу, сақтау және сату Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 сәуiрдегi "Акцизделетiн тауарлардың жеке түрлерiн акциздiк алым маркаларымен таңбалау туралы" N 431 қаулысын орындау, сондай-ақ олардың қозғалысын жүзеге асыру үшiн БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. 1-қосымшаға сәйкес отандық өндiрiстiң алкоголь және темекi өнiмдерiнiң акциздiк алым маркаларын есепке алу, сақтау және сату ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Алматы қаласының салық комитетiне:
Тармақша 1
1) 2 қосымшаға сәйкес алкоголь және темекi өнiмдерi тауарын шығарушылардан акциздiк алым маркiлерiнен түсетiн қаржыны аудару үшiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Комитетiнiң Республикалық мемлекеттiк "ҚазАлкоОрталық" кәсiпорнының есеп шоты пайдаланылсын;
Тармақша 2
2) 1999 жылдың екiншi жартысында алкоголь өнiмiнiң акциздiк алым маркiлерiн дайындау үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Банкнот фабрикасының адресiне өтiнiм жiберiлсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң кеден комитетi екi апта iшiнде, Қазақстан Республикасының кеден аймағына импортталатын алкоголь және темекi өнiмдерiнiң акциздiк алым маркаларын есепке алу, сақтау және сату ережелерiн әзiрлеп, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне бекiтуге ұсынсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң заң департаментi (Дүйсенбек М.Д.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң әкiмшiлiк департаментi (Есімбеков С.К.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша кеден комитетінің, салық полициясы комитетінің, салық комитетінің бірінші басшыларына жеткізсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Мемлекеттік кіріс министрлігінің вице-министрі - У.С. Байжановқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 10. Отандық өндірістің алкоголь және темекі өнімдерінің акциздік алым маркаларын есепке алу, сақтау және сату Ережесі
Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 ж. 1 маусым N 591 бұйрығына 1 қосымша Отандық өндірістің алкоголь және темекі өнімдерінің акциздік алым маркаларын есепке алу, сақтау және сату Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Таңбалауға жататындар: арақ, ликер-арақ бұйымдары, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген соктар мен бальзамдар, шараптар, коньяктар, жүзiм шарабы; отандық темекi бұйымдары (мына атауларынан басқа, фильтрсiз барлық сигареттер мен папиростар). Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тармақ 2
2. Акциздiк алым маркiлерi қатаң жауапты бланкiлерге жатады: Алкоголь өнiмi жетi таңбалы типографиялық нөмiрлi болады және бес түрi: арақ, күштi алкогольды iшiмдiктер, әлсiз алкогольды iшiмдiктер, шарап және коньяк - пайдаланылатын сыйымдылығына байланысты (бұдан былай - сыйымдылық) былай бөлiнедi: 0 л - 0,24 л, 0,25 л, 0,26 л және одан аса; Темекi өнiмi екi таңбалы сериялы және таңбаның шығарылған жылы болады. Ескерту: 2-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тармақ 3
3. Акцизделетiн өнiмдi, сондай-ақ тәркiленген әрi соттың шешiмiмен ары қарай сатылуға жататын акцизделетiн өнiмдi таңбалауға керек акциздiк таңбалар облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша тиiстi Салық комитетiнде (бұдан былай - облыстық салық комитеттерi) берiледi. Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тармақ 4
4. Ескерту: 4-тармақ алынып тасталынды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тармақ 5
5. Алушы мекемелер алған акциздiк алым маркiлерi басқа мекемелерге және тұлғаларға қандай да бiр түрде бөлектетiлуге, қайта сатылуға, беруге жатпайды акциздiк алым таңбалары сатып алған орны бойынша тиiстi салық комитеттерiне қайтарылудан басқа. Ескерту: 5-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тарау 2. 2. Банкнот фабрикасынан акциздiк алым маркiлерiн алу және сақтау тәртiбi
2. Банкнот фабрикасынан акциздiк алым маркiлерiн алу және сақтау тәртiбi
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiнiң аумақтық басқармалары (бұдан былай - Комитеттiң аумақтық басқармалары) тәркiленген өнiмдi сатумен айналысатын отандық тауар өндiрушілер мен кәсiпорындардан белгiленген тәртiппен акциздiк алым таңбаларын сатып алуға тапсырыстардың жиналуын қамтамасыз етедi әрi бiрiктiрiлген тапсырыстарды айларға, түрлерге, сыйымдылықтарға бөле отырып, Алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетке (бұдан былай - Комитет) тапсырады. Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тармақ 7
7. Комитет аумақтық басқармалардың тапсырыстарына сәйкес акциздiк таңбаларды түрлерi бойынша әзiрлеуге тапсырыстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң Банкнот фабрикасына (бұдан былай - Банкнот фабрикасы) орналастырады әрi жинақтық тапсырысты Алматы қаласының салық комитетiне тапсырады. Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тармақ 8
8. Банкнот фабрикасымен есептесу Республикалық Мемлекеттiк Кәсiпорын "ҚазАлкоОрталықтың" (ары қарай - РМК) есеп шотына акциздiк маркiлердi сатудан түскен қаржы есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 9
9. Акциздiк алым маркiлерiн Алматы қаласының салық комитетi облыстардың салық комитеттерiне бередi.
Тармақ 10
10. Акциздiк алым маркiлерiн Банкнот фабрикасынан жеткiзу, сақтау және оларды облыстардың салық комитеттерiне беру жауапкершiлiгi Алматы қаласының салық комитетiнiң бiрiншi басшысына жүктеледi.
Тармақ 11
11. Акциздiк маркiлердi облыстардың салық комитеттерiне жеткiзудi осы комитеттердiң өкiлдерi қарулы күзетпен бiрге жүзеге асырады. Ескерту: 11-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тармақ 12
12. Тәркiленген акцизделетiн өнiмдердi таңбалау үшiн керек акциздiк алым маркiлерiн мұндай өнiмдi сатумен айналысатын ұйымдарының өтiнiштерi негiзiнде облыстардың салық комитеттерi бередi. Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тармақ 13
13. Акциздiк алым маркiлерiн алу үшiн облыстардың салық комитеттерi алкоголь өнiмiнiң iрi өндiрушілерi сенiм хат беретiн басшының және бас есепшiнiң, сондай-ақ акциздiк алым маркілерiн алатын қызметкерлердiң қол қою үлгiлерiн Алматы қаласының салық комитетiне бередi. Ескерту: 13-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тармақ 14
14. Бiрiншi басшының бұйрығымен Алматы қаласы салық комитетi сондай-ақ Банкнот фабрикасынан алынған әрi салық комитеттерi мен iрi алкоголь өнiмiн өндiрушiлерге берiлген акциздiк таңбалар туралы Комитетке және облыстық салық комитеттерiне есеп беру қызметкерлерi құрамынан алым маркiлерiн алатын, есептейтiн, сақтайтын және оларды облыстардың салық комитеттерiне беретiн материалды жауапты адам тағайындалады. Ескерту: 14-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тармақ 15
15. Банкнот фабрикасынан акциздiк алым маркiлерiн Алматы қаласы салық комитетiнiң бiрiншi басшысы тағайындаған материалды жауапты адам алады.
Тармақ 16
16. Акциздiк алым маркiлерiн алу үшiн материалды жауапты адамға Алматы қаласы салық комитетiнiң бiрiншi басшысы, бас есепшiсi қол қойған және мөрмен расталған сенiм хат берiледi.
Тарау 3. 3. Облыстардың салық комитеттерiне акциздiк алым маркiлерiн беру
3. Облыстардың салық комитеттерiне акциздiк алым маркiлерiн беру
Тармақ 17
17. Акциздiк алым маркiлерiн сақтауды Алматы қаласы салық комитетi өртке қарсы және күзет сигнализациясы бар тұрғын-жайды, екi жұмыс зонасына бөлу арқылы жүзеге асырады: маркiнi сақтау және беру операциясы.
Тармақ 18
18. Материалды жауапты адам облыстардың салық комитеттерiнiң өкілдерiне акциздiк алым маркiлерiн беруi үшiн төмендегідей құжаттарды талап етедi: акциздiк алым маркiлерiн алушының атына берiлген облыстың салық комитетiнiң бастығы және бас есепшiсi қол қойған сенiм хаттың түпнұсқасы; акциздiк маркiлер үшiн төлемнiң төленгенi туралы РМК-ның арнайы есеп шотына қаржының түскенi туралы банкiнiң белгiсi бар төлем тапсырманың көшiрмесi; тұлғаның төлқұжаты немесе куәлiгi; акциздiк алым маркiсiн алушының қызметтiк куәлiгi.
Тарау 4. 4. Акциздiк алым маркiлерiн акцизделетiн өнiм өндiрушілерге және тәркiленген өнiмдермен айналысатын ұйымдарға беру тәртiбi
4. Акциздiк алым маркiлерiн акцизделетiн өнiм өндiрушілерге және тәркiленген өнiмдермен айналысатын ұйымдарға беру тәртiбi Ескерту: Тараудың атауы өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тармақ 19
19. Акциздiк алым маркiлерiн сақтауды облыстардың салық комитеттерi өртке қарсы және күзет сигнализациясы бар, маркiлердi сақтауға және клиенттермен операция жүргiзуге лайық екi жұмыс зонасынан тұратын тұрғын-жайда жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Облыстық салық комитеттерi алкоголь және темекi өнiмiн өндiрушi мекемелерге акциздiк алым маркiлерiн берудi келесi құжаттары болғанда жүзеге асырады: акциздiк алым маркiлерiн алу үшiн жазған өтiнiшi; заңды және жеке кәсiпкер ретiндегi мемлекеттiк тiркеу куәлiгi (көшiрме); жергiлiктi салық комитетiнен салық төлеушi ретiнде тiркелгенi туралы анықтама; тиiстi қызмет түрiне лицензия (көшiрме); бұрын алынған акциздiк алым маркiлерiн пайдаланғаны туралы есеп; акциздiк марка үшiн қаржы аударылғаны туралы төлем тапсырмасы; акциздiк маркiлердi алу үшiн сенiм хаттар; маркiлердi беру журналында тiркелген акциздiк алым маркiлерiн алушыны куәландыратын құжаттар. Ескерту: 20-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тармақ 21
21. Осы ереженiң 20 тармағында көрсетiлген құжаттарды көрсеткен жағдайда, сондай-ақ РМК "ҚазАлкоОрталықтың" есеп шотына қаржының түскенi дәлелденгенде алкоголь және темекi өнiмдерiнiң iрi өндiрушiлерiне акциздiк алым маркiлерiн Алматы қаласының салық комитетi бередi. Бұдан басқа тиiстi облыстық салық комитетiнiң бiрiншi басшысы мен бас есепшiсi қол қойған акциздiк алым маркiсiн алушының атына берiлген сенiм хаттың түпнұсқасы көрсетiлуi қажет.
Тармақ 22
22. Iрi өндiрушi болып табылатын кәсiпорындардың тiзiмiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң акцизделетiн өнiмi өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Комитетi анықтайды. Ескерту: 22-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тармақ 23
23. Тәркiленген алкоголь және темекi өнiмдерiн таңбалау үшiн керек акциздiк алым маркiлерiн берудi облыстық салық комитеттерi ұсынылған өтiнiштердiң негiзiнде, сондай-ақ келесi құжаттарды көрсеткенде жүзеге асырады: акциздiк алым маркiлерiнiң көрсетiлген санын алу үшiн мөрмен расталған, бiрiншi басшы және бас есепшi қол қойған маркi алушының атына сенiм хаттың түпнұсқасы; тәркiленген алкоголь өнiмдерiн сату үшiн облыстық салық комитеттерiмен келiсiмдер; 1999 жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi заңда және жеке тұлғалардың тәркiленген алкоголь өнiмi мен темекi бұйымдарын қабылдау-беру тiзiм-актiсi; РМК-ның есеп шотына акциздiк алым маркiлерiнiң төлемдерi бойынша қаржының түскенi туралы белгi қойылған төлем тапсырмасының көшiрмесi; акциздiк алым маркiлерiн алушы тұлғаның куәлiгi немесе төлқұжаты. Ескерту: 23-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тармақ 24
24. Өндiрушi ұйымдарға алдағы бiр айға акциздiк алым таңбаларын беру жылдық тапсырылатын акциздiк таңбаларды сатып алу тапсырысына сәйкес айларға бөле отырып, әрi бұрын алынған акциздiк таңбаларды пайдаланғаны туралы есеп бар болғанда ғана жүргiзiледi. Бұрын ұсынылған тапсырысқа алкоголь өнiмiнiң саны мен түрлерiнiң бөлiгi бойынша өзгертулер мен толықтыруларды алкоголь өнiмiн өндiрушiлер таңбалар берiлетiн айдан 45 (қырық бес) күнтiзбелiк күн бұрын беруi керек. Мерзiм бiткеннен кейiн өзгертулер мен толықтырулар қабылданбайды. Ескерту: 24-тармақ редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тарау 5. 5. Акциздiк алым маркiлерін қайтару тәртiбi
5. Акциздiк алым маркiлерін қайтару тәртiбi
Тармақ 25
25. Пайдаланылмаған акциздiк алым маркiлерi қайтарылу себебi көрсетiле отырып, акциздiк алым маркiлерiн қайтару туралы заңды және жеке тұлғалардың өтiнiшi негiзiнде оларды берген облыстық салық комитетiне қайтарылуы мүмкiн.
Тармақ 26
26. Заңды және жеке тұлғалардың тиiстi облыстық салық комитетiне акциздiк алым маркілерiн қайтаруы акциздiк алым маркiлерiн тапсыру-қабылдау актiлерi бойынша жүзеге асырылады (2-қосымша).
Тармақ 27
27. Заңды және жеке тұлғаға пайдаланылмаған акциздiк таңбалар үшiн ақшалай қаражаттар оның есепшотына 3 ай iшiнде аударылуы тиiс. Ескерту: 27-тармақ редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тармақ 28
28. Ақшаны қайтару тиiстi облыстық салық комитетiнiң хаты негiзiнде акциздiк алым маркiлерiн өткiзу-қабылдау актiлерiн және қайтару туралы өтiнiш көшiрмесiн қоса отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Типографиялық ақауы бар акциздiк алым маркiлерi байқалғанда маркiнi алушылар акциздiк алым маркiлерiн берген облыстық салық комитетiне акт бойынша акциздiк алым маркiлерiн ауыстыру өтiнiшiмен бiрге беруге мiндеттi. Қайтарылған акциздiк алым маркiлерiнiң нөмерi мен сериялары тиiстi облыстық салық комитетiнiң бiрiншi басшысының бұйрығымен тағайындалған құрамы үш адамнан кем емес ақауы бар маркiлердi қабылдау комиссиясының қолы қойылған актiге жазылады. Актiнiң бiр данасы Алматы қаласының салық комитетiне жiберiледi.
Тарау 6. 6. Акциздiк алым маркiлерін жою тәртiбi
6. Акциздiк алым маркiлерін жою тәртiбi
Тармақ 30
30. Акцизделетiн тауарды маркілеу процесiнде бүлiнген акциздiк алым маркiлерi жойылуға жатады. Бүлiнген маркiлердi алушы жеке парақтарға келесi ережелердi сақтай отырып, желiмдеуге тиiс: акциздiк алым маркiлерiн желiмдеу қыртыссыз және бүктеусiз жүргiзiледi; акциздiк алым маркiлерiн желiмдегенде, маркiнiң орталық бөлiгi, сериясы және нөмiрi анық көрiнуi керек; акциздiк алым маркiлерi жыртылғанда, оның жеке бөлiктерi қосылуы керек.
Тармақ 31
31. Бүлiнген акциздiк алым маркiлерiнiң жойылуы үшiн, алынған жерiнiң облыстық салық комитетiне жiберiледi.
Тармақ 32
32. Акциздiк маркiлердi жою, комиссияның қатысуымен тиiстi облыстық салық комитетiнiң бiрiншi басшысының бұйрығымен анықталған орында жүргiзiледi.
Тармақ 33
33. Акциздiк алым маркiлерiн жою комиссиясының құрамын тиiстi салық комитетiнiң бiрiншi басшысы бекiтедi, құрамы бес адамнан кем болмауы тиiс.
Тармақ 34
34. Акциздiк алым маркiлерiн жою комиссиясының құрамына мiндеттi түрде бiрiншi басшысы немесе ол өкiлеттiк берген адам, бас есепшi және марканы берген облыстық салық комитетiнiң материалды жауапты адамы және акциздiк алым маркiлерiн алушы мекеме өкiлi кiруi керек.
Тармақ 35
35. Маркiлердің нақтылы жойылғаны туралы екi данада нөмiрi және жойылған маркiлер саны көрсетiлген жою актiсi құрылады (3-қосымша). Актiнiң әрбiр данасына комиссия мүшелерi қол қояды және тиiстi облыстық салық комитетiнiң мөрiмен расталады. Актiнiң бiр данасы облыстық салық комитетiнде қалады, актiнiң екiншi данасы Алматы қаласының салық комитетiне жiберiледi.
Тарау 7. 7. Облыстық салық комитеттерiнде акциздiк алым маркiлерiн есепке алу және сақтау
7. Облыстық салық комитеттерiнде акциздiк алым маркiлерiн есепке алу және сақтау
Тармақ 36
36. Облыстық салық комитеттерiнде акциздiк маркiлердiң түскенiн есепке алу және беру арнайы журналда жүргiзiлуi керек және ол байланған, нөмiрленген, бiрiншi басшының қолы қойылған, мөрi басылған болуы керек. Журналды акциздiк алым маркiлерiн есепке алатын және беретiн материалды жауапты адам жүргiзедi.
Тармақ 37
37. Материалдық жауапты адам ауысқанда және әр тоқсанның бiрiншi күнiне дейiнгi бар акциздiк алым маркiлерiнiң нақты санын тексерудi тиiстi облыстық салық комитетiнiң бiрiншi басшысының бұйрығымен тағайындалған қаттау комиссиясы жүргiзедi.
Тармақ 38
38. Тiзбе екi данада құрылады, материалды жауапты адам және қаттау комиссиясының мүшелерi қол қояды. Тiзбенiң бiр данасы салыстыру ведомосын құру үшiн мекеменiң бухгалтериясына жiберiледi. Акциздiк алым маркiлерiмен бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiнiң арасында нақты алшақтық байқалған жағдайда, материалды жауапты адамның түсiнiктемесi тiркелген материалдар, шара қолдану үшiн облыстық салық комитетiнiң бiрiншi басшысына жiберiледi.
Тармақ 39
39. Материалдық жауапты адам ауысқанда, акциздiк алым маркiлерiнiң қалдығы жөнiнде қосымша қабылдау-өткiзу актiсi жасалынады.
Тарау 8. 8. Кәсiпорындар мен мекемелерде акциздiк алым маркілерiн есепке алу
8. Кәсiпорындар мен мекемелерде акциздiк алым маркілерiн есепке алу
Тармақ 40
40. Акциздiк алым маркiлерiне қатаң есептегi бланкiлер ретiнде бухгалтерлiк есеп ережесi қолданылады.
Тармақ 41
41. Таңбалауға жататын акцизделетiн өнiм өндiрушi кәсiпорындар акциздiк алым маркiлерiн дұрыс есепке алуды, оларды пайдалануды (саны және құны бойынша), өндiрiске жою, бүлiнген маркiлердi олардың жоғалуына жол бермей, бекiтiлген тәртiппен жойылғанға дейiнгi сақталуын қамтамасыз етуi керек.
Тармақ 42
42. Алынған акциздiк алым маркiлер N 004 "Қатаң есептегi бланкiлер" баланстық шотына ендiрiледi. Келген және шығындалған маркiлердi есепке алу, қатаң есептегi бланкiлер тәрiздi тәртiппен жүргiзiледi.
Тарау 9. 9. Есептесу
9. Есептесу
Тармақ 43
43. Облыстық салық комитеттерi ай сайын есептiк мерзiмнен кейiнгi айдың бесiне дейiнгi мерзiмде, шығыс бөлiгiндегi маркiлердi алған мекемелердi көрсете отырып, Алматы қаласының салық комитетiне келген, шығындалған және қалған акциздiк алым маркiлерi туралы есеп тапсырады.
Тармақ 44
44. Облыстық салық комитеттерiнiң берген есептерiнiң негiзiнде жинақталған есеп құрылады, онда тәркіленген акцизделетiн өнiмдi сатумен айналысатын ұйымдарға, оны таңбалау үшiн берген акциздiк алым маркiлерiнiң саны көрсетiледi. Жинақталған есепке Алматы қаласы салық комитетiнiң бiрiншi басшысы, бас есепшiсi және материалды жауапты адам қол қояды, содан кейiн ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiне есептен кейiнгi айдың онына дейiн жiберiледi. Ескерту: 44-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен .
Тарау 10. 10. Акциздiк алым маркiлерiнiң пайдаланылуын бақылау
10. Акциздiк алым маркiлерiнiң пайдаланылуын бақылау
Тармақ 45
45. Акциздiк алым маркiлерiнiң дұрыс пайдаланылуын бақылауды, тәркiленген алкоголь және темекi өнiмдерiн өндiретiн және сататын заңды және жеке тұлғалардың тiркелген жерi бойынша, облыстық салық комитеттерi жүзеге асырады.
Тармақ 46
46. Сауда нүктелерiндегi (көтерме және бөлшек) алкоголь өнiмдерiнде акциздiк алым маркiлерiнiң бар болуын бақылауды салық органдары мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Комитетi жүзеге асырады. Сату кезінде анықталған таңбаланбаған алкоголь және темекі бұйымдары тартып алынады, ал тексеріс материалдарын салық органдары заңда бекітілген тәртіппен жауапкершілік шара қолдануға жібереді.
Тарау 11. 11. Жауапкершілік
11. Жауапкершілік
Тармақ 47. Акциздік маркілерді алуға өтініш
47. Осы ережені бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке тартылады. 1-қосымша Ескерту: 1-қосымша өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен . Төраға___________________________ (салық комитетінің атауы) ________________________________ ________________________________ (Аты-жөні) Акциздік маркілерді алуға өтініш ____________________________________________________________________               (мекеменің атауы, адресі, банктік реквизиті) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ акциздік маркаларды мыналарға босатуды сұрайды: __________________________ саны_______________________________ дана (маркінің типі)                            (жазбаша) __________________________ саны_______________________________ дана (маркінің типі)                            (жазбаша) __________________________ саны________________________________ дана (маркінің типі)                            (жазбаша) Тауарларды шығару үшін қажетті көрсетілген маркілердің саны: ____________________________________________________________________ (өнімнің түрі) Маркіні сатып алу үшін керек ақша Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын "ҚазАлкоОрталықтың" _____ есеп шотына 200_ жылғы "___" ___________ N ___  төлем тапсырмамен Мына мөлшерде______________________________________________________ (мөлшері жазбаша жазылады) енгізілді. "Акциздік маркілерді есепке алу, сақтау және сату" ережесімен таныстым Егер акциздік маркілер жоғалғанда, ұрланғанда және тағы басқа жағдайларда орнатылған акциз мөлшерін бюджетке төлеуге міндеттенемін. Мекеме басшысы______________________________________________________ Бас есепші__________________________________________________________ М.О. РМК "ҚазАлкоОрталықтың" маркі ақшасының түскені туралы белгісі, жауапты адамның қолы, күні 2-қосымша Ескерту: 2-қосымша өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен . Акциздік алым маркілерін өткізу-қабылдау Актісі "___" _____________ 200__ ж. ____________________________________________________________________ (мекеменің атауы, мекен-жайы, РНН, банктік реквизиті) мына тұлға ______________________________________________ тапсырады, (қызметі, аты-жөні) ал Салық комитеті мына тұлғада______________________________________ (қызметі, аты-жөні) ____________________________________________________________________ акциздік алым маркісін мына мөлшерде қабылдайды ____________________________________________________________________                                    (жазбаша) ____________________________________________________________________ Соның ішінде: __________________________ саны________________________________ дана (маркінің типі)                            (жазбаша) __________________________ саны________________________________ дана (маркінің типі)                            (жазбаша) __________________________ саны________________________________ дана (маркінің типі)                            (жазбаша) ____________________________________________________________________
Тармақ 1
1. Жоғарыда көрсетілген акциздік алым маркілері мынадай себеппен қайтарылады _______________________________________________________________
Тармақ 2. Акциздік маркілерді жою Актісі
2. Акциздік алым маркілері тиісті түрде қапталған және тапсырылған/комплекті түрде қабылданған. Өткізді:                                     Қабылданды: (қолы, аты-жөні)                             (қолы, аты-жөні) М.О.                                                М.О. 3-қосымша Ескерту: 3-қосымша өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 845 бұйрығымен . Акциздік маркілерді жою Актісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 маусымдағы N 846 "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" қаулысына сәйкес, біз мына құрамдағы комиссия: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ мына мөлшерде ______________________________________________________ жағу арқылы жойылуға жататын акциздік маркілер жойылды. Соның ішінде: ____________________________________________________________________ (маркінің типі, саны) N ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Төраға 1) __________________________________ ______________________ (қызметі, аты-жөні)                         (қолы) Комиссия мүшелері:
Тармақша 2
2) _____________________________ __________________________________ (қызметі, аты-жөні)                         (қолы)
Тармақша 3
3) _____________________________ __________________________________ (қызметі, аты-жөні)                         (қолы)
Тармақша 4
4) _____________________________ __________________________________ (қызметі, аты-жөні)                         (қолы)
Тармақша 5
5) _____________________________ __________________________________ (қызметі, аты-жөні)                         (қолы) Мемлекеттік кіріс министрінің "___" _________ 1999 ж. N ___ бұйрығына 2-қосымша Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын "ҚазАлкоОрталық" реквизиті Заңды мекен-жайы: 480060, Алматы қ. Жароков көшесі, 217 Б тел. 67-10-14, 67-44-14 РНН 600400086646 Қазақстан Республикасының Халықтық Банкідегі ОПЕРУ есептік шоты 1609214 Код 601 Алматы қаласы. МФО 190501601