Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов Қолданыста
Басқа 0
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының (одан әрі Заң) 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес және мүгедектерге өмір сүрудің бірдей мүмкіндігін құру және қоғамда орнын табу, мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Алексеева Надежда Григорьевеа):
Тармақша 1
1) Мүгедектерді жұмысқа орналастыратын ұйымдар мен мекемелердің тізбесі анықталсын;
Тармақша 2
2) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін заңмен белгіленген жұмыс орнының квотасына сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген мүгедектерді жұмысқа жолдау жүргізілсін;
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.