Шаған селолық округіндегі Погромное елді мекеніндегі Агрофирма «Ақас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және Сатым елді мекенінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шаған селолық округіндегі Погромное елді мекеніндегі Агрофирма «Ақас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және Сатым елді мекенінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Теректі ауданының аумақтық басқармасының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде, Шаған селолық округіндегі Погромное елді мекеніндегі Агрофирма «Ақас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және Сатым елді мекенінде ірі қара арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шаған селолық округіндегі Погромное елді мекеніндегі Агрофирма «Ақас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және Сатым елді мекенінде ірі қара малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
Тармақ 2
2. Шектеу шарттары бойынша тиым салынсын:
Тармақша 1
1) округтер арқылы аурудан таза жануарларды тасымалдауға, айдап өтуге, енгізуге, сыртқа шығаруға, тек оларды етке союға жіберген жағдайдан басқа;
Тармақша 2
2) аурудан таза емес округтер аумағынан басқа аумаққа әкетуге, шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сондай-ақ мал және адамдардың жиналуына байланысты шаралар жүргізуге;
Тармақша 3
3) бруцеллезбен (сарып) ауырған жануарларды және олардан алынған төлдерді 5 күннен артық ұстауға, көрсетілген жануарларды тез арада басқа жануарлардан оқшаулауды және олардың асыл тұқымдығына, өндірістік мәніне, салмағына, жасына, буаздығына қарамастан бордақыламай 5 күн ішінде етке союға өткізсін.
Тармақ 3
3. Аудандық ішкі істер бөліміне (Қ.Х.Құрматов), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Теректі ауданының аумақтық басқармасының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларымен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы малдарының қозғалысын қадағалауды күшейту ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Теректі аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Бойко А.Е.), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Теректі ауданының аумақтық басқармасына (Қ.Қ.Дүйсенғалиев) тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.А.Жармұханбетовқа жүктелсін.