Об утверждении изменений и дополнений в Положение о кредитных товариществах Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту жөнiнде Кредиттiк серiктестiктер қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Заң департаментi (Сизова С.И.) Банктiк қадағалау департаментiмен (Жұмағұлов Б.Қ.) бiрлесiп осы қаулыны және Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзсiн.
Тармақ 3
3. Банктiк қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына жiберсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
Басқа 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 12.04.1997 жылғы N 106 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге, 04.12.97 жылғы N 408 өзгерiстер мен толықтырулары ескерiле отырып енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 21 маусымдағы N 136 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 12.04.1997 жылғы N 106 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге, 04.12.97 жылғы N 408 өзгерiстер мен толықтырулары ескерiле отырып енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. Ереженiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Кредиттiк серiктестiк туралы ереже".
Тармақ 2
2. Ереженiң кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын: "Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығына сәйкес жасалған және кредиттiк серiктестiктердің құқықтық мәртебесiн, оны құру, лицензиялау, қызметiн реттеу және тоқтату тәртiбiн белгiлейдi."
Тармақ 3
3. Қазақша мәтiнi өзгермейдi.
Тармақ 4
4. Қазақша мәтiнi өзгермейдi.
Тармақ 5
5. 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Кредиттiк серiктестiк - заңды және /немесе жеке тұлғалардың ерiктi бiрiгуi нәтижесiнде құрылған, оның қатысушыларының жұмсалмаған ақшасын жинақтау жолымен қаржы көмегiне қажеттілiгiн қанағаттандыру мақсатында және банк операцияларының жекелеген түрлерiн және басқа да операциялар жүргiзуге Ұлттық Банктiң лицензиясы негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыратын, банк болып саналмайтын заңды тұлға. Кредиттiк серiктестiк коммерциялық ұйым болып табылады. Кредиттiк серiктестiктің ресми мәртебесi жоқ бiрде бiр заңды тұлға "кредиттiк серiктестiк" болып аталмайды".
Тармақ 6
6. 3-тармақтағы "Шаруашылық серiктестiктер туралы" деген сөздер "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы", "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының заңдары" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 7
7. 6-тармақтың: - бiрiншi азатжолындағы "отыздан артық" деген сөздер "елуден артық, жабық акционерлiк қоғамның нысанында - жүзден артық"; - екiншi азатжолы алынып тасталсын.
Тармақ 8
8. 9-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi азатжолмен толықтырылсын: "Кредиттiк серiктестiктердің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуына тыйым салынады."
Тармақ 9
9. 13-тармақ: мынадай мазмұндағы бiрiншi азатжолмен толықтырылсын: "Заңды және жеке тұлғалар кредиттiк серiктестiк ашуға рұқсат беру туралы Ұлттық Банкке өтiнiш беруге құқылы."; - бiрiншi азатжол екiншi азатжол болып саналсын; а) тармақшасындағы "құрылтай шарты, жарғысы" деген сөздер " орыс және қазақ тiлдерiндегi құрылтай шарты және жарғысы" деген сөздермен ауыстырылсын; - е) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "е) банк заңдарының талаптарына сәйкес жасалған iшкi кредит саясаты туралы ереже және құрылатын кредиттiк серiктестiктiң кредиттiк комитетi туралы ереже;"; - мынадай мазмұндағы к) тармақшасымен толықтырылсын: "к) кредиттiк серiктестiктiң iшкi аудит қызметi туралы ереже.".
Тармақ 10
10. 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "14. Директорлар кеңесiнiң төрағасы, басқарма төрағасы (директоры), бас бухгалтер кредиттік серiктестiктiң басшы қызметкерлерi болып саналады.".
Тармақ 11
11. 16-тармақтағы: - "Басқарманың төрағасы, Байқау кеңесiнiң төрағасы және мүшесi" деген сөздер "кредиттiк серiктестiктiң басқарма төрағасы (директоры), директорлар кеңесiнiң төрағасы, бас бухгалтерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақ 12
12. 17-тармақтың: - бiрiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын: "Кредиттiк серiктестiктiң директорлар кеңесiнiң төрағасы, басқарма төрағасы (директоры), бас бухгалтерi қызметке Ұлттық банктiң келiсiмiмен тағайындалады (сайланады)."; - мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: "Кредиттiк серiктестiк басшы қызметкерлер санатына жатпайтын адамдарға қойылған қолдардың және мөр таңбасының үлгiлерi бар құжаттарға екiншi қол қою құқығын беруге құқы бар.".
Тармақ 13
13. 21-тармақтың бiрiншi және екiншi азатжолдары мынадай редакцияда жазылсын: "Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесi Банктiк қадағалау департаментiнiң ұсынысы бойынша кредиттiк серiктестiк ашуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдайды. Ұлттық Банк кредиттiк серiктестiк ашуға берiлген және қайтарып алынған рұқсаттардың, сондай-ақ берiлген, уақытша тоқтатылған және күшi жойылған лицензиялардың тiзбесiн жасайды.".
Тармақ 14
14. 22-тармақтың а) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1995 жылғы 17 тамыздағы N 94 Қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банк мекемелерiнiң үйлерiнде кассалық торапты жобалау мен орнатудың техникалық талаптары туралы Нұсқаулыққа сәйкес" деген сөздер "Ұлттық Банктiң екiншi деңгейдегi банктерге қоятын нормативтiк талаптарына сәйкес, сондай-ақ тиiстi бiлiктiлiгi бар қызметкердi жалдауы," деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 15
15. Мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: "22-1. Кредиттiк серiктестiк өз қызметiн Iшкi кредит саясаты туралы ережеге, бухгалтерлік есеп саясатына сәйкес, оның уәкiлеттi органы бекiткен сыйақы (мүдде) ставкасын, сондай-ақ банк операцияларымен қызмет көрсеткенi үшiн тарифтер белгiлей отырып жүзеге асырады және жыл сайын Ұлттық Банкке берiп отырады."
Тармақ 16
16. 25-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын: "Өтiнiш берушiге банк операцияларын жүргiзуге лицензия беруден бас тартқан жағдайда, бас тарту себебiн көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелдi жауап бередi."
Тармақ 17
17. 29-тармақтың: - б) тармақшасындағы "кредиттiк серiктестiкке қатысушыларға" деген сөздер алынып тасталсын; - г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "г) ломбард операциялары: депозитке салынатын тез өтетiн бағалы қағаздар мен жылжымалы мүлiкке кепiлдiкке қысқа мерзiмдi кредиттер беруге;"; - д) тармақшасындағы "клирингтiк" деген сөзден кейiн "(есеп айырысу)" деген сөздермен толықтырылсын; - мынадай мазмұндағы и) тармақшасымен толықтырылсын: "и) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру "; - тармақтың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы г) тармақшасымен толықтырылсын: "г) кепiлдiк операциялары: кредиттiк серiктестiкке қатысушылар үшiн ақшалай орындалуы көзделген кепiлдiктер, кепiлдемелер және өзге де мiндеттемелер беруге.".
Тармақ 18
18. 32-тармақтағы "Байқаушы кеңесi" деген сөздер "директорлар кеңесi" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақ 19
19. 34-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын: "34. Кредиттiк серiктестiктердiң қаржы тұрақтылығын және қызметiнiң бiрқалыптылығын, олардың депозиторларының мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн Ұлттық Банк кредиттiк серiктестiктерге пруденциалдық нормативтер және басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттер белгiлеу жолымен кредиттiк серiктестiктердiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады. Кредиттiк серiктестiктердiң пруденциалдық нормативтер және басқа да сақталуға мiндеттi нормалары мен лимиттерiн есептеудiң нормативтiк мәнi мен әдiсi, сондай-ақ қаржылық, реттеушi және бухгалтерлiк есеп беру тiзбесi, нысандары және мерзiмдерi, оның iшiнде оларды бұзғаны үшiн жауапкершілік Ұлттық Банктiң жекелеген нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi. Кредиттiк серiктестiктерге активтердi мен шартты мiндеттемелердi жiктеу бойынша және олар бойынша провизиялар есептеу талаптары банктер үшiн белгiленген тәртiппен қолданылады. Кредиттiк серiктестiктер Ұлттық Банктің сұрауы бойынша оған кез келген ақпаратты, оған қоса өз қаражаты туралы мәлiметтердi, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi өзi жүргiзген және жүргiзетiн операциялар, берiлген және алынған кредиттердiң көлемi туралы және басқа мәлiметтердi беруге мiндеттi."
Тармақ 20
20. Мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын: "34-1. Кредиттiк серiктестiк Ұлттық банк белгiлеген нысандар бойынша және мерзiмде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығының 19-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес жылдық баланста берiлген мәлiметтердiң дұрыстығын аудиторлық ұйым (аудитор) растағаннан кейiн және жылдық баланс пен қаржы шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есептi кредиттiк серiктестiктiң қатысушыларының (акционерлерiнiң) жалпы жиналысында бекiтiлгеннен кейiн жылдық баланс пен қаржы шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есеппен қоса, жылдық есептi жариялайды.".
Тармақ 21
21. 37-тармақтың в) тармақшасындағы "Байқаушы кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiнен басқасы" деген сөздер "директорлар кеңесiнiң төрағасынан басқасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 22
22. 43-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 23
23. 45-тармақтағы: - "8-баптың" деген сөздерден кейiн "16-баптың 8-тармағы, 17-баптың 4-тармағы" деген сөздермен толықтырылсын; - "18, 22, 40-баптардың" деген сөздерден кейiн "47-баптың 2 тармағының в) және д) тармақшалары, 62-67-баптар" деген сөздермен толықтырылсын; - "жарғылық капиталдың ең аз мөлшерi" деген сөздер "өз капиталының ең аз мөлшерi, левераж коэффициентi, бiр заемшыға тәуекелдiң ең көп мөлшерi, өтiмдiлiк коэффициентi" деген сөздермен ауыстырылсын.