О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Грузии о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте товаров (работ, услуг) Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) экспорттау мен импорттау кезіндегі жанама салықтарды алу принциптері туралы келісімді бекіту туралы Алматыда 1997 жылғы 11 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) экспорттау мен импорттау кезіндегі жанама салықтарды алу принциптері туралы келісім бекітілсін. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) экспорттау және импорттау кезiндегі өзара жанама салықтардың принциптерi туралы Келісім (2000 жылғы 5 шілдеде күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 5, 45-құжат) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Yкiметi, одан әрі Тараптар, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, шаруашылық субъектiлерi үшiн тең мүмкiндiктердi тағайындауға және адал бәсекелестiк үшiн жағдайлар жасауға, халықаралық сауданың жалпы нормалары мен тәртiптерiн бағдарға алып, мына төмендегiлерге келiстi:
Бап 1. 1-Бап Жалпы айқындамалар
1-Бап Жалпы айқындамалар Осы Келiсiмнің мақсаты үшiн: а) "жанама салықтар" терминi қосылған құнға салынған салықтарды және акциз салықтарын немесе алымдарын бiлдiредi;
Тармақша б
б) "нөлдiк ставка" терминi Тараптар мемлекеттерiнiң салық туралы заңдарымен тағайындалған есептеу тәртiптерiне сәйкес қосылған құнға нөл процент ставкасы бойынша салынған салықтарды бiлдiредi;
Тармақша в
в) "белгiлеу орнының принципi" терминi бiр Тараптың кедендiк аумағымен экспорт кезiнде нөлдiк ставканы қолдану және екiншi Тараптың ұлттық заңдарымен бекiтiлген қолданыстағы ставка бойынша импорт кезiнде салық салуды бiлдiредi;
Тармақша г
г) "құзыреттi органдар" терминi қазақстан жағынан - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн, грузин жағынан - Грузин Қаржы министрлiгiн білдiредi.
Бап 2. 2-Бап Экспорттау кезiнде салық алу принциптерi
2-Бап Экспорттау кезiнде салық алу принциптерi Тараптар бiр Тараптың аумағынан басқа Тараптың аумағына экспортталатын тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) жанама салықтар салынбайды.
Бап 3. 3-Бап Импорттау кезiнде салық алу принциптерi
3-Бап Импорттау кезiнде салық алу принциптерi
Тармақ 1
1. Басқа Тарап аумағынан экспортталып бiр Тарап аумағына импортталатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорттаушы мемлекетте, оның заңдарына сәйкес, жанама салықтар салынады. Тараптың-импорттаушының кедендiк аумағына тауарлар әкелiнген кезде жанама салық салуды кеден органдары жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Басқа Тараптың аумағынан экспортталған импорт тауарларына (жұмыстарына, қызмет көрсетулерге) салық салу кезiнде Тараптар олардың iшкi рыногтарында өндiрiлетiн (сатылатын) ұқсас тауарлар үшiн (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бекiтiлген сондай салық ставкаларын, жеңiлдiктердi және есептеу тәртiбiн қолданады.
Бап 4. 4-Бап Даулы мәселелерді шешу
4-Бап Даулы мәселелерді шешу Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық дауларды және пiкiр қайшылықтарды Тараптардың құзiреттi органдары консультациялар мен келiссөздер арқылы шешедi.
Бап 5. 5-Бап Күшiне енуi
5-Бап Күшiне енуi
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм барлық қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердi орындағандығы туралы Тараптардың хабарланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiм тек оның күшiне енген күнiнен кейiн ғана ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) қатысты қолданылады.
Тармақ 3
3. Кез келген Тарап Келiсiм әрекет ету кезiнде туындаған қаржылық және басқа да мiндеттемелердi реттегеннен соң шығуынан алты ай бұрын екiншi Тарапқа жазбаша ескерту жiберiп, осы Келiсiмнiң әрекетiн тоқтатуға болады.
Тармақ 4
4. Тараптар қажет болғанда осы Келiсiмдi жүзеге асыру барысын және оған толықтырулар мен өзгерiстер енгiзудiң мақсатқа лайықтығын бағалау үшiн консультациялар жүргiзетiн болады. Бұндай консультациялардың мерзiмiн Тараптар қосымша анықтайды. Алматы қаласында "11" қарашада 1997 жылы екi түпнұсқа данада әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тiлдерiнде жасалды, барлық мәтiндердің де күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң қазақ және грузин тiлдерiндегi мәтiнi бойынша Тараптар арасында пiкiр қайшылығы пайда болған жағдайда негiзге орыс тiлiндегi мәтiн алынады. Қазақстан Республикасының Грузия Үкіметі үшін Үкіметі үшін