Об утверждении Правил розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующими материалы эротического характера Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сату Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сатуды реттеу мақсатында Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған аудан аумағында эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сату Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мына тұрақты жайлар: Федоров селосының пошта ғимараты, жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Контакт» эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сатуға белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.
Басқа 5. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сату ережесі
Әкімдіктің 2007 жылғы 15 мамырдағы № 109 қаулысымен бекітілген Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сату ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және Федоров ауданының аумағында эротикалық сипаттағы материалдар , жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сатылуын реттеуге бағытталған.
Тармақ 2
2. Осы ереже эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын барлық жүйелі баспасөз басылымдарына, оның ішінде жақын және алыс шетелдерден алып келінетіндерге таралады.
Тармақ 3
3. Осы ереже мынадай ұғымдар пайдаланылады: - эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдар - тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қаузайтын баспасөз басылымдары; - тұрақты үй-жай - қозғалтуы оның тіреу құрастырмаларына нұқсан келтірмеуі мүмкін емес іргетасы бар салынған іргелі ғимарат немесе оның бөлігі.
Тарау 2. 2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сату
2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сату
Тармақ 4
4. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сату арнайы бөлінген тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын тек қана мөлдір ораммен буылып-түйілген күйінде бөлшек сатуға жол беріледі.
Тармақ 6
6. Тұрақты үй-жайлар Федоров ауданы әкімдігінің қаулысымен анықталады.
Тармақ 7
7. Аталған мерзімді баспасөз басылымдарын сатуға тыйым салынады: - он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға; - мемлекеттік мекемелерде, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде, оларға 100 метр радиусында жақын орналасқан аумақта; - сәулет және тарихи ескерткіштердің жанында; - қоғамдық көлікте, аялдамаларда, адамдардың көпшілік демалысы орындарынды, дүңгүршіктерде, палаткаларда, қолдан, лотоктардан, автомашиналардан.
Тарау 3. 3. Осы ережені сақтамағаны үшін жауапкершілік
3. Осы ережені сақтамағаны үшін жауапкершілік
Тармақ 8
8. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын осы мақсаттар үшін белгіленбеген жерлерде сатуды және таратуды жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.