Об организации тушения крупных пожаров при ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера на территории Костанайского района Қолданыста
Басқа 0
Қостанай ауданының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде ірі өрттердің сөндіруін ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес және өрт қауіпсіздігінің деңгейін арттыру, өрт бөлімшелерінің тұрақты ұрысқа әзірлігін, ірі өрттерді жою үшін арнайы және қосалқы жұмыстарды орындауға күш-құралдарын жедел жұмылдыруды қамтамасыз ету мақсатында Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Табиғи және техногендік сипаттағы ірі өрттерді жою үшін өртке қарсы бөлімшелермен жедел басқару, күш-құралдарын жұмылдыру үшін өрт сөндіру жедел штабына кіретін лауазымдық тұлғалардың құрамы бекітілсін, 1-қосымшаға сәйкес.
Тармақ 2
2. Селолық округтер әкімдері, орман арасында кәсіпөндірістері мен демалыс зоналары бар кәсіпорын мен ұйым басшылары орманда өрт шыққан кезде өз күш-құралдарымен өртті жоюға дереу шаралар қабылдасын. Ауданның өрт сөндіруші қызметкерлері келгенге дейін өрт сөндіру басшылығы селолық округ әкіміне жүктелсін.
Тармақ 3
3. 2-қосымшаға сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы ірі өрттерді сөндіруге жәрдем көрсету үшін жұмылдыруға жататын шаруашылық объектілердің күш-құралдарын тарту жоспары бекітілсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңының 12, 13-баптарына сәйкес, селолық округтер әкімдері, шаруашылық объектілерінің басшылары өрт сөндіру үшін өрт сөндіргіш пен оған қосымша бейімделген техниканы техникалық жарамды жағдайына келтірсін, қысқы кезде оны техникалық қолдану жағдайларға лайықты жылы бөлімшелерге орнатсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңының 25-бабының 13-тармағы негізінде табиғи және техногендік сипаттағы ірі өрттерді жою кезінде 3 сағаттан аса іске асырылатын, үш шақырымнан жоғары қамтамасыз ету радиусында болған, жанар-жағар май материалдарын өртке қарсы қызмет есебінен жауынгерлік қамтамасыз ету, демалу орыны мен тамақтану, өрт сөндіру орнын су әкелуді ұйымдастыру.
Тармақ 6
6. Ауданда өртке қарсы қызмет бөлімі мен кезекші күшінің болуы және қаражатымен келісімінсіз орман алқаптарында, бос орындарында, шалғындарында шөптерді және алқаптарды (оның ішінде ауыл шаруашылық өртеңдерді жүргізу), орман қорының жерлерінде жәні ормандарға, сондай-ақ орман қорғау және көгалдандыру екпе ағаштарына тұра жататын учаскелерінде шабындықтарды өртеуге тыйым салынсын.
Тармақ 7
7. Аудандағы өртке қарсы қызмет бөлімінің (Осадчий А.В. келісім бойынша), «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Дүскенов Н.Т. келісім бойыиша) белгіленген тәртіп бойынша өзара іс-әрекет жоспарын әзірлесін және бекітсін.
Тармақ 8
8. Қостанай ауданы әкімиятының «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі табиғи және техногендік сипаттағы ірі өрттерді жоюға Қостанай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесіне аудан әкімінің резервінен 300000 (үш жүз мың) теңғе сомасында қаражат қарастырсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.И. Наметовқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. Қостанай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 286 қаулысы күшін жойды деп саналсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 12. Өрт сөндіру аудандық жедел штабының құрамы
Әкімдіктің 2007 жылғы 22 мамырдағы
№ 308 қаулысына 1-қосымша
Өрт сөндіру аудандық жедел штабының құрамы
Осадчий Андрей Васильевич - Қостанай облысының өртке қарсы қызмет Департаментінің Қостанай ауданы бойынша өртке қарсы қызмет бөлімінің бастығы, өрт сөндіру басшысы (келісім бойынша)
Есмаков Жомарт Дүйсембайұлы - Қостанай ауданының «Өрт сөндіру қызметі және апат-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесі филиалының 12-өрт бөлімшесі бастығы, өрт сөндіру басшысының орынбасары (келісім бойынша)
Овчаренко Леонид Григорьевич - орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі қала төңірегіндегі мемлекеттік мекемесінің директоры, өрт сөндіру басшысының орынбасары (келісім бойынша)
Серғазинов Серік Қабдулаұлы - Қостанай облысының өртке қарсы қызмет департаментінің Қостанай ауданы бойынша өртке қарсы қызмет бөлімінің бас маманы, тылды қамтамасыз ету бастығы (келісім бойынша)
Искаков Ерлан Сәбитұлы - Қостанай ауданының «Өрт сөндіру қызметі және апат -құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесі филиалының 12-өрт бөлімшесі бастығының орынбасары, өрт сөндіру жедел штабының бастығы (келісім бойынша)
Шилов Виктор Сергеевич, Щербаков Владимир Владимирович, Брахметов Төлеген Досанұлы, Таукебаев Нұрлан Қадыржанұлы - «Қостанай ауданы бойынша өрт сөндіру қызметі және апат-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесі филиалының 12-өрт бөлімшесінің күзет бастықтары, ұрыс алаңдардың бастықтары (келісім бойынша)
Кінәлі тұлға Өрт себептерін және кінәлі тұлғаларың дер кезінде анықтау үшін жедел топ:
Қостанай облысының өртке қарсы қызмет департаментінің Қостанай ауданы бойынша өртке қарсы қызмет бөлімінің инженерлік-инспекторлық құрамы;
«Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің селолық округ әкімдері;
әкімшілік органдардын әкімі.
Ескерту: арнайы және көмекші жұмыс орындау үшін жағдайдың тәуелділілігіне қарай жедел штаб құрамына басқа да ведомтстволар мен қызметтердің басшылары тартылады.
Басқа 13
Әкімдіктің 2007 жылғы 22 мамырдағы
№ 308 қаулысына 2-қосымша