Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы «Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2) тармакшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1) тармакшасына сәйкес, және «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 21 бабының 1-тармағын 13)-тармақшасын басшылыққа ала отырып Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕД1:
Тармақ 1
1. Жарма ауданының жұмыс берушілері мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квотаны жұмыс орындарының жалпы санының 3 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (А.А.Омирзаков) жұмыс берушілерге мүгедектерді жұмыстарға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. 2007 жылғы 15 наурыздағы № 44 Жарма ауданының әкімдігінің «Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. М. Брынзовқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Ресми жарияланған күнінен күшіне енеді.