Об установлении ограничительных мероприятий по бруцеллезу в Акбельском, Уштобинском, Петровском, Каракудукском, Шешенкаринском, Кокпектинском, Умуткерском, Ростовском, Белагашском, Ботакаринском, Молодецком, Корнеевском, Самаркандском, Каражарском, Актобинском сельских округах и поселке Ботакара Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақбел, Үштөбе, Петровка, Қарақұдық, Шешенқара, Көкпекті, Үміткер, Ростовка, Белағаш, Ботақара, Молодецкий, Корнеевка, Самарқанд, Қаражар, Ақтөбе селолық округтарында және Ботақара кентінде бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 27 бабының, 10 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық сауалаттылығы туралы» Заңының 9, 11 бабтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын басшылыққа алып, Бұқар жырау ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысының негізінде, Ақбел, Үштөбе, Петровка, Қарақұдық, Шешенқара, Көкпекті, Үміткер, Ростовка, Белағаш, Ботақара, Молодецкий, Корнеевка, Самарқанд, Қаражар, Ақтөбе, Суықсу селоларында, Ботақара, Қушоқы кенттерінде ірі қара малдар арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ірі қара малдар арасында бруцеллездің тіркелуіне байланысты, Ақбел, Үштөбе, Петровка, Қарақұдық, Шешенқара, Көкпекті, Үміткер, Ростовка, Белағаш, Ботақара, Молодецкий, Корнеевка, Самарқанд, Қаражар, Ақтөбе, Суықсу селолық округтарының және Ботақара, Қушоқы кенттерінің жеке аулаларында ауру жұқтыру ошақтарында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Шектеу шарттары бойынша тиым салынсын:
Тармақша 1
1) малдар арасында бруцеллездің өршуі тіркелген округтер арқылы аурудан малдарды тасымалдауға (айдауға), аумаққа малдарды тасымалдауға (әкелуге), тек оларды союға жіберген жағдайдан басқа;
Тармақша 2
2) аурудан таза емес округтер аумағынан басқа аумақтарға әкету үшін шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сонымен қатар мал және адамдардың топталуына байланысты шаралар өткізуге;
Тармақша 3
3) бруцеллезбен ауырған малдарды және олардан алынған төлдерді 5 күннен артық ұстауға, көрсетілген малдар тез арада басқа малдардан оқшаулансын және олардың асыл тұқымдығына және өндірістік мәніне, салмағына, жасына, буаздығына қарамастан, бордақыламай 5 күн мерзім ішінде союға өткізілсін;
Тармақ 3
3. Бруцеллезге бейім малды (оның ішінде асыл тұқымды) сатып алған жағдайда, олар 30 күн бойы басқа малдардан оқшаулап ұсталынсын және екі рет диагностикалық зерттеулер жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Ақбел, Үштөбе, Петровка, Қарақұдық, Шешенқара, Көкпекті, Үміткер, Ростовка, Белағаш, Ботақара, Молодецкий, Корнеевка, Самарқанд, Қаражар, Ақтөбе, Суықсу селолық округтарының, Ботақара, Қушоқы кенттерінде әкімдері мемлекеттік ветеринариялық инспекторларға шектеу іс-шараларын ұйымдастыруға ықпал жасасын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) бруцеллездің алдын алу және онымен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін, ішкі істер Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп, ауыл шаруашылығы малдарының қозғалысын қадағалауды күшейтсін.
Тармақ 6
6. Бұқар жырау ауданы бойынша облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық филиалы (келісім бойынша) Ақбел, Үштөбе, Петровка, Қарақұдық, Шешенқара, Көкпекті, Үміткер, Ростовка, Белағаш, Ботақара, Молодецкий, Корнеевка, Самарқанд, Қаражар, Ақтөбе, Суықсу селолық округтары, Ботақара, Қушоқы кенттерінде тұрғындары арасында санитарлық ағарту жүмыстарын күшейтсін, бруцеллезбен ауырған, сонымен қатар олармен қатынаста болғандарды медициналық байқаудан өткізуді бақылауға алсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан бастап күшіне енеді.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Манат Сәлімұлы Құрманғалиевқа жүктелсін. Келісілген Аудандық ішкі істер Басқармасының бастығы М. Рахимжанов 21.05.2007 Бұқар жырау ауданы бойынша облыстық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық филиалының бастығы С.Сембаев 21.05.2007 Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Е.Кусаев 21.05.2007