О переименовании отдельных административно-территориальных единиц Южно-Казахстанской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес, тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін ескере отырып және Түркістан қаласы, Қазығұрт, Мақтаарал, Сайрам, Түлкібас және Шардара аудандары мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері: Түркістан қаласы бойынша Жүйнек ауылдық округінің Коммуна ауылы - Жүйнек ауылы болып; Жүйнек ауылдық округінің Қызыл жол ауылы - Шекербұлақ ауылы болып; Шаға ауылдық округінің Чапаев ауылы - Бершінтөбе ауылы болып; Шаға ауылдық округінің Пушкин ауылы - Шоқтас ауылы болып; Үшқайық ауылдық округінің Спецхозобъединение ауылы - Сұлтанбек Қожанов ауылы болып; Шорнақ ауылдық округінің М.Горький ауылы - Аша ауылы болып; Қазығұрт ауданы бойынша Қызылқия ауылдық округінің Калинин ауылы - Тұғыртас ауылы болып; Мақтаарал ауданы бойынша Жаңа ауыл ауылдық округінің Красная звезда ауылы - Әбдіхалық ауылы болып; Сайрам ауданы бойынша Сайрам ауылдық округінің Артель ауылы - Исфиджаб ауылы болып; Көлкент ауылдық округінің Қызыл Қазақстан ауылы - Молыбай Оразалиев ауылы болып; Түлкібас ауданы бойынша Кемербастау ауылдық округінің екінші Түлкібас ауылы - Мәнтай Жәрімбетов ауылы болып; Мичурин ауылдық округінің Кенаф ауылы - Таусағыз ауылы болып; Мичурин ауылдық округінің Мичурин ауылы - Майтөбе ауылы болып; Мичурин ауылдық округінің Каучук ауылы - Көксағыз ауылы болып; Т.Рысқұлов ауылдық округінің Қызыл-Әскер ауылы - Тастыбұлақ ауылы болып; Түлкібас поселкелік округінің Казарма ауылы - Ақбура ауылы болып; Шардара ауданы бойынша Шардара ауылдық округі - Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округі болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.