Об изменении границ города Ленгера и некоторых сельских округов Толебийского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ленгір қаласы мен Төлеби ауданының кейбір ауылдық округтарының шекараларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты мен әкімиятының ұсынысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТТІ :
Тармақ 1
1. Ленгір қаласының әкімшілік шекарасына Төлеби ауданының Аққұм ауыл округінен жалпы көлемі 258,8 гектар, Алатау ауыл округінен жалпы көлемі 271,2 гектар, Қазығұрт ауыл округінен жалпы көлемі 93,6 гектар, Зертас ауыл округінен жалпы көлемі 121,5 гектар, жалпы барлығы 745,1 гектар жер бөлігінің қосылуымен Ленгір қаласының және Аққұм, Алатау, Қазығұрт, Зертас ауыл округтерінің шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.