Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по району Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 31 бабы 14 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-2 тармағына және Казақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының 3% мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б. Қалиевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы жарияланған күннен бастап он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.