О переименовании улиц и площади города Курчатова Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Курчатов қаласының көшелерін және алаңын қайта атау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабы 4) және 5) тармақшаларына сәйкес, Курчатов қаласы ономастикалық комиссиясыньң 2007 жылгы 25 мамырдағы қорытындысының негізінде Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атаулары қайта аталсын:
Тармақша 1
1) Ленин көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
Тармақша 2
2) Октябрьская көшесі Құнанбай көшесіне;
Тармақша 3
3) Первомайская көшесі Абай көшесіне;
Тармақша 4
4) Ленин алаңы Тәуелсіздік алаңына.
Тармақ 2
2. «Курчатов қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекетттік мекемесі (Т.П. Ельникова) қала бюджетін тузету кезінде шығындар сметасына сай аншлагтарды жасауға қаражат қарастырсын.
Тармақ 3
3. «Курчатов қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.А. Әбдікәрімов) 2007 жылдың 1 желтоқсанына дейін қайта атау бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім мен қаулы Курчатов қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.