Орта білім беру оқу орындарының ер балалар-түлектерімен оқу-дала (лагерлік) жиындарын өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Орта білім беру оқу орындарының
ер балалар-түлектерімен оқу-дала
(лагерлік) жиындарын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы №449 «Мемлекеттік органдардың азматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесі туралы» қаулысын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушыларымен 2007 жылдың мамыр айының 20-25 күндері аралығында, №6 кәсіптік мектептің үшінші курс оқушыларымен маусым айының 11-16 күндері аралығында бастапқы әскери дайындық бойынша белгіленген оқу жоспарына сәйкес оқу-дала (лагерлік) жиыны өткізілсін.
Тармақ 2
2. Жылыой ауданы білім беру бөлімі:
Тармақша 1
1) Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен (келісім бойынша) бірлесе отырып, бек күндік оқу-дала (лагерлік) жиындарын өткізу жөніндегі іс-шаралар бағдарламасы мен жоспарын әзірлесін;
Тармақша 2
2) жиындарға қатысушылардың арасында Президенттік сынама (тест) өткізілсін, жиындар уақытында жасөспірімдердің дене шынықтыру дайындығына бақылау жүргізілсін, жаппай дене шынықтыру шарасын өткізуді жоспарласын және төрешілермен қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) оқу-дала (лагерлік) жиындарының табысты өткізілуіне көмек көрсету мақсатында әскери командирлерімен (келісім бойынша) байланыс жасауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Поселке және селолық округ әкімдері мүдделі ұйымдар мен мекеме басшыларының қатысуымен кеңейтілген кеңестер өткізсін, жиындар өтетін орындарын, уақытша штабтарын, көрсетілген іс-шаралар өтуіне жауапты адамдары белгіленсін.
Тармақ 5
5. Бес күндік оқу-дала (лагерлік) жиындарын өткізу кезінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныптары, №6 кәсіптік мектептің үшінші курстары қыз-балаларының практикасы медициналық емхана мекемелерінде өткізілсін, Жылыой аудандық орталық ауруханасы (келісім бойынша), Жылыой ауданы білім беру бөлімі практикадан өту орны мен тәртібін белгілесін.
Тармақ 6
6. №6 кәсіптік мектепке (келісім бойынша) оқушыларды оқу-дала (лагерлік) жиындарына дайындалсын және олардың жиындар өтетін орындарға келулерін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Қоса беріліп отырған бастапқы әскери дайындық сабағының бағдарламасы бойынша бойынша сынақ емтиханын өткізу жөніндегі аудандық комиссия құрамы бекітілісін.
Тармақ 8
8. Жылыой аудандық орталық ауруханасы (келісім бойынша) дәрігерлік қызметшілерді және дәрігерлік автокөлік бөлу, жиындар өткізілетін орындарда оқушылардың көп жиналуына байланысты жұқпалы және басқа да аурулардың таралуын болдырмайтын медициналық іс-шараларды және медицина қызметкерлерінің тұрақты кезекшілігін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Жылыой аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) оқу-дала (лагерлік) жиындары өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Жылыой ауданы әкімінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі №5 «Орта білім беру оқу орындарының ер балалар түлектерімен оқу-дала (лагерлік) жиындарын өткізу туралы» шешімінің (Жылыой аудандық әділет басқармасында 2006 жылы 28 сәуірде 4-2-43 мемлекеттік тіркеу санымен тіркелген, «Кең-Жылой» газетінде 2006 жылы 27 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сағиевке жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Жылыой аудандық ішкі
істер бөлімінің бастығы
«10» 05 2007 ж. Б.Рахметов
Жылыой аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері
«10» мамыр 2007 ж. Т.Қалиева
Жылыой аудандық Қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы
«10» мамыр 2007 ж. А.Қоқатов
№ 6 кәсіптік мектеп директоры
«10» мамыр 2007 ж. Д.Ілиясов
Жылыой ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің әскери міндеттілерді
келісім шартпен және әскери
шақырылушыларды әскер қатарына шақыру
бөлімшесінің бастығы
«10» мамыр 2007 ж. Ж.Ержанов
Басқа 15
Аудан әкімінің 2007 жылғы
10 мамырдағы № 12 шешімімен
бекітілген
Бастапқы әскери дайындық сабағының бағдарламасы бойынша сынақ емтиханын өткізу жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Ержанова Жанат Ғизатқызы -Жылыой ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің әскери
міндеттілерді келісім шартпен және
әскери шақырылушыларды әскер
қатарына шақыру бөлімшесінің
бастығы, комиссия төрағасы
(келісім бойынша)
Комиссия мүшелері
Игібаев Жәрдем Набиұлы -Жылыой ауданы дене шынықтыру
спорт бөлімінің меңгерушісі
Бөлекшурин Айтуған -Жылыой ауданы білім беру бөлімінің
штаттан тыс әдіскері
Сакенов Қажығали -№10 мектептің оқытушы-
ұйымдастырушысы
Бекешов Серік -№18 мектептің оқытушы-
ұйымдастырушысы