Об утверждении Положения об акцизных постах в организациях, производящих подакцизную продукцию Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруші ұйымдардағы акциздік постылар туралы Ережені бекіту туралы Этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналым аясын бақылауға алуды күшейту, сонымен бірге бюджетке салықтың және басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің Вице-министрі Нұрпейсов К.А. және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының салық комитеттерінің төрағалары этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруші ұйымдарда акциздік постылар жұмыстарын ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруші ұйымдардағы акциздік постылар туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3. Акцизделетiн өнімдерін өндіретін ұйымдардағы акциздік постылар туралы Ереже
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің Вице-министрі Нұрпейсов К.А. және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының салық комитеті төрағаларына жүктелсін. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 9 сәуір N 217 бұйрығымен бекітілген Акцизделетiн өнімдерін өндіретін ұйымдардағы акциздік постылар туралы Ереже Ескерту: Өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1163 бұйрығымен.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже акцизделетiн өнімін өндіретін ұйымдарда акцизделетiн өнімін өндіру мен айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын және салықтар мен басқа да міндетті төлемдер мен алымдардың бюджетке уақтылы және толық түсуін қамтамасыз ететін аумақтық салық комитеті мен салық полициясының аумақтық басқармаларының қызметкерлері бақылауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды. Ескерту: Өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1163 бұйрығымен.
Тармақ 2
2. Инспектордың этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруші ұйымдарда орналасқан аумақтық салық комитетінің Төрағалары мен салық полициясының тиісті басқармасының бастығы дайындайды.
Тармақ 3
3. Іс әрекеттерін үйлестіруді және ағымдағы бақылауды тиісті салық комитетінің Төрағасы мен салық полициясы басқармасының бастығы жүзеге асырады. Ескерту: Өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1163 бұйрығымен. 3.1 Акциз постарының жұмысына жедел басшылықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Салық полициясы комитетi аумақтық бөлiмшелерiнiң акцизделетiн өнiмнiң заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi бөлiм басшылары жүзеге асырады. Ескерту: 3.1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1163 бұйрығымен.
Тарау 2. 2. Инспекторлардың мақсаты
2. Инспекторлардың мақсаты
Тармақ 4
4. Инспекторлар мыналарды бақылауға алады: 1) бухгалтерлік есеп пен есе беру мәліметтері бойынша өзгерістің нақты көлемі мен сатылған дайын акцизделетін өнімнің сәйкес келуін; 2) дайын өнімнің сатылуын; 3) тиісті қызмет түрлеріне лицензияларының болуын; 4) тек қана есепке алу тетiктер мен өлшеуiш аппараттар (приборлар) арқылы және соңғыларын пломба салынған күйде пайдаланғаны үшiн акцизделген өнiмдi алып тастауға; Ескерту: Жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1163 бұйрығымен. 5) өнімдердің акциздік төлем таңбаларымен таңбалануы тиіс, олардың сақталу, пайдалану, есептелу шарттарын; Ескерту: Толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1163 бұйрығымен. 6) бюджетке акциздік төлемдердің уақытында және дұрыс аударылуына бақылауды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Инспекторлардың құқығы мен міндеттері
3. Инспекторлардың құқығы мен міндеттері 5. Инспекторлар жүктелген міндеттерді орындауға байланысты құқылы: 1) өз құзыреті шегінде мекеме басшылығының орындалуға міндетті шешімдерін қабылдауға; 2) мекемелерден өз құзыреті шегінде, мекеме басшылығының орындалуға міндетті мақсаттарды орындау үшін керекті ақпаратты мекеме басшыларының сұрауға және алуға; 3) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен акцизделген өнiм өндiрiсi мен айналымын реттейтiн оның құрылымдық бөлiмшелерi бұйрықтарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; Ескерту: Жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1163 бұйрығымен. 4) этил спирті мен алкоголь өнімін өндірушілердің шаруашылық қызметіне араласуы құқығынсыз этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру, сақтау және сатуды жүзеге асыратын ұйымдардың әкімшілік - өндірістік қоймаларына және басқа да тұрғын жайларына енуге;
Тармақша 5
5) сатылған акцизделетiн өнiм барлық түрлеріне акциздік ставкалардың пайдаланғанын тексеру; Ескерту: Өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1163 бұйрығымен.
Тармақша 6
6) салық төлеушінің акцизделетiн өнімдерін сатып алушылармен операцияны жүзеге асыру кезінде тіркеу нөмерінің анықтығын тексеруге; Ескерту: Өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1163 бұйрығымен.
Тармақша 7
7) қолма-қол ақшаның айналымы шарттарын сақтауға бақылау жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) этил спирті мен алкоголь өнімінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлігімен келiсiм бойынша өндірісін тоқтатуға; Ескерту: Толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1163 бұйрығымен.
Тармақша 9
9) қажет болғанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жасау комитетінің қызметкерлері тарту.
Тармақ 6
6. Инспекторлар міндетті:
Тармақша 1
1) апта сайын: - бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде нақты төленген дайын өнімдердің көлемдерінің нақты төленген көлемімен дәлдігін салыстырып тексеру; - алкоголь өнімдерінің өндірісі көлемінің пайдаланылмаған акциздік төлем таңбаларымен салыстырып тексеруді; - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь және темекi өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет қондырған пломбылардың бар болуын және бүтін болуын тексеруді. Ескерту: Толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1163 бұйрығымен. Пломбының немесе таңбаның сыртқы түрінің бұзылуы байқалған жағдайда өндірісті тоқта тұруға шара қолданылып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне және Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетіне жедел хабарлайды; Ескерту: Толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1163 бұйрығымен. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетіне N 1 қосымшаға сәйкес электрондық почта арқылы этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiретiн ұйымдарда (электрондық көшірме) акциздік постылар туралы жедел мәліметті жеткізу. Ескерту: Толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1163 бұйрығымен. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне N 1 қосымшаға сәйкес электронды почта (электронды көшiрмелер) арқылы акцизделетiн өнiм өндiретiн ұйымдардағы акциз постарының жұмысы туралы жедел мәлiметтердi тапсыруға. Ескерту: Толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1163 бұйрығымен.
Тармақша 2
2) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіретін кәсіпорынның қоймалары мен басқа да жағдайлардағы дайын өнімнің нақты қалдықтарының бухгалтерлік есеп пен есеп беру мәліметтеріне сәйкестігін ай сайын тексеруді жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетке этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымы декларациясының уақтылы ұсынылуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) өнімдерді өндіру, сақтау және сату кезінде талан-таражға үсіп кетпеуі үшін жолын кесудің барлық түрімен шара қолдану;
Тармақша 5
5) кәсіпорын тоқтап тұрған кезде жұмыстан тыс уақытта (өндіріске ендіру жұмыстарынан басқа) алкоголь өнімдерінің құю линиясына пломбы салуға.
Тармақ 7
7. акцизделетiн өнiм өндiретiн ұйымдарға бақылауды жүзеге асыратын акциз постарының инспекторлары міндетті:
Тармақша 1
1) акцизделетiн өнiмдi сату кезiнде сатып алушыларда қажеттi құжаттардың (тиiстi қызмет түрiне лицензиялар, рұқсаттар) бар-жоғына, сондай-ақ акциз ставкаларының дұрыс қолданылуына бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2. 4. Инспекторлардың жауаптылығы
2) Ескерту: 7 тармақ өзгертілді, 1-тармақша жаңа редакцияда жазылып, 2-тармақша алынып тасталды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1163 бұйрығымен. 4. Инспекторлардың жауаптылығы
Тармақ 8
8. Теріс әрекеті немесе әрекетсіздігі, өзіне тиісті міндетін орындамағаны үшін инспекторлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Басқа 26
1 қосымша Акциздік постылардың жұмысы туралы жедел есеп 1999 жылдың _____________ жағдайында ________________________________________________________________________ Кәсіпорын !Өнімде-!Есеп беру !Жылдың басындағы өсу !Есеп беру кезе- ! атауы !рдің !кезең. !қорытындылары !ңінің соңындағы ! !түрлері!басында. қа! !қалдық (дал) ! ! !лдық (дал) ! ! ! ------------------------------------------------------------------------! ! ! !өндіріл.(дал), Сатылғ.! ! ! ! !(дал) акциз, мың теңге! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ------------------------------------------------------------------------! ! ! !аударылғаны, төленгені! ! ! ! ! ! ! ------------------------------------------------------------------------! 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 ! ________________________________________________________________________! Таблицаның жалғасы. ________________________________________________________________________ Есеп беру аптасын-!Орындалмағаны (үстеме!Маркалар туралы мәлімет (шт.) ! да !төлеу) ! ! ------------------------------------------------------------------------! өндірілгені (дал) !01.01.99 ж. есеп беру!01.01.99 ж. қалдық алынды пай- ! сатылғаны (дал) !күні. !даланылды есеп беру күнгі ! ! !қалдық ! ------------------------------------------------------------------------! 9 ! 10 ! 11 ! 12 ! 13 ! 14 ! 15 ! 16 ! ------------------------------------------------------------------------!