О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
" Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы " және»" Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтардағы заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылдың 11 ақпандағы N 112 »"Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық қолхаттарының нысандарын (үлгілерін) және жазылуын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 3486 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., N 17, 137-бап, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылдың 24 мамырдағы N 352 »"Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық қолхаттарының нысандарын (үлгілерін) және жазылуын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығымен өзгерістер енгізілді, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 3661 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., N 133-134 (758)) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесінде:
6-тармақта:
3) тармақшада»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта:
1) тармақшада»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақта:
1) тармақшада»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақта:
1) тармақшада»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың екінші абзацындағы»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген астық қолхаттарының нысандарында (үлгілерінде):
қойма және кепіл куәлігінің бет жағында:
"астық қабылдау кәсіпорынының атауы..." деген жолда»"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер»"бизнес-сәйкестендіру нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"_________ берілді" деген жолда»салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
қойма және кепіл куәлігінің қайырма бетінде:
барлық мәтін бойынша»"СТН" деген аббревиатура»"БСН (ЖСН)" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы N 91 »"Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 2746 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., N 25-28, 949-құжат) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
оригинаторларды тіркеу ережесіне қосымшада:
5-тармақта»"СТН" деген аббревиатура»"БСН (ЖСН)" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Егіншілік және фитосанитарлық қауіпсіздік департаменті (Буць А.А.) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2010 жылдың 13 тамызынан бастап күшіне енеді.