Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік Кодексінің 53 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 «Қазақстан Республикасының Біртұтас бюджеттік классификациясын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Зеренді аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
БЕКІТІЛГЕН
аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 30 мамырдағы № 42-278 шешімімен
Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Осы мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережелері (бұдан былай Ережелер) 451007000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемдерді ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережелерді қабылдауға негіз болған Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында бірыңғай бюджеттік классификацияларды бекіту туралы» Қаулысы және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік Кодексі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алу құқығы.
2. Әлеуметтік көмек алу құқығы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмекке ең аз күнкөріс мөлшерінде кіріс түсетін аз қамтамасыз етілген отбасылар (азаматтар) немесе айқындалған жағдайлардың салдарынан қауырт әлеуметтік қолдауға мұқтаж, сонымен қатар мереке: 9 мамыр Жеңіс күні, балаларды қорғау күні, мүгедектер күні қарсаңында азаматтардың жеке санаттары құқылы.
Өмірлік қиын жағдайлар - отбасының бір мүшесінің қайтыс болуы, онкология, туберкулез және қант диабеті ауруларын ұзақ мерзімді емдеу.
Халықтың әлеуметтік жағынан әлжуаз топтарына әлеуметтік көмекті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы іске асырады.
Тармақ 4
4. Төтенше жағдайларда комиссияның шешімі бойынша өрт, апат және басқа да күтпеген жағдайлар.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
3. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Тармақ 5
5. Төлемдер жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Мәслихат депутаттарынан, денсаулық сақтау, ағарту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, үкіметтік емес ұйымдар, Ардагерлер кеңесі өкілдерінен комиссия құрылады.
Комиссия аудан әкімінің қаулысымен құрылады, кандидатуралардың дербес құрамы аудандық Мәслихат шешімімен бекітіледі. Отырыс айына бір реттен кем емес аудандық әкімдікте өтеді.
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеттері:
азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арыздарын қарастыру;
көмек көрсетуді өтінген отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары мен қамтамасыз етілу деңгейлерін тексеру;
әлеуметтік көмек тағайындау және тағайындамау туралы шешім қабылдау.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі.
4. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек отбасының бір мүшесіне (азаматқа) жылына бір рет ақшалай беріледі.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек алғысы келетін тұлға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне арыз береді. Арызға келесі құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) жеке куәлік;
Тармақша 2
2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 3
3) тіркелу туралы құжат;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмекті қажет ететіндігін нақтылайтын құжат;
Тармақша 5
5) отбасының материалды-мүліктік жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 6
6) төлем көрсету жөніндегі селолық округтің өтініші;
Тармақша 7
7) жеке есепшоты.
Тармақ 9
9. Төлем арыз берушінің есепшотына қаражат аудару жолы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек Отан Соғысына қатысушылардың және оларға теңестірілген тұлғалардың өтініш беруінсіз есепшоттарына қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақша 1
1) Жеңіс күні құрметіне Отан Соғысына қатысушыларға, тыл еңбеккерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға біржолғы төлем;
Тармақша 2
2) Отан Соғысына қатысушыларға кезеңдік басылымдарға жазылуы үшін біржолғы төлем;
Тармақша 3
3) Республикалық клиникаларда тексерілу және емделу үшін Отан Соғысына қатысушылардың және оларға теңестірілген тұлғалардың, балалардың емделуге жол ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек;
Тармақ 11
11. Азаматтардың жеке санаттарына көмек:
Тармақша 1
1) мүгедектер күніне 1, 2 топтағы мүгедектерге және мүгедек балаларға біржолғы төлем;
Тармақша 2
2) қайтыс болған азаматтарды жерлеуге кедейшілік шегінен төмен тұратын мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) аз қамтылған отбасылардың қант диабетімен және туберкулезбен ауыратын мүшелеріне әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) ауданға жұмыс істеуге келген мамандарға әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) жеке оңалту бағдарламасы жоқ мүгедектерге мүгедектік арбалар алу үшін әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) жеке оңалту бағдарламасы жоқ мұқтаж азаматтарға протезді бұйымдар алу үшін әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) жеке оңалту бағдарламасы негізінде мүгедектерге әлеуметтік оңалтуға әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) жеке оңалту бағдарламасы жоқ отбасында ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен табысы бар мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторлы-курорттық жолдама алу үшін әлеуметтік көмек;
Тармақша 9
9) дарынды балаларға (аз қамтылған отбасылардан шыққан, мүгедек балаларға, жетім балалар және балалар, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға) әлеуметтік көмек;
Тармақша 10
10) төтенше жағдайлардың салдарынан кауырт қолдауды қажет ететіндерге әлеуметтік көмек.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шығындарды қаржыландыру.
5. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шығындарды қаржыландыру.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік төлемдер бойынша шығындар 451007000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша аудандық бюджетте қарастырылған қаржы көлемінде қаржыландырылады.
Тарау 6. 6. Төлемдердің жүзеге асырылу тәртібі және мөлшері.
6. Төлемдердің жүзеге асырылу тәртібі және мөлшері.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек жиынтық реестрі негізінде ақша қаражатын алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 13.1
13.1. Әлеуметтік көмектің мөлшері комиссия шешімімен 451007000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мүқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасында қарастырылған қаражатқа сәйкес белгіленеді.
Тарау 7. 7. Әлеуметтік көмек көрсетуді бақылау.
7. Әлеуметтік көмек көрсетуді бақылау.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі бақылау және есепке алу Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.