Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов в период проведения выборов депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан и маслихатов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу кезінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын ілетін орындарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 27 бап 2 тармағына және 28 бап 6 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы «Үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» № 350 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасы маслихат депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» № 89/166 Қаулысына сэйкес Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және мәслихаттарына кандидаттардың (бұдан әрі- «кандидаттардың») үгіттік баспа материалдары ілінетін орындардың тізбесі белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Т. Мақадылов) кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәтке дейін кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін стендтерді, тақталарды жэне түғырлықтарды құрылыс нормаларына және қағидаларына сәйкестендірсін.
Тармақ 3
3. Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын: коммуналдық меншік объектілерінің ғимараттарына; коммуналдық меншікке жататын аялдама павильондарына; мемлекеттік қатысу үлесі бар акционерлік қоғамдардың иелігіндегі объектілер мен мүлкіне ілуге тыйым салынсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енеді.
Тармақ 5
5. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 2 қыркүйектегі «Сайлау өткізу кезінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдары ілінетін орындарды белгілеу туралы» № 695/9 (нормативтік қүқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 12-3-73 тіркелген) қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.В. Дычкоға жүктелсін. Келісілді: Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы 2007 жылғы «28» маусым Б. Амантаев