Қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалардың қызмет түрлеріне бір жолғы талондардың құны туралы Қолданыста
Басқа 0
Қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалардың қызмет түрлеріне бір жолғы талондардың құны туралы
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 12 маусым 2001 жылғы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңының 373-бабының 2-тармағын басшылыққа алып аудандық Мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талон құны № 1 қосымшаға сәйкес, және базарларда сауда жасайтын жеке тұлғалар үшін (жалға алу шарты бойынша базарлар аумағында тұрақты орындарда сауда жасайтындардан басқаларға) бір жолғы талон құны № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Отырар аудандық мәслихаттың «Отырар ауданының базарларында тауарларды сату құқын беретін бір жолғы талондардың бағасы туралы» 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №2/18-139 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №710 тіркелген, 9.11.2002 жылы «Отырар алқабы» газетінің №48 санында жарияланған, Отырар аудандық мәслихаттың 14.01.2005 жылғы №12/76-III «Отырар аудандық мәслихатының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №2/18-139 «Отырар ауданының базарларында тауарларды сату құқын беретін бір жолғы талондардың бағасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №1795 тіркелген, 07.03.2005 жылы «Отырар алқабы» газетінің №21-22 санында жарияланған шішімімен өзгерістер енгізілген) шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң, қолданысқа енгізілсін.
Басқа 4
Аудандық Мәслихаттың 2007
жылғы 22 мамырдағы № 36/232-III
шешіміне № 1 қосымша
Қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалардың қызмет түрлерінің тізбесі және зерттеу деректері нәтижесінде болжанып отырған бір жолғы
талондардың құны
Қ/с
Қызмет түрі
Бір жолғы талонның құны
1
2
3
1.
1)
2)
3)
4)
5)
Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы):
Газеттер мен журналдар;
Тұқым,сондай-ақ отырғызу материалдары (тікпе көшет, көшет);
Бақша дақылдары;
Саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер
Үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері;
30 тенге
50 тенге
50 тенге
50 тенге
50 тенге
2
Жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп;
100 теңге
3.
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері;
300 тенге
4.
Жолаушылар мен жүктерді (лицензиялы тасымалдардан басқасы ) тасымалдау бойынша жеке жеңіл автомобильдері иелерінің қызмет көрсетулері:
70 тенге
Басқа 5
Аудандық Мәслихаттың 2007
жылғы 22 мамырдағы № 36/232-III
шешіміне № 2 қосымша
Отырар ауданының базарларында сауда жасайтын жеке тұлғалардың зерттеу деректері нәтижесінде болжанып отырған бір жолғы талондардың орташа
құны
№
Тауар, жұмыс және қызмет түрлері
Әр
сатушының алатын сауда алаңы
Бір жолғы талонның құны
Базар аумағында сауда жасау
1
Ұн, нан және нан тағамдары, кондитерлік тауарлар
1 шаршы метрден
50 теңге
2
Ет өнімдері
1 шаршы метрден
70 теңге
Сүт өнімдері
1 шаршы метрден
30 теңге
3
Көкөніс, жеміс-жидектер
1 шаршы метрге дейін
80 теңге
4
Құрғатылған жемістер, бал
2 шаршы метрге дейін
80 теңге
5
Киімдер, мата, бас киімдер, аяқ киімдер
2 шаршы мертге дейін
80 теңге
6
Аудио, видео аппараттары
2 шаршы метрге дейін
80 теңге
7
Кеңсе тауарлары, парфюмерия тауарлары
1 шаршы метрден
80 теңге
8
Жеңіл көліктер, ауыл шаруашылық техникалары, автобустар
1 кіріп шыққанына
100 теңге
9
Мото-вело техникасы
1 кіріп шыққанына
50 теңге
10
Ірі-қара, жылқылар, иттер
1 бас
100 теңге
11
Қой, ешкі
1 бас
50 теңге
12
Құстар мен аңдар
1 шаршы метрден
30 теңге
13
Жем-шөп
2 шаршы метрге дейін
100 теңге
14
Құрылыс материалдары
3 шаршы метрге дейін
80 теңге
15
Гүлдер
1 шаршы метрден
50 теңге
16
Аяқ киім жөндеу және басқа тұрмыстық қызметтер
2 шаршы метрге дейін
80 теңге
17
Ұсақ-түйек тауарлар
1 шаршы метрден
50 теңге
Ескерту: егер тұрған /сауда/ орны белгіленген жер көлемінен артса, онда салық төлеуші бір жолгы талон құнының сомасын артық жерге барабар етіп қосымша төлейді.