Об установлении ограничительных мероприятий по бешенству животных на территории дворов Крекотень А.Е. и Мартыненко И.Н., проживающих в селе Мальцево Покровского сельского округа Күшін жойған
Басқа 0
Покровка селолық округінің Мальцево селосында тұратын Крекотень А.Е. және Мартыненко И.Н. аулаларының аумағында малдардың құтырмасы жөніндегі шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31бабы 1 тармағы 18) тармақшасына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 2 тармағына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданыңың Покровка селолық округінің Мальцево селосының А.Е.Крекотень және И.Н.Мартыненко тұрғындарының аулаларында малдардың құтырмасы жөніндегі шектеу іс- шараларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігінің аудандық аумақтық инспекциясының 2007 жылғы 26 маусымдағы №02/922 ұсынысының негізінде, малдардың аса қауіпті ауруларын (құтырма) жою және алдын алу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Покровка селолық округінің Мальцево селосында Береговая көшесі, 31 (Крекотень А.Е.) және Береговая көшесі, 23 (Мартыненко И.Н.) жеке меншік аумақтарда малдардың құтырмасы бойынша шектеу іс- шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігінің аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Покровка селолық округінің Мальцево селосындағы Крекотень Александр Егоровичтің және Мартыненко Иван Николаевичтің жеке меншік аумақтарында қауіпті ауруларды уақытында шектеп, жою шараларын қабылдасын, ветеринариялық шаралардың қатаң орындалуын бақылауға алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған куннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Шұнгұлшинге жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Есіл аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
Рахметов Серік Ақмағамбетұлы