Об установлении ставки акциза на кассу тотализатора, кассу букмекерской конторы Қолданыста
Басқа 0
«Тотализатор кассасына, букмекерлік кеңсе кассасына акциз ставкасының көлемін белгілеу туралы»
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағында әкелінетін Қазақстан Республикасының аумағында салынатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шахтинск қаласында акциз ставкасы:
тотализатор кассасына – 160 айлық есептеу көрсеткіш;
букмекерлік кеңсе кассасына – 40 айлық есептеу көрсеткіш көлемінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аумақтың экономикалық дамуы және Бюджеттік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (А.Поляков).
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылдың 23 мамырының бастап іске қосылып және әділет органдарында тіркеліп жарияланғаннан кейін күшіне енеді.