Об определении мест розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующими материалы эротического характера Қолданыста
Басқа 0
Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшектен сату орындарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 1949 жылғы 23 шілдедегі № 451-I «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы, 14-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшектеп сатуды реттеу мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық кентінің «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамының ғимараты, «Статуслэнд» сауда-ойын кешені эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын, мерзімді баспасөз басылымдарын сатуға тағайындалған, стационарлық ғимараттары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қарабалық ауданы әкімдігінің жанынан, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшектеп сату ережесін сақтау жөніндегі комиссия құрылсын.
Тармақ 3
3. Қарабалық ауданы әкімдігінің жанынан, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшектен сату ережесін сақтау жөніндегі комиссияның жеке құрамы белгіленген заңды тәртібінде аудандық мәслихатына бекітуге енгізілсін.
Тармақ 4
4. 2007 жылғы 14 сәуірдегі № 114 «Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшектен сату Ережесін Қарабалық аудандық мәслихат сессиясына жіберу туралы» қаулы жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.