Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына, отын сатып алу үшін, жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек 1 тонна көмірдің бағасы мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.