Кентау қаласының көшелерін атау туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кентау қаласының көшелерін атау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып қала әкімдігі мен қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Энергетиктер тұйық көшесі Мерғали Қадылбековтың атымен аталсын.
Тармақ 2
2. Степная көшесі - Бейбітшілік көшесі атымен аталсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.