Құжат мәтініне өту

Вопросы некоторых республиканских государственных казенных предприятий Комитета по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан

Қаулы · № 579 · қабылданған 06.07.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-33951/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Вопросы некоторых республиканских государственных казенных предприятий Комитета по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 579 ·06.07.2007
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Вопросы некоторых республиканских государственных казенных предприятий Комитета по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 579 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Вопросы некоторых республиканских государственных казенных предприятий Комитета по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
579
Қабылданған күні
06.07.2007
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI33951_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000579_
ЭКБ идентификаторы
33951
Редакция идентификаторы
AI33951_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:24

0 Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының мәселелері

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің»"Бұқаралық және қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің»"Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып бөліну жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3 3. Қызметінің негізгі мәні:

1 1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің»"Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қысқы спорт түрлері саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;

2 2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің»"Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бұқаралық спорт түрлері саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын;

2 2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2 2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Мемлекеттік кәсіпорындар" деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"4.»"Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-3-жолмен толықтырылсын:
"15-3.»"Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны";

3 3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы