Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов в депутаты Парламента Республики Казахстан, маслихата Акмолинской области, маслихата Аккольского района Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Парламентіне, Ақмола облыстық мәслихатқа, Ақкөл аудандық мәслихатқа үміткер депутаттардың үгіт-насихат басылған материалдарын орналастыруға арналған орындарды анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бап 6-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Парламентіне, Ақмола облыстық мәслихатқа, Ақкөл аудандық мәслихатқа үміткер депутаттардың үгіт-насихат басылған материалдарын орналастыруға арналған орындары қосымшаға сай анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.С.Балпанға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Бұл қаулы Ақкөл аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне еніп, арнайы жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Басқа 4
Ақкөл аудан әкімдігінің
2007 жылғы «29» 06
№а-6/214 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Парламентіне, Ақмола облыстық мәслихатқа, Ақкөл аудандық мәслихатқа үміткер депутаттардың стендтермен, щиттермен жарақталған үгіт-насихат басылған материалдарын орналастыруға арналған орындар
№
р/с
Елді мекен атауы
Орналасқан жері
Орналастыруға арналған нысан атауы
1
Ақкөл қаласы
Нұрмағанбетов және Бегелдинов көшелерінің қиылысы
Қалалық хабарландыру тақтасы
2
Ақкөл қаласы
Нұрмағанбетов көшесі, 116
«Қазпошта» АҚ-ның аудандық пошта байланысы торабының ғимараты
3
Ақкөл қаласы
Нұрмағанбетов көшесі, 176
«ҚР АШМ-нің ашт ПЖЗО» МЕК ғимараты
4
Ақкөл ауданының селолық округтері мен селоларының орталықтары
Орталығы
ЖШС-тің, ФАП-дің, ОДА мен ФП-дің ғимараттары (келісім бойынша)
Аббревиатуралардың мағынасы:
АҚ - акционерлік қоғам;
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
ФАП - фельдшерлік-акушерлік пункт;
ОДА - отбасылық-дәрігерлік амбулатория;
ФП - фельдшерлік пункт;
«ҚР АШМ-нің ашт ПЖЗО» МЕК - «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ауыл шаруашылығы техникаларын Пайдалану және Жөндеу жөніндегі Зерттеу Орталығы» мемлекеттік еншілес кәсіпорын