Об утверждении Правил ввоза, вывоза и транзита отходов Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 1989 жылғы 22 наурыздағы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының хатшылығын қоса беріліп отырған Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесінің 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес бөлінген орталық ретінде тағайындалған органдар шеңберінің өзгергендігі туралы хабардар етсін.
Тармақ 3
3. "Қалдықтарды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1256 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 521-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2007 жы­л­ғы"11 шіл­де­де­гі N 594 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, 1989 жылғы 22 наурыздағы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына (бұдан әрі – Базель конвенциясы) сәйкес әзірленді және қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ қалдықтарды оның аумағы бойынша транзиттеу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) қалдықтар – Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жойылатын, жойылуға арналған немесе жойылуға тиіс заттарды немесе нәрселерді білдіреді;
Тармақша 2
2) бөлінген орталық – Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;
Тармақша 4
4) құзыретті орган – шекаралық, көліктік және кедендік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
Тармақша 5
5) қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау – мұндай тасымалдау ең болмағанда екі мемлекетке қатысты болған кезде бір мемлекеттік ұлттық заңи құзыретіндегі бір ауданнан қауіпті немесе басқа да қалдықтарды басқа мемлекеттің ұлттық заңи құзыретіндегі ауданға немесе аудан арқылы не қандай да болмасын мемлекеттің ұлттық заңи құзыретіндегі емес ауданға немесе аудан арқылы кез келген орнын ауыстыру. Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2. Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртібі
2. Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртібі
Тармақ 3
3. Қалдықтарды пайдалану (кәдеге жарату, өңдеу) мақсатында оларды Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органмен берілетін лицензияның негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Қауіпті қалдықтарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу, Кеден одағының кедендік аумағынан әкету және Кеден одағының кедендік аумағы арқылы транзиттеу тәртібі туралы ережемен, сондай-ақ 2009 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2009 жылғы 9 шілдедегі Тауарлардың сыртқы сауда саласында лицензиялау ережесі туралы келісіммен (бұдан әрі – Келісім) реттеледі.
Тармақ 5
5. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде үшінші елдермен саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің (бұдан әрі – Бірыңғай тізбе) 1.2-бөлімінде келтірілген қауіпті қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына (аумағы арқылы) Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелу немесе елдерге әкету жүзеге асырылмайды. Әкелу және (немесе) әкету кезінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы орнын ауыстыруға шектелген қауіпті қалдықтар тізбесі Бірыңғай тізбенің 2.3-бөлімінде көзделген.
Тармақ 6
6. Қауіпті қалдықтарды әкелу, әкету, транзиттеу Базель конвенциясына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Өздерінің заңнамасы шеңберінде қауіпті қалдықтар импортына тыйым салған Базель конвенциясы тарапының мемлекеттеріне және дамушы елдерге, не егер осы қалдықтарды пайдалану экологиялық негізделген түрде жүзеге асырылмайды деп болжауға негіз болса, сондай-ақ оңтүстік еңдіктің 60 градусынан оңтүстікке қарай орналасқан аудандарға қауіпті қалдықтарды әкету жүзеге асырыла алмайды.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағы арқылы) қалдықтарды әкеткен (транзиттеген) жағдайда Базель конвенциясына сәйкес аумағына қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі болуы қажет.
Тармақ 8
8. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде жеке және заңды тұлғалар мүдделі мемлекеттерге қауіпті қалдықтарды ұсынылатын трансшекаралық тасымалдауға қатысты ұсынылатын тасымалдың адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін салдарын көрсететін ақпаратты ұсынады. Мұндай ақпарат осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарламада көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Болжанып отырған қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы Қазақстан Республикасы бөлінген орталық болып табылатын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган арқылы мүдделі мемлекеттердің құзыретті органдарын жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 10
10. Қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қортындысының негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы трансшекаралық тасымалдауға қорытындыны ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды (қағаз жеткізгіште) ұсынуы қажет.
Тармақша 1
1) өтініш берушінің қолы қойылған, заңды тұлғалар үшін мөрмен куәландырылған, жеке тұлғалар үшін тұрғылықты жерін және заңды тұлғалар үшін орналасқан жерін көрсетіп, қалдықтарды транзиттеу туралы өтініш және қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі;
Тармақша 2
2) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе өзгеде иеліктен шығару шартының көшірмесі;
Тармақша 3
3) экспорттаушы мен өндіруші немесе, егер өтініш беруші делдал болған жағдайда импорттаушы мен тауарды тұтынушы арасындағы шарттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) Базель конвенциясына сәйкес қалдықтар аумағына әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі;
Тармақша 5
5) тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды экологиялық қауіпсіз пайдалану келісілетін экспорттаушы мен қалдықтарды жоюға жауап беретін тұлға арасындағы келісімшарттың көшірмелері;
Тармақша 6
6) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды тасымалдау туралы құжат. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытындыны ресімдеу үшін қосымша мынадай құжаттарды (қағаз жеткізгіште) ұсыну қажет:
Тармақша 1
1) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің көшірмесі;
Тармақша 2
2) төтенше авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жоспарының көшірмесі;
Тармақша 3
3) қауіпті қалдықтардың паспорты;
Тармақша 4
4) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама (3 данада).
Тармақ 12
12. Қалдықтар аумағына әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының келісімін беруге сұрау салу Базель конвенциясына сәйкес ресімделіп жіберіледі (қағаз жеткізгіште).
Тармақ 13
13. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға арналған қорытындыны ресімдеу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылған құжаттар көшірмесі құжаттардың қабылданған күні туралы белгі қойылып, өтініш берушіге жіберілетін (тапсырылатын) тізімдеме бойынша қабылданады.
Тармақ 14
14. Құжаттар осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өтініш берушіні бас тарту себептерін көрсете отырып, қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытынды беруден бас тарту туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 15
15. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттар осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытындыны ресімдейді және өтініш берушіге жібереді (береді).
Тарау 3. 3. Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу кезіндегі олардың орнын ауыстыруға қойылатын талаптар
3. Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу кезіндегі олардың орнын ауыстыруға қойылатын талаптар
Тармақ 16
16. Әкелу, әкету және транзиттеу объектісі болып табылатын қалдықтар халықаралық талаптарға сәйкес буып-түйіледі, таңбаланады және тасымалданады.
Тармақ 17
17. Қалдықтардың орнын ауыстыру кезінде Базель конвенциясына сәйкес қалдықтардың қауіптілігін жіктеу қолданылады.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасында қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезіндегі бақылауды құзыретті органдар қамтамасыз етеді.
Тармақ 19
19. Қалдықтарды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Қалдықтарды тасымалдағаннан кейін көлік тазартылуға, қажет болған кезде зарарсыздандырылуға тиіс.
Тармақ 20
20. Тасымалдау жолында қалдықтар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша көлік жүкқұжаттарымен бірге жүреді. Тасымалдаушы қалдықтардың бағыт жоспары мен тасымалдау кестесін қалыптастырады және белгіленген тәртіппен оларды көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органмен келіседі.
Тармақ 21
21. Қалдықтардың орнын ауыстыру Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жасалған сақтандыру шартымен жабылады.
Тармақ 22
22. Қалдықтардың орнын ауыстыруды жүзеге асырған кезде жүк жөнелтуші немесе тасымалдаушы жүру жолындағы ықтимал авариялық жағдайда көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы жүкке авариялық карточка әзірлейді.
Тармақ 23
23. Қалдықтарды тасымалдауға байланысты аварияның пайда болуы немесе қауіп-қатері жағдайында тасымалдаушы бұл туралы мүдделі мемлекеттердің құзыретті органдарын дереу хабардар етеді және аварияның салдарын жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 24
24. Қалдықтарды тиеу-түсіру жұмыстарын бақылауды тасымалдаушы не жүк жөнелтушінің (жүк алушының) жүкті бірге алып жүретін өкілі жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізген кезде жүктің сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары орындалады.
Тармақ 26
26. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалдың орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Басқа 1. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама
Қал­дық­тар­ды әке­лу, әке­ту және тран­зит­теу ере­же­сіне 1-қо­сым­ша Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама 1. Экс­порт­та­у­шы (ата­уы, ме­кен­жайы): 4. Ха­бар­ла­ма, қа­ты­сты (1): Ха­бар­ла­ма N Бай­ла­ны­сты­ра­тын тұл­ға: Тел.: А а) бір­жол­ғы та­сы­мал­да­у­ға |_| Б в) ор­на­ла­сты­ру |_| Факс: б) жал­пы ха­бар­ла­ма­ға (бір­не­ше та­сы­мал­дау) г) пай­да­ла­ну |_| Экс­порт се­бе­бі: В Бұ­рын рұқ­сат алын­ған объ­ект 2. Им­порт­та­у­шы (ата­уы, ме­кен­жайы): Бай­ла­ны­сты­ра­тын тұл­ға: Тел.: Факс: 5. Жал­пы жос­пар­лан­ған жет­кі­зу мөл­ше­рі: 6. Қал­дық­тар­дың бо­лжам­ды мөл­ше­рі (3): кг (л) 7. Жет­кі­зу(лер)дің бо­лжам­ды күн­де­рі неме­се ке­зең­де­рі: 3. Қал­дық­тар­ды жо­ю­ға жа­у­ап­ты тұл­ға (ата­уы, ме­кен­жайы) (2): Бай­ла­ны­сты­ра­тын тұл­ға: Тел.: Факс: 8. Бо­лжа­на­тын та­сы­мал­да­у­шы­лар (ата­уы, ме­кен­жайы) (2) 9. Ор­на­ла­сты­ру/пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі объ­ект (ата­уы, ме­кен­жайы): Бай­ла­ны­сты­ра­тын тұл­ға: Тел.: Факс: Тел.: Факс: 11. Қал­дық­тар­ды өн­ді­ру­ші(лер) Қал­дық­тар­ды пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі іс жү­зін­де­гі объ­ект (ата­уы, ме­кен­жайы) (2): 10. Ор­на­ла­сты­ру/пай­да­ла­ну тә­сіл­де­рі (2) Бай­ла­ны­сты­ра­тын тұл­ға: Тел.: Факс: D ко­ды/R ко­ды (4): Қол­да­ны­ла­тын тех­но­ло­гия: (егер бұл қа­жет бол­са, ег­жей-тег­жей­ле­рін ха­бар­лау) 12. Экс­порт­та­у­шы және жо­ю­ға жа­у­ап­ты тұл­ға ара­сын­да жа­сал­ған ке­лі­сім­шарт ту­ра­лы ақ­па­рат 13. Жо­ю­ға жа­у­ап­ты тұл­ға экс­порт­та­у­шы­ға неме­се өн­ді­ру­ші­ге жі­бе­ре­тін ақ­па­рат (кә­сі­по­рын­ның тех­ни­ка­лық си­патта­уын қо­са ал­ған­да), оның негі­зін­де соң­ғы­сы бо­лжа­на­тын жою эко­ло­ги­я­лық негіз­дел­ген тә­сіл­мен және им­порт­тау елі­нің нор­ма­ла­ры­на және қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес жү­зе­ге асуы мүм­кін бо­ла­ты­ны ту­ра­лы қо­ры­тын­ды жа­сай­ды: Қал­дық­тар пай­да болған объ­ект 14. Та­сы­мал­дау түр­ле­рі (4): 5. Буып-түю тү­рі(ле­рі) (4): 16. Сақ­тан­ды­ру­ға қа­ты­сты ақ­па­рат: (ти­іс­ті сақ­тан­ды­ру та­лап­та­ры ту­ра­лы және оны экс­порт­та­у­шы, та­сы­мал­да­у­шы және жо­ю­ға жа­у­ап­ты тұл­ға қа­лай қа­на­ғат­тан­ды­ра­ты­ны ту­ра­лы) Сақ­тан­ды­ру шар­ты­ның және сақ­тан­ды­ру по­ли­сі­нің де­ректе­ме­ле­рі: 17. а) Қал­дық­тар­дың ата­уы және хи­ми­я­лық құ­ра­мы 17. б) Өті­ніш­ке қой­ы­ла­тын ар­найы та­лап­тар: 18. Фи­зи­ка­лық си­патта­ма­ла­ры (4): 19. Қал­дық­тар­дың сәй­кестен­ді­ру ко­ды 21. Ү нө­мі­рі (4): экс­порт елін­де: ҚХСҚ: им­порт елін­де: ҚЕК: 22. Н нө­мі­рі (4) Ке­ден­дік код: Бас­қа­лар (нақ­ты­лау) 20. ЭЫ­ДҰ жік­те­уі (1): са­ры |_| қы­зыл |_| жа­сыл |_| 23. а) БҰҰ-ның сәй­кестен­ді­ру N: 2 б) БҰҰ-ның сы­ны­бы (4): мен нө­мі­рі (ег­жей-тег­жей­лі си­патта­ма­сын қо­са бе­ру) 24. Мүд­де­лі ел­дер. Құ­зы­рет­ті ор­ган­дар­дың код нө­мі­рі және әке­лу мен әке­ту­дің бел­гі­лі бір пункт­те­рі: Экс­порт мем­ле­ке­ті Тран­зит мем­ле­ке­ті Им­порт мем­ле­ке­ті 25. Әке­лу және/неме­се әке­ту пунк­ті­нің ке­ден қыз­мет­те­рі 27. Өн­ді­ру­ші­нің (экс­порт­та­у­шы­ның) мәлем­де­ме­сі: осы ақ­па­рат то­лық және мен­де бар мә­лі­мет­тер­ге сәй­кес ақи­қат­қа сай екен­ді­гін рас­тай­мын. Сон­дай-ақ заң­ды кү­ші бар және жа­з­ба­ша ны­сан­да жа­сал­ған ке­лі­сім­шар­ттық мін­дет­те­ме­лер бел­гі­лен­ген­ді­гін және қал­дық­тар­дың тран­с­ше­ка­ра­лық орын ауы­сты­руын жа­ба­тын ти­іс­ті ке­піл­дік­тер бар екен­ді­гін рас­тай­мын. Әке­ту пунк­ті 26. Қо­сым­ша­лар са­ны Ата­уы: Қо­лы: Кү­ні: Құ­зы­рет­ті ор­ган­дар тол­ты­ра­ды 28. Им­порт­та­у­шы, тран­зит­те­у­ші ел­дің құ­зы­рет­ті ор­га­ны тол­ты­ра­ды 29. Құ­зы­рет­ті ор­ган­ның та­сы­мал­да­у­ға бер­ген рұқ­са­ты: Ха­бар­ла­ма алын­ды: Құ­зы­рет­ті ор­ган­ның ата­уы, мө­рі және қо­лы Рас­тау жі­бе­ріл­ді: Құ­зы­рет­ті ор­ган­ның ата­уы: Рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі: дей­ін Мө­рі және/неме­се қо­лы: Ай­рық­ша шар­ттар: иә жоқ
Басқа 2. Қалдықтарды тасымалдау туралы құжат
Қал­дық­тар­ды әке­лу, әке­ту және тран­зит­теу ере­же­сіне 2-қо­сым­ша Қалдықтарды тасымалдау туралы құжат 1. а) Экс­порт­та­у­шы (ата­уы, ме­кен­жайы): 4. а) Ха­бар­ла­ма­ға 5. Жет­кі­зу­дің се­ри­я­лық № Бай­ла­ны­сты­ра­тын тұл­ға: Тел.: сәй­кес № Факс: 4. б) Та­сы­мал­дау (2) бір жол­ғы ха­бар­ла­ма бой­ын­ша |_| жал­пы ха­бар­ла­ма бой­ын­ша |_| 6. Ор­на­ла­сты­ру/пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі объ­ект (ата­уы, ме­кен­жайы) 1. б) Қал­дық­тар­ды өн­ді­ру­ші (ата­уы, ме­кен­жайы) (1): Бай­ла­ны­сты­ра­тын тұл­ға: Тел.: Өн­ді­ріс әді­сі Факс: Бай­ла­ны­сты­ра­тын тұл­ға: Тел.: Факс: 7. Ор­на­ла­сты­ру/пай­да­ла­ну тә­сіл­де­рі Қал­дық­тар пай­да болған объ­ект: D ко­ды: (3) R ко­ды: (3) 2. Им­порт­та­у­шы (ата­уы, ме­кен­жайы): Қол­да­ны­ла­тын тех­но­ло­гия Бай­ла­ны­сты­ра­тын тұл­ға: Тел.: Жү­гін­ген жөн: Факс: 3. Жо­ю­ға жа­у­ап­ты тұл­ға (ата­уы, ме­кен­жайы): (егер қа­жет бол­са, ег­жей-тег­жей­ле­рін ха­бар­лау) 8. Сақ­тан­ды­ру­ға қа­ты­сты ақ­па­рат: (ти­іс­ті сақ­тан­ды­ру та­лап­та­ры ту­ра­лы және экс­порт­та­у­шы, та­сы­мал­да­у­шы және жо­ю­ға жа­у­ап­ты адам олар­ды қа­лай қа­на­ғат­тан­ды­ра­ты­ны ту­ра­лы) Сақ­тан­ды­ру шар­ты­ның және сақ­тан­ды­ру по­ли­сі­нің де­ректе­ме­ле­рі: 9. 1-та­сы­мал­да­у­шы (ата­уы, ме­кен­жайы): 10. 2-та­сы­мал­да­у­шы (ата­уы, ме­кен­жайы) (4) 11. Соң­ғы та­сы­мал­да­у­шы (ата­уы, ме­кен­жайы) Тел.: Факс: Тел.: Факс: Тел.: Факс: 12. Та­сы­мал­дау тү­рі (3): 13. Та­сы­мал­дау тү­рі (3): 14. Та­сы­мал­дау тү­рі (3): Жүк­ті ти­еу кү­ні/ор­ны: Жүк­ті ти­еу кү­ні/ор­ны: Жүк­ті ти­еу кү­ні/ор­ны: Та­сы­мал­да­у­шы өкі­лі­нің қо­лы Та­сы­мал­да­у­шы өкі­лі­нің қо­лы Та­сы­мал­да­у­шы өкі­лі­нің қо­лы 15. Қал­дық­тар­дың ата­уы және хи­ми­я­лық құ­ра­мы 16. Фи­зи­ка­лық си­патта­ма­ла­ры (3) 17. Нақ­ты мөл­ше­рі кг 18. Буып-түю тү­рі(ле­рі) (3): 19. Қал­дық­тар­дың сәй­кестен­ді­ру ко­ды ҚХСҚ ко­ды: экс­порт елін­де ҚЕК: им­порт елін­де бас­қа­ла­ры (көр­се­ту) Ке­ден­дік код 21. БҰҰ-ның жік­те­уі: БҰҰ жү­гі­нің ата­уы: 20. ЭЫ­ДҰ жік­те­уі (2) қы­зыл |_| БҰҰ-ның нө­мі­рі: БҰҰ-ның сы­ны­бы (3): са­ры |_| Н нө­мі­рі (3): жа­сыл |_| және нө­мі­рі (ег­жей-тег­жей­ле­рін ха­бар­лау) Ү нө­мі­рі: 22. Жұ­мыс іс­те­у­ге қой­ы­ла­тын ар­найы та­лап­тар 23. Экс­порт­та­у­шы­ның (өн­ді­ру­ші­нің) мә­лім­де­ме­сі: жо­ға­ры­да кел­ті­рі­л­ген 1-9 және 13-21-ба­ған­дар­да­ғы ақ­па­рат то­лық және мен­де бар мә­лі­мет­тер­ге сәй­кес ақи­қат­қа сай екен­ді­гін рас­тай­мын. Сон­дай-ақ заң­ды кү­ші бар және жа­з­ба­ша ны­сан­да жа­сал­ған ке­лі­сім­шар­ттық мін­дет­те­ме­лер бел­гі­лен­ген­ді­гін, қал­дық­тар­дың тран­с­ше­ка­ра­лық орын ауы­сты­руын жа­ба­тын ти­іс­ті ке­піл­дік­тер бар екен­ді­гін, Ба­зель кон­вен­ци­я­сы­ның та­рап­та­ры бо­лып та­бы­ла­тын бар­лық мүд­де­лі мем­ле­кет­тер­дің құ­зы­рет­ті ор­ган­да­ры­ның та­ра­пы­ның қар­сы­лы­ғы алын­ба­ғанды­ғын рас­тай­мын 24. Іс жү­зін­де­гі жө­нел­ту кү­ні Кү­ні: Қо­лы: Ата­уы: Ор­на­ла­сты­ру/пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі алушы/объ­ект тол­ты­ра­ды 25. Жет­кі­зі­лім­ді алушы ал­ды (егер бұл ор­на­ла­сты­ру/пай­да­ла­ну объ­ек­ті­сі бол­ма­са) 27. Жо­ға­ры­да си­паттал­ған қал­дық­тар­ды ор­на­ла­сты­ру/пай­да­ла­ну жүр­гі­зі­л­ген­ді­гін рас­тай­мын Алын­ған са­ны: кг (л) қа­был­дан­ды |_| Кү­ні: бас тар­ту (5) |_| Кү­ні: Ата­уы: Қо­лы Ата­уы: 26. Жет­кі­зі­лім ор­на­ла­сты­ру/пай­да­ла­ну объ­ек­ті­сін­де алын­ды: Алын­ған са­ны: кг (л) қа­был­дан­ды (5) |_| Қо­лы және мө­рі: Кү­ні: бас тар­ту |_| Ата­уы: Қо­лы Бо­лжам­ды ор­на­ла­сты­ру/пай­да­ла­ну кү­ні: Ор­на­ла­сты­ру/пай­да­ла­ну әді­сі Қал­дық­тар­ды жо­ю­ға жа­у­ап­ты тұл­ға тол­ты­ра­ды 28. Жет­кі­зі­лім­ді қал­дық­тар­ды жо­ю­ға жа­у­ап­ты тұл­ға ал­ды: 29. Жо­ға­ры­да си­паттал­ған қал­дық­тар­ды жою жүр­гі­зі­ле­т­ін­ді­гін рас­тай­мын: Алын­ған са­ны: кг (л) қа­был­дан­ды |_| Кү­ні: бас тар­ту (5) |_| Кү­ні: Ата­уы: Қо­лы Ата­уы: 30. Жүк қал­дық­тар­ды жою объ­ек­ті­сін­де алын­ды: Алын­ған сан: кг (л) қа­был­дан­ды |_| Қо­лы мен мө­рі: Кү­ні: бас тар­ту (5) |_| Ата­уы: Қо­лы Бо­лжам­ды жою кү­ні: Жою ор­ны­ның іс жү­зін­де­гі ор­на­ла­суы: Жою әді­сі
Басқа 3. ҚОРЫТЫНДЫ (рұқсат беру құжаты)
Қал­дық­тар­ды әке­лу, әке­ту және тран­зит­теу ере­же­сіне 3-қо­сым­ша Нысан ҚОРЫТЫНДЫ (рұқсат беру құжаты) № _________/201/_____ _____________________________________________________________________ (Қорытынды берген Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органының атауы) Берілді _____________________________________________________________ (Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, елі,/жеке тұлғалар үшін Т.А.Ә./) Орнын ауыстыру түрі _________________________________________________ (орнын ауыстыру түрі) _________________| |__________________ (Бірыңғай тауарлар (КО СЭҚТН коды*) тізбесінің бөлімі) Та­у­ар­дың ата­уы Са­ны Өл­шем бір­лі­гі Алушы/жіберуші* _____________________________________________________ (Атауы, заңды мекенжайы, елі) _____________________________________________________________________ Баратын/жіберетін елі* ______________________________________________ Әкелу (әкету) мақсаты _______________________________________________ Уақытша әкелу (әкету) мерзімі _______________________________________ Негіздеме: __________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Қосымша ақпарат _____________________________________________________ _____________________________________________________________________ Транзиттеу елі* _____________________________________________________ (аумақ бойынша транзиттеу) _____________________________________________________________________ Қолы ___________ күні _______ Рұқсат __________ дейін қолданылады _____________________________ (Т.А.Ә.) МО _____________________________ (Лауазымы) < * > - жолдар тауарлардың санаттарына қойылатын талаптар ескеріліп толтырылады