Об утверждении Типового индивидуального трудового договора, заключаемого с руководителем исполнительного органа акционерного общества, имеющего преобладающую государственную долю участия в уставном капитале Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарғылық капиталда қатысудың басым мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғам атқарушы орган басшысымен жасалатын Үлгілік жеке еңбек шартын бекіту туралы 📌 Ескерту. Тақырыбында және мәтiнiнде "келiсiмшартты", "келiсiмшарт", "келiсiмшарттар" деген сөздер тиiсiнше "жеке еңбек шартын", "жеке еңбек шарты", "жеке еңбек шарттар" деген сөздермен, "басқармасының төрағасымен", "басқармалар төрағаларымен" деген сөздер тиiсiнше "атқарушы органы басшысымен", "атқарушы органдар басшыларымен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 702 қаулысымен. Жарғылық капиталда қатысудың басым мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамдардың ағымдағы қызметіне тиімді басшылық жасауды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жарғылық капиталда қатысудың басым мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғам атқарушы органы басшысымен жасалатын Үлгілік жеке еңбек шарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иемдену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары және Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) заңдарға сәйкес осы қаулымен бекітілген Үлгілік жеке еңбек шарты негізінде тиісті акционерлік қоғамдардың атқарушы органдар басшыларымен жеке еңбек шарттар жасасуын қамтамасыз етсін. 📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 702 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Жарғылық капиталда қатысудың басым мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғам атқарушы орган басшысымен жасалатын Үлгілік жеке еңбек шарты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі N 909 қаулысымен бекітілген Жарғылық капиталда қатысудың басым мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғам атқарушы орган басшысымен жасалатын Үлгілік жеке еңбек шарты 📌 Ескерту. Тақырыбында және мәтiнiнде "келiсiмшартты", "келiсiмшарт", "келiсiмшарттар" деген сөздер тиiсiнше "жеке еңбек шартын", "жеке еңбек шарты", "жеке еңбек шарттар" деген сөздермен, "басқармасының төрағасымен", "басқармалар төрағаларымен" деген сөздер тиiсiнше "атқарушы органы басшысымен", "атқарушы органдар басшыларымен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 702 қаулысымен. ________қаласы 1999 жылғы "___"_______
Тармақ 1
1.___________________________________ акционерлiк қоғамы, бұдан әрi "Қоғам" деп аталатын директорлар кеңесiнiң төрағасы ______________атынан, бiрiншi тараптан, және азамат ________________________________, екiншi тараптан, мына төмендегiлер туралы осы келiсiм шартты жасасты.
Тармақ 2
2. Азамат_________ Қоғамның Директорлар Кеңесiнiң ____________ жылғы отырысының хаттамасына сәйкес Қоғам атқарушы органы басшысымен (бұдан әрi - Басшы) қызметiне сайланады. 📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 702 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Басшы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қоғамның Жарғысына сәйкес қоғамды басқаруды жүзеге асыру мақсатында мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) атқарушы органның тиiмдi жұмыс iстеуiн, Қоғамның қызметiн және акционерлердiң жалпы жиналысы мен директорлар кеңесi шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Қоғамның филиалдарының, өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ өз құзыреті шегiндегi еншiлес ұйымдардың немесе тәуелдi қоғамдардың жұмыстарын үйлестiредi және бағыттап отырады,
Тармақша 3
3) атқарушы органның және Қоғамның құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн бақылайды және қамтамасыз етедi;
Тармақша 4
4) атқарушы орган отырысы хаттамаларының жүргiзiлуiн ұйымдастырады және оларға Қоғам акционерлерiнiң кедергiсiз жiберiлуiн қамтамасыз етедi;
Тармақша 5
5) үшiншi тараптармен қарым-қатынастарда Қоғамның атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;
Тармақша 6
6) Қоғамды бiлдiру құқына сенiмхат бередi;
Тармақша 7
7) Бас есепшiнiң кандидатурасы туралы Қоғамның Директорлар Кеңесiмен келiседi;
Тармақша 8
8) Қоғам атқарушы орган мүшелерiне тиесiлi сыйақылар мен өтемақылар мөлшерiн Қоғамның Директорлар Кеңесінің бекiтуiне енгiзедi;
Тармақша 9
9) банктерде есепшоттар ашады және қоғамның төлем құжаттарына қол қояды;
Тармақша 10
10) "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен Қоғам атынан мәмiлелер жасайды;
Тармақша 11
11) заңдарда және Қоғам жарғысының ережелерiнде, акционерлердiң жалпы жиналысы мен Қоғам директорлары кеңесi шешiмдерiнде белгiленген шеңберiнде қоғамның қаржысына билiк етедi;
Тармақша 12
12) Қоғам қызметкерлерiн (атқарушы орган мүшелерi болып табылатын қызметкерлердi қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады, Қоғамның штат кестесiне сәйкес қоғам қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысының мөлшерiн және жалақыларға дербес үстемелердi белгілейдi, атқарушы орган және қоғамның iшкi аудитi қызметiнiң құрамына кiретiн қызметкерлердi қоспағанда, қоғам қызметкерлерiнiң сыйақы мөлшерiн анықтайды;
Тармақша 13
13)
Тармақша 14
14)
Тармақша 15
15) қоғамның қаржы-шаруашылық қызметiнiң орта мерзiмдi жоспарының (ұлттық компанияның даму жоспарының) әзiрленуiн ұйымдастырады;
Тармақша 16
16) Қоғам филиалдарының, өкілдiктерiнiң басшыларын және бас есепшiлерiн лауазымға тағайындайды және босатады;
Тармақша 16-1
16-1) акциялардың мемлекеттiк пакетiне дивидендтер мөлшерiнiң болжамды көрсеткiштерiн көрсетілген акцияларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органға жоспарлының алдындағы жылдың бiрiншi сәуiрiне дейiн берудi қамтамасыз етедi;
Тармақша 17
17) өзiне заңдар, Директорлар Кеңесi мен Қоғамның жарғысы жүктеген басқа да функцияларды жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 702 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Басшының мiндеттерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қоғамның мүддесiн барынша жоғары деңгейде көрсетедi деп санауға негiзделген тәсiлдердi қолдана отырып, өзiнiң лауазымдық өкiлеттігiн адал жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Жарғыға немесе акционерлердiң жалпы жиналысының немесе Қоғам мүлкi мен мүлiктiк құқықтарының Қоғамның Директорлар Кеңесiнiң шешiмдерiне сәйкес келмейтiн тұрғыда пайдаланылуына жол бермеу;
Тармақша 3
3) Қоғамның құрылтайшы құжаттарында белгiленген тәртiппен акционерлердiң жалпы жиналысы алдында есеп беру;
Тармақша 4
4) Қоғам қызметiнде заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Қоғамның коммерциялық және қызметтiк құпиясын сақтау және оларды қорғауды қамтамасыз ететiн шараларды қолдану;
Тармақша 6
6) Қоғам қызметi туралы толық және дер кезiнде расталған есеп берiп тұру;
Тармақша 7
7) Басшы қызметке сайланған күннен бастап 6 ай толғанда өзiнiң қызметi және Қоғамның осы кезеңдегi нәтижелерi туралы Директорлар Кеңесiне есеп беру оның нәтижелерi бойынша Директорлар Кеңесi Қоғамның акционерлерiн алдын ала жазбаша хабардар етіп, Басшының атқарып отырған қызметіне сәйкестiк туралы, не Басшының өкiлеттігiн мерзiмiнен бұрын тоқтату және онымен осы жеке еңбек шартты бұзу туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 8
8) өзiне заңдар, Директорлар Кеңесi мен Қоғамның жарғысы жүктеген басқа да мiндеттердi орындау. 📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 702 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Басшы өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде:
Тармақша 1
1) басқа ұйымдарда ақы төленетін лауазымда болуға;
Тармақша 2
2) қоғамның мүмкiндiктерiн Қоғамды дамытуға және оның кірістерін арттыруға бағытталған қызметтен басқа өзге де мақсаттарда пайдалануға немесе олардың пайдаланылуына мүмкiндiк беруге;
Тармақша 3
3) қоғаммен бәсекелес ұйымдарды немесе оған еншiлес ұйымдарды немесе тәуелдi қоғамдарды құруға немесе қатысуға;
Тармақша 4
4) қоғамда оның филиалдарында, өкiлдiктерінде, оның еншiлес ұйымдарында немесе тәуелдi қоғамдарда үшiншi тұлғаның iстерi бойынша өкiл болуға; 📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 702 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiнiң заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшiн Қоғам алдында жауаптылықта болады. 📌 Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 702 қаулысымен.
Тармақ 7
7. Басшыға сыйақыны Қоғамның Директорлар Кеңесi белгiлейдi. 📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 702 қаулысымен.
Тармақ 8
8. Қоғамның Директорлар Кеңесi төрағаға қоғам шығынсыз жұмыс iстеген, өндiрiстiк және инвестициялық бағдарламалар орындалған, сондай-ақ осы шартта айтылған мiндеттемелер ойдағыдай орындалған жағдайда қосымша сыйақылар белгiленуi мүмкін. 📌 Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 702 қаулысымен.
Тармақ 9
9. Жыл сайын төрағаға күнтiзбелiк демалыс белгiленедi. Қоғамның Директорлар Кеңесiнiң шешiмiмен Басшыға ақылы қосымша демалыс белгіленуi мүмкін. 📌 Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 702 қаулысымен.
Тармақ 10
10. Қоғам:
Тармақша 1
1) Төрағаның еңбек кiтапшасындағы жазбаларды ол жұмыстан босатылған жағдайда дұрыс ресiмдеуге;
Тармақша 2
2) босатылатын Басшыға босатылған күнi еңбек кiтапшасын беруге және онымен толық есеп айырысуға;
Тармақша 3
3) осы жеке еңбек шарттың күшiндегi кезiнде Басшы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына заңдарда көзделген төлемдермен қатар ____________ мөлшерiнде жәрдемақы төленуге мiндетті. 📌 Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 702 қаулысымен.
Тармақ 11
11. Осы жеке еңбек шарттың қолданылу мерзiмi 1 жыл.
Тармақ 12
12. Басшының Қоғамды басқару жөнiндегi қызметi тиiмдi болған жағдайда, осы жеке еңбек шарт келесi жылға ұзартылуы мүмкiн. 📌 Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 702 қаулысымен.
Тармақ 13
13. Осы жеке еңбек шарт тараптардың өзара келiсiмi бойынша немесе заңдарда көзделген негіздемелер бойынша бұзылуы мүмкiн. Сондай-ақ осы жеке еңбек шартты Қоғам бiржақты тәртiппен бұзуы мүмкiн.
Тармақ 14
14. Басшының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы Қоғамның Директорлар Кеңесi шешiм қабылдаған жағдайда, осы жеке еңбек шарт бiржақты тәртiппен Қоғамның бұзуына жатады. Мұндай шешiмнiң қабылдауына мынадай жағдайлар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) Басшының заңдарды және Қоғамның Жарғысын бұзуы;
Тармақша 2
2) Басшының акционерлердiң жалпы жиналысының және Қоғамның Директорлар Кеңесiнiң шешiмдерiн орындамауы;
Тармақша 3
3) Төрағаның кiнәсiнен Қоғамның қаржы-экономикалық жағдайының нашарлауы;
Тармақша 4
4) осы жеке еңбек шарттың 4-тармағында көрсетiлген міндеттерді, сондай-ақ осы жеке еңбек шарттың басқа да ережелерiн Басшының орындамауы не ойдағыдай орындамауы;
Тармақша 5
5) заңдарда немесе Қоғамның Жарғысында қарастырылған өзге де жағдайлар. 📌 Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 702 қаулысымен.
Тармақ 15
15. осы жеке еңбек шарттың тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Осы жеке еңбек шарттың барлық өзгертулері мен толықтырулары жазбаша түрде ресімделуі және осы жеке еңбек шарттың ажырамас бөлігі болып табылуы тиіс.
Тармақ 16
16. Осы жеке еңбек шарты қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 17
17. Осы жеке еңбек шартпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешілуге жатады.
Тармақ 18. Тараптардың орналасқан жерi және қолдары:
18. Осы жеке еңбек шарты мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды. Жеке еңбек шарттың екі данасының да бірдей заң күші бар. Бір данасы Қоғамда, екінші данасы Басшыда сақталады. 📌 Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 702 қаулысымен. Тараптардың орналасқан жерi және қолдары: Қоғам: Директорлар кеңесiнiң төрағасы            Басшы ______________________________            _________________ ______________________________            _________________ (қолы) М.О.
Басқа 62. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі N 909 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. "Мемлекеттiк иелiгiнен алу және жекешелендiру процесiндегi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 шілдедегі N 606 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 28, 341-құжат).
Тармақ 2
2. "Алаугаз мемлекеттiк холдингтік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 2 қыркүйектегi N 770 қаулысының 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 34, 397-құжат).
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 қыркүйектегi N 1177 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 29, 353-құжат).
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1996 жылғы 19 қаңтардағы N 71 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 6, 26-құжат).