Об оказании единовременной материальной помощи малообеспеченным и остронуждающимся гражданам Күшін жойған
Басқа 0
Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
Бюджет кодексінің 53 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Бір жолғы материалдық көмек (бұдан әрі-көмек) белгіленсін:
аз қамтылған отбасыларға, тұрақты мекен етуге көшіп келген оралмандарға алғашқы жылдары жағдайын түзеу үшін;
тұрғындардың әлеуметтік қорғалуға жататын санатындағы азаматтарға;
аса мұқтаж денсаулық сақтау, білім беру және спорт, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мемлекет мекемелерінің қызметкерлеріне.
Тармақ 2
2. Көмек тағайындау бойынша Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі - уәкілетті орган).
Тармақ 3
3. Көмек табыс мөлшеріне қарамастан азаматтардың өтініші бойынша ауыр материалдық, моральдық зардаптарға соқтырған өмірдің айрықша қиын кезеңдерінде: отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда, облыстан тыс жерлерде емделуге материалдық жағдайы келмесе, отбасына материалдық залал келтірген өрт болған жағдайда және басқа да қайғылы оқиғалар болғанда жылына бір рет беріледі. Ерекше жағдайларда қайта тағайындалады, алайда жылына екі реттен артық болмауы тиіс.
Тармақ 4
4. Көмек тағайындау кезінде отбасы құрамында оның кәмелетке толмаған балалары, көмек алушыдан басқа асыраушының жоқтығы ескеріледі.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган қызметкерлері өтініш берушінің әлеуметтік - тұрмыстық жағдайына, көмек тағайындауға негіз болған деректі оқиғаға тексеру жүргізеді.
Тармақ 6
6. Шешім қабылданғаннан кейін, көмек төлеуге тізім жасақталады және алушының мекен жайы бойынша есеп шотына аударылады.
Тармақ 7
7. Аз қамтылған отбасыларға, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуға жататын қатарларына, аса мұқтаж денсаулық сақтау, білім беру және спорт, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мемлекет мекемелерінің қызметкерлеріне көмек тағайындау және төлеу үшін қала әкімінің, немесе білім беру, мәдениет және әлеуметтік қорғау жөніндегі әкімнің орынбасары атына арыз және қосымшаға сәйкес құжаттар тізімі қажет.
Тармақ 8
8. Уәкілетті органға құжаттар тұпнұсқасы көшірмесімен салыстыруға ұсынылады, салыстырылып болғасын құжаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 9
9. Көмек алушылар тапсырылған құжаттардың, мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілік алады.
Тармақ 10
10. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ: Қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы ____________Айбатырова К.М.
28.05.2007 жыл.
Басқа 11
Қалалық мәслихаттың
2007жылғы «28» мамырдағы
№ 37/324 шешіміне қосымша
Бір жолғы материалдық көмек алуына құжатгар тізбесі
Тармақ 1
1. Тұрақты мекен-жайын анықтайтын түрғындарды тіркеу кітабы.
Тармақ 2
2. Өтініш берушінің жеке куәлігі, отбасы мүшелерінің құжаттары.
Тармақ 3
3. Салық төлеушінің тіркелу куәлігі.
Тармақ 4
4. Алушының және отбасы мүшелерінің материалдық көмек алу мәртебесі бар екендігін дәлелдейтін құжат.
Тармақ 5
5. Зардапты оқиғаны дәлелдейтін құжаттар (анықтама, куәлік, емделуге берілген жолдама және т.б.).
Тармақ 6
6. Әлеуметтік, материалдық ауыр жағдайды куәландыратын басқа да құжаттар.