Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов в населенных пунктах Павлодарского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар ауданының елді мекендерінде үгіт баспасөз материалдары ілінетін орындарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына және облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіт баспасөз материалдары ілінетін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ауылдық округ және ауыл әкімдері, ішкі саясат бөлімі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың үгіт баспасөз материалдарын іліп қою орындарында стендтерді? Тақталарды немесе тумбаларды орнату жөнінде шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Депутаттыққа кандидаттардың үгіт баспасөз материалдарын мемлекеттік меншік объектілерінің ғимараттарына ілуге тыйым салынсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.А. Ораловка жүктелсін. «Келісілді» Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б. Смағұлова 2007 жылғы "2" шілде
Басқа 6. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына және облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіт баспасөз материалдарын орналастыру орындарының тізбесі
Павлодар ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «2» шілдедегі № 238/7 «Павлодар ауданының елді мекендерінде үгіт баспасөз материалдары ілінетін орындарды белгілеу туралы» қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына және облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіт баспасөз материалдарын орналастыру орындарының тізбесі № Сайлау учаскелері, ауыл Орналасқан жері 1 № 357 сайлау учаскесі, Пресное а. Мектеп, фойе 2 № 358 сайлау учаскесі, Қаракөл а. Мектеп, фойе 3 № 359 сайлау учаскесі, Достық а. Мектеп, фойе 4 № 360 сайлау учаскесі, Чернорецк а. Мәдениет үйі, фойе 5 № 372 сайлау учаскесі, Чернорецк а. Мектеп, фойе 6 № 361 сайлау учаскесі, Набережное а. Мектеп, фойе 7 № 362 сайлау учаскесі, Григорьевка а. Мектеп, фойе 8 № 363 сайлау учаскесі, Сычевка а. Клуб, дүкен 9 № 364 сайлау учаскесі, Новочерноярка а. «Галина» дүкеніне кіреберісте 10 № 365 сайлау учаскесі, Черноярка а. ФАП-қа кіре-берісте 11 № 366 сайлау учаскесі, Госплемстанция а. Мектеп, фойе 12 № 367 сайлау учаскесі, Мичурин а. Клуб, фойе 13 № 369 сайлау учаскесі, Жамбыл а. Мектеп, фойе 14 № 370 сайлау учаскесі, Заңғар а. Мектепте кіре-берісте, далада 15 № 371 сайлау учаскесі, Коряковка а. Клубқа кіре-берісте, далада 16 № 372 сайлау учаскесі, Духовницк а. Мектеп, фойе 17 № 373 сайлау учаскесі, Богдановка а. Мектеп, фойе 18 № 374 сайлау учаскесі, Луганск а. Мәдениет үйі, фойе 19 № 375 сайлау учаскесі, Рождественка а. Клубқа кіре-берісте, далада 20 № 376 сайлау учаскесі, Розовка а. Далада, Мәдениет үйіне қарама-қарсы 21 № 377 сайлау учаскесі, Максимовка а. Мектепке кіре-берісте, далада 22 № 379 сайлау учаскесі, Ефреомвка а. Мектеп, фойе 23 № 380 сайлау учаскесі, Красноармейка а. Мектеп, фойе 24 № 381 сайлау учаскесі, Красноармейка а. Агротех колледж, фойе 25 № 357 сайлау учаскесі, Красноармейка а. Теміржол вокзалы, фойеде