Правила содержания собак и кошек в городе Макинске и населенных пунктах Буландынского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұланды ауданының Макинск қаласы мен елді мекендерінде Иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысы бойынша Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бұланды ауданының Макинск қаласы мен елді мекендерінде Иттер мен мысықтарды ұстау ережесі бекітілсін (қосымша берілген).
Тармақ 2
2. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған соң он күнтізбелік күнінің ішінде қолданысқа енгізіледі. Ескертусіз КЕЛІСІЛДІ Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С.Изимов Бұланды ауданы бойынша бас мемветинспекторы Т.Чучеткова Бұланды ауданы бойынша Мемсанэпидқадағалау денартаментті бөлімінің бастығы Д.Мұхаметжанова
Басқа 4
Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы маусымдағы №3С-39/2 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Бұланды ауданының Макинск қаласы мен елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңдарына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Ереже Бұланды ауданының Макинск қаласы мен елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау тәртібін реттейді.
Тармақ 3
3. Осы Ереже меншік нысанына қарамастан иттері мен мысықтары бар барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
Тарау 2. 2. Иттер мен мысықтарды тіркеу тәртібі
2. Иттер мен мысықтарды тіркеу тәртібі
Тармақ 4
4. Тұқымына қарамастан иелерінен ерекше жауапкершілікті талап ететін тұрғындарға, кәсіпорындарға, ұйымдарға тиесілі барлық үй иттері, қызметтік, күзеттік, аңшылық иттер мен, сонымен бірге мысықтар есепке алуға және ветеринарлық инспекторларда тіркеуге жатады. Ит пен мысықтарды тіркеу кезінде олардың иелеріне Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 сәуірде № 2247 тіркелген, «Ауыл шаруашылығының жануарларын идентификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі №164 бұйрығына сәйкес ветеринарлық паспорт беріледі.
Тарау 3. 3. Иттер мен мысықтарды ұстау
3. Иттер мен мысықтарды ұстау
Тармақ 5
5. Азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға тиесілі иттер мен мысықтар үш айлық жасынан бастап тұқымына қарамастан құтырмаға қарсы, ал эпизоотық көрсеткіштері бойынша лептоспирозаға, микроспорийға қарсы міндетті түрде егілуге тиіс, сондай-ақ олар гельмиттерге қарсы зерттелуге немесе оларға алдын ала дегельминтация жасалуға тиіс.
Тармақ 6
6. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар орындалған жағдайда ғана иттер мен мысықтарды үйде ұстауға рұқсат етіледі.
Тармақ 7
7. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер аулануға тиіс.
Тармақ 8
8. Иттер мен мысықтарды ортақ пайдаланатын жерлерде (дәліздер, баспалдақ алаңдары, жертөлелер, шатырлар, лоджиялар, балкондар және басқа да қосалқы бөлмелер) ұстауға жол берілмейді.
Тармақ 9
9. Иттерді аулада ұстаған жағдайда, иелері иттердің бос жүрмеуін қадағалап және көршілердің ауласынан қашықтықта ұстауға міндетті. Аулаға кіретін жерде қақпаға ит бары туралы жазылған тақтайша болуы тиіс. ұстайтын ит пен мысықтың саны шектелмейді, бірақ олар көршілерге қолайсыздық туғызбауға тиіс.
Тармақ 10
10. Иттер мен мысықтардың терісі мен етін пайдалану, сату, өңдеу, жеу мақсатында өсіруге және ұстауға тыйым салынады.
Тармақ 11
11. Бұланды ауданының Макинск қаласында және елді мекендерінде иттер шайқасын ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
Тарау 4. 4. Иелерінен аса жауапкершілікті қажет ететін иттерді ұстау
4. Иелерінен аса жауапкершілікті қажет ететін иттерді ұстау
Тармақ 12
12. Ит иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін ит түқымдарына мыналар жатады: американдық стаффордшир терьері, стаффордшир бультерьері, ротвейлер, акита-ну, аргентиналық дог, питбультерьер, бультерьер, бульмастиф, бразилиялық филдер, боксер, американдық бульдог, ризеншнауцер, ағылшындық мастиф, испандық мастиф, пиринеялық мастиф, тибеттік мастиф, ирландық қасқыралғыш, лобрадор, командор, берндық шопан иті, корольдік (үлкен) пудель, бельгиялық овчарка, доберман, оңтүстік орыс овчаркасы, ортаазиялық овчарка, кавказ овчаркасы, мәскеулік күзет иті, сонымен қатар олардың будандастырылған ұрпақтары мен шоқтығының биіктігі 50 сантиметрден жоғары басқа да ит тұқымдары.
Тармақ 13
13. Ит иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттерді қоғамдық орындарға және азаматтардың басқа да көпшілік демалыс орындарына ертіп келуге тыйым салынады.
Тарау 5. 5. Иттерді серуендету тәртібі
5. Иттерді серуендету тәртібі
Тармақ 14
14. Иттерді серуендету кезінде ит иелері келесі талаптарды орындауға тиіс:
Тармақша 1
1) иттерді тұмылдырықпен және қысқа қарғы баумен шығаруға және серуендетуге рұқсат етіледі. Қоғамдық көлікте иттерді салонның артқы жағында тасымалданады, ауру иттерді тасымалдауға тыйым салынады;
Тармақша 2
2) иттерді тұрғын үйлердің қасында серуендету кезінде сағат 23.00-де 07.00-ге дейін ит иелері тыныштықты қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 15
15. Ит иелеріне:
Тармақша 1
1) құтырмаға қарсы егілмеген және токсоплазмозға зерттелмеген иттерді серуендетуге;
Тармақша 2
2) иттерді балалардың ойын алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі балалар мекемесі мен оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумағында, азаматтардың жаппай демалатын орындарында серуендетуге;
Тармақша 3
3) иттерді жағажағайларда серуендетуге, көпшілік суға түсетін жерлерде, суаттар мен су айдындарында иттерді суға түсіруге және оларды жууға тыйым салынады.
Тармақ 16
16. Қоғамдық орындар мен көліктерде мас адамдарға итпен жүруге және серуендеуге тыйым салынады.
Тарау 6. 6. Ит мен мысық иелерінің құқықтары
6. Ит мен мысық иелерінің құқықтары
Тармақ 17
17. Тіркелген иттер мен мысықтар олардың иелерінің жеке меншігі болып табылды және кез келген жеке меншік сияқты заңмен қорғалады.
Тарау 7. 7. Ит пен мысық иелерінің міндеттері
7. Ит пен мысық иелерінің міндеттері
Тармақ 18
18. Ит пен мысық иелері төмендегі талаптарды:
Тармақша 1
1) иттер мен мысықтарды түрі мен тұқымына байланысты зоотехникалық, зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай ұстап, қоршаған адамдарға қолайсыздық және қауіп туғызбауын қамтамасыз етуге тиіс. Ауланы, подъезді, баспалдақ алаңын, балалар алаңын, тротуарларды, демалыс орындарын ластамауға, ал ластаған жағдайда орнын міндеті түрде жинап алуға (қағаз және полиэтилен пакеттеріне);
Тармақша 2
2) иттер мен мысықтарды биологиялық қажеттеріне сай асырауға, оларға жақсы ниетпен қарауға, қараусыз қалдырмауға, қажет мөлшерде тамақпен қамтамасыз етуге, әрдайым ішетін суы болуға, қатал мінез танытпауға, ауырған кезде уақытында ветеринарлық көмек көрсетуге;
Тармақша 3
3) ветеринарлық паспортқа белгілей отырып міндетті түрде ветеринарлық іс-шаралар өткізуге, карантиндық режимді сақтауға, жұқпалы ауруларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізуге;
Тармақша 4
4) мысық тістеген және ит қапқан барлық жағдайда карантиндық іс-шаралар өткізу үшін жедел түрде медициналық мекемелерге хабарлауға;
Тармақша 5
5) ит пен мысықтар өлген жағдайда ветеринар мамандарға хабарлауға міндетті, өлімтікті лақтыруға, көмуге тыйым салынады, өлімтіктер арнаулы жерлерде тек қана өртеу арқылы жойылады.
Тарау 8. 8. Бақылаусыз жүрген ит пен мысықтарды аулау
8. Бақылаусыз жүрген ит пен мысықтарды аулау
Тармақ 19
19. Қоғамдық жерлерде иесі байлап қойған иттерден басқа, қараусыз жүрген иттер бақылаусыз деп танылады және міндетті түрде ауланады.
Тармақ 20
20. Иесіз ит пен мысықтарды аулауды оның ережелері мен тәртібін белгілей отырып, жергілікті атқарушы органдармен келісім-шарт жасасқан арнайы бригадалар жүзеге асырады.
Тарау 9. 9. Ережелердің сақталуын бақылау
9. Ережелердің сақталуын бақылау
Тармақ 21
21. Бұланды ауданының Макинск қаласы мен ауылдық елді мекендерінде азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілетті келесі мемлекеттік органдар жүзеге асырады: санитарлық эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалау мекемелері, ішкі істер органдары.
Тарау 10. 10. Осы Ережені бұзғаны үшін ит пен мысық иелерінің жауапкершілігі
10. Осы Ережені бұзғаны үшін ит пен мысық иелерінің жауапкершілігі
Тармақ 22
22. Ветеринарлық-санитарлық ережелерді бұзғаны үшін ит пен мысық иелері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 310-бабына сәйкес жауаптылықта болады.
Тармақ 23
23. Осы Ережені бұзғаны үшін ит пен мысық иелері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 311-бабына сәйкес жауаптылықта болады.
Тармақ 24
24. Иелері ит пен мысыққа қатыгездік танытып, нәтижесінде оны өлімге, жарақат алуға әкеп соқса немесе далаға қуып жібергені үшін Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 276-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.
Тармақ 25
25. Материалдық зардап шеккен жағдайда жәбірленушінің шығынды өндіріп алу үшін сотқа шағымдануға құқығы бар.
Тарау 11. 11. Қорытынды ереже
11. Қорытынды ереже
Тармақ 26
26. Тіркелуге тиісті иттер мен мысықтардың иелері осы Ереже бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 10 күнтізбелік күннің ішінде оларды ветеринарлық инспекторларда тіркеуге міндетті.