Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов в депутаты Парламента Республики Казахстан, маслихата области, маслихата Егиндыкольского района Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Парламентіне, облыс мәслихатына, Егіндікөл ауданының мәслихаты депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Парламентіне, облыс мәслихатына, Егіндікөл ауданының мәслихаты депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С. Ысқақоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Егіндікөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының Парламентіне, облыс мәслихатына, Егіндікөл ауданының мәслихаты депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 4 шілдедегі № а-7/168
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Парламентіне, облыс мәслихатына, Егіндікөл ауданының мәслихаты депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№
Елді мекеннің атауы
Орналасқан жері
Орналастыратын объектінің атауы
1
Абай ауылы
орта мектеп және иесіз қалған ауылдық клубтың ғимаратының аумағы
стендтер
2
Алакөл ауылдық округі
Полтава ауылы
«Сарымсақты» жауапкершілігі шектеулі серіктестік кеңсесінің әкімшілік ғимаратының аумағы (келісім бойынша)
стенд
Көркем ауылы
ауылдық клуб ғимараты
қалқан
3
Бауман ауылдық округі
Бауман ауылы
Мәдениет үйінің ғимараты
стенд
4
Буревестник ауылы
ауыл әкімі аппараты әкімшілік ғимаратының аумағы
стенд
5
Егіндікөл ауылы
«Надежда» дүкені ғимаратының аумағы (келісім бойынша), «Все для дома» дүкенінің ғимараты (келісім бойынша), «Саржан» дүкенінің ғимараты (келісім бойынша)
стендтер
6
Жалманқұлақ ауылдық округі
Жалманқұлақ ауылы
орта мектептің аумағы
стенд
Жұлдыз ауылы
орта мектептің аумағы
стенд
7
Қоржынкөл ауылы
ауылдық клуб және «Қоржынкөл А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі экімшілік ғимаратының аумағы (келісім бойынша)
стендтер
8
Спиридоновка ауылы
«Армавирский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әкімшілік ғимаратының аумағы (келісім бойынша)
стенд
9
Ұзынкөл ауылдық округі
Ұзынкөл ауылы
Ауылдағы Мектеп көшесінің аумағы
стенд
Қазақстанның 30 жылдығы ауылы
орта мектептің аумағы
стенд