Об определении мест проведения мирных собраний, митингов и пикетов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бейбіт жиындар, митингтер және пикеттер өткізу орындарын белгілеу туралы Аудан әкімдігінің бейбіт жиындар, митингтер, шерулер, пикеттер және бұқаралық шерулер орындары және қосымша тәртібін кесімдеу бойынша, Қазақстан Республикасының 17 наурыз 1995 жылғы №2126 “Бейбіт жиындар, митингтер, шерулер, пикеттер және бұқаралық шерулер ұйымдастыру және өткізу тәртібі” 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 Заңының 10 бабына сүйеніп, азаматтардың құқығын және бостандығын сақтау, көліктің кедергісіз қызмет етуі, инфраструктура объектілерін, жасыл өсімдіктерді,сәулет түрлерін сақтау мақсатымен, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Ақкөл қаласындағы бейбіт жиындар, митингтер және пикеттер өткізу орны ретінде Кирдищев көшесінде орналасқан ескі сауда орнын тағайындау.
Тармақ 2
2. Аудан елді-мекендеріндегі бейбіт жиындар, митингтер және пикеттер өткізу орны ретінде ауыл сауда орындарын тағайындау.
Тармақ 3
3. Берілген шешім Ақкөл аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Келісілді: Аудан әкімі А.С. Үйсімбаев 25 маусым 2007 жыл Қала әкімі М.Ж. Жұманов 25 маусым 2007 жыл