Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайларды анықтау туралы Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайларды анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар қосымшаға сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. Үй-жай беру шарты барлық кандидаттар үшін бірдей болсын.
Тармақ 3
3. Бұл қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О.Сағандықовқа жүктелсін.